АҚШ президенті Барак Обаманың 8,3 миллион доллары бар. Қазақстан президенті Н.Назарбаев неге әріптесі сияқты байлығын жария етпейді?
Ұялады...
Санайын десе, есебі жоқ
Қазақ қоғамынан сескенеді
Өйткені түк те бай емес
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Былтыр дәл осы уақытта жаңаөзендiк мұнайшылар ереуiлге шығып едi. Мұнайшылардың бар жазығы – жалақысын өсiрудi талап еттi. Жарты жылдан астам уақыт наразылық танытқан жұмысшыларға президент те, билiк те, үкiмет те назар салмады. Есесiне осы бiр шиеленiстi өз пайдасына қарай бұрмалап, арандатуға белсене кiрiскендер де табылды. Жаз маусымында басталған ереуiлдiң желтоқсанның қара суығында қаралы оқиғамен аяқталғаны бәрiмiзге белгiлi. Осы оқиғаларды нақты бейнекөрiнiспен, фотоайғақтармен дәлелдеп беретiн көптеген деректi суреттер жиналды. “Janaozen.net” интернет порталы мен “Жас Алаш” газетiнiң фототiлшiсi Асылхан Әбдiрайымұлының ұйымдастыруымен
Бұл апта да айқыш-ұйқыш саяси оқиғаларға толы болды. Басты үшеуi мыналар: орыстың да, қазақтың да аузында жүрген – Абай. Ресейде тiптi “ОккупайАбай” деген веб-сайт ашылыпты. Мәскеудегi Абай ескерткiшiнiң алдына жиналған оппозиционерлердi де жаппай қамап жатыр дәл бiздегiдей... Дариға Назарбаева ел-жұртты таңдандырып “жемқорларды билiкке жолатпайық” деп салды. Президенттiң тұңғышының мұнысына мысқылдап күлгендер аз болған жоқ... Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Минскiге ат шалдырды, одан кейiн Мәскеу барды. Бұл аптаның ең негiзгi оқиғасы да – осы. Ендеше, Минскi – Мәскеу сапарына талдау жасап көрейiк.
АЙЫПТАЛУШЫ ЖОЛДЫБАЕВ ТЕРГЕУДЕ ӨЗIНЕ ҚЫСЫМ КӨРСЕТIЛГЕНIН МӘЛIМДЕДI
Полицейлер сотында кеше айыпталушылар жауап берiп бiттi. Олардың ешқайсысы өз кiнәсiн мойындаған жоқ. Түстен кейiн сот iс материалдарымен танысуға кiрiстi. Оқиға бейнетүсiрiлiмiн қарау кезiнде жәбiрленушi Алмагүл Көшерова талып қалды. Сәрсенбi күнi өткен сот отырысында айыпталушы полицейлер – Жолдыбаев пен Есбергенов жауап бердi. Айыпталушылар өздерiн қорғаушы адвокаттарының сұрақтарына жауап бердi де, жәбiрленушi жақтың мүддесiн қорғаушы адвокаттың сауалдарына жауап беруден бас тартты. Жәбiрленушiлердiң адвокаты Абзал Құспановтың айтуынша, айыпталушылар бұған толық құқылы. “Бұл құқық Қылмыстық iстер кодексiнде көзделген.
Ақтаудағы “Қаражанбасмұнай” компаниясы кеңсесiнiң қасында тұрған бiр топ жұмысшы өздерiн “Былтырғы мамырдың 17-сi басталған ереуiлдiң жалғастырушыларымыз” дейдi. Олар Назарбаевтың “Мұнайшылар талабы – орынды, оны маған естiртпеген жұмыс берушiлер – кiнәлi” деген сөзiнен кейiн де ештеңе өзгерген жоқ дейдi. – 2011 жылы 8 мамырда “Қаражанбасмұнайдағы” 4 мыңдай жұмысшы наразылық акциясын бастады. Ешкiм назар аудармаған соң, 17 мамырда ереуiлге шықтық. Ереуiлге осы айда 1 жыл толды, – деген олар ереуiлге жұмыс сұрап шықпағандарын, “премьер-министр Мәсiмовтiң қаулысымен бекiтiлген 1,8 коэффициентiн сұрап шыққандарын” айтты. Жұмысшылар “Басшылар талапты орындасын – әйтпесе ереуiл жалғаса бередi” дейдi.
КӘСIПКЕРЛЕРДIҢ ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАР ДА РАСТАДЫ
Соңғы жылдары Оңтүстiк Қазақстан облысында жанар-жағармайдың жетiспеушiлiгiне байланысты айқай-шу тым жиi шығып жүр. Тiптi, жанжалдың жалыны күшейгенi соншалық қайсыбiр жолы наразы топтың облыстық әкiмдiктiң алдына жиналып митинг өткiзуi мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Астанада Қазақстан халқына кезектi жолдауын арнауын бастаған сәтiмен сәйкес келген болатын. Сөйтiп, сол жолы президенттiң жолдауынан гөрi ереуiлдеушiлердiң ашынғаннан барған қадамына оңтүстiктегi елдiң назары көбiрек ауған едi. Атқарушы билiктегiлерге бұл да ащы сабақ бола алмады.
Соңғы кездерi көзi қарақты оқырман экс-депутат Бекболат Тiлеуханнан көз жазып қалды. Осыған байланысты БАҚ-та “Қанайұлы қайдасыз” деген сияқты әртүрлi мақалалар жариялануда. Журналистер шаммен iздеп жүрген Бекболат Тiлеухан табылды. Күнi кеше ол “Аманат” интеллектуалды пiкiрсайыс клубының отырысына келдi. Жай келген жоқ “Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күреспедi ме?” деген өзектi тақырыпта баяндама жасады. Таяуда “Время” газетiне саясаттанушы Данияр Әшiмбаев “Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күрескен жоқ” деп айды аспанға шығарған болатын. Өз сұхбатында ол “Мен “Алаш орда” немесе 20-жылдардағы пантүркистiк көңiл-күйдi айтып отырған жоқпын.
Әлеуметтiк желiлерде “Агент ақындары” деген ұғым қалыптасты. Олар – елдегi интернет тұтынушының 30 пайызы (ресми дерек) қолданатын Mail.ru-дың Agent қосымшасына өлеңдерiн жариялайтын ақындар. “Agent ақындары” туралы пiкiр әртүрлi. Өлеңдi баспадан шығаруды жақтайтын ақындар шығарманы “өңделмеген күйi” ұсынуды “әдебиетке қиянат” десе, кейбiр ақындар “мықты ақын интернетте де мықты” дейдi. – Қазiргi кезең – Agent ақындарының дәуренi. Күн сайын өндiрте жазып жүр. Бiрақ кiтапқа емес, Agent-ке. Көп ақындарды Agent танымал етiп жүргенiн де жасырмаймыз, – деп жазады блогшы Олжас Қасым.
Бiр ақындар бар орайлы ойын орып айтатын, бiр ақындар бар балды бармағын сорып айтатын, бiр ақындар бар қоғамның қас-қабағын барлап, торып айтатын. Ал бiздiң Аян ақынның жоспарлап қойған жолы жоқ, ол өзiнiң алған тақырыбын әшекелейтiн сөз де iздеп жатпайды. Сiз Аян ақынның ақ көңiлiнен түйдектелiп түскен, суретке бергiсiз өлеңге куә боласыз. “Диқан дала төсiнде нұр күрейдi, Ақша бұлттан бал тамып сiркiрейдi”. Қарап тұрсақ, осы шымыр жолдардың ақынның аузынан сұйылып емес, құйылып түскенi бiрден сезiледi. Мен осыдан бiраз жылдар бұрын “Аянның өлеңдерiнен алтынкүректiң лебi еседi” деп жазған едiм. “Алтынкүрек” деген
Елордамыз Астана қаласынан 12 шақырымдай жердегi тұрғынүй алабының (Лесная поляна) және осы тұрғынүй алабына кiретiн ықшамаудандардың аттары: “Сосновка”, “Миндалевый”, “Елушки”, “Сиреневый”, “Ясеневка” және т.т. Неге тұрғынүй алабы сияқты жаңадан пайда болып жатқан елдi мекендерге, шағын аудандарға, көшелерге тәуелсiз елге тән қазақша атаулар берiлмейдi? Жоғарыда айтылғандай, бұл елдiмекен Астанадан 12 шақырым жерде, елорданың жасыл белдеуiнен кейiн орналасқан. “Лесная поляна” деген атауы осыдан туындаса керек. “Лесная поляна” емес, ә дегеннен-ақ неге “Жасыл белдеу” деп атамайды, сонда елдiң жадында бiрден “Жасыл белдеу” деп қалыптасатын едi, солай жатталатын едi.
Менiң жасым 34-те, отбасымда 3 балам бар. Әйел болсам да, шағын бiр елдiмекенде шағын бiр кәсiпорынды басқарып отырмын. Шынымды айтсам, бұл лауазымға мен арнайы дайындықпен, мақсатпен, немесе мансап қуу арқылы келген жоқпын. Жоғары оқу орнын бiтiрген соң екi жылдай уақытша жұмыстар iстедiм де, сонан кейiн бiр кәсiпорынға қатардағы маман болып орналастым. Менiң бiр қасиетiм, жасаған жұмысымды бар ынтамен, ықыласпен атқарамын және маған дейiнгi бiреулердiң жаттанды жолымен жүрмей, өз жолымды жасауға ұмтыламын.
Кеңес одағы кезiнде 2 бұзаулы сиыр, 30 шақты қой-ешкiсi бар азаматтар бақуатты отбасы болып саналатын. Бiр отбасында қанша жұмысқа жарамды жан болса, барлығы жұмысқа тартылатын. Мал қосымша табыс көзi болып есептелетiн. Адам ағзасына керектi кальций, темiр, йод, крахмал және т.б. витаминдерге бай ет, сүт, айран, iрiмшiк, қаймақ, қазы-қарта, қымыз, шұбат әр дастарқанда тұратын. Қазiргi таңда ауыл адамдары, әсiресе, балалар бұл тағамдарды түсiнде ғана көредi. Қымбатшылық қос бүйiрден қысып тұрған заманда, қорасында тышқақ лағы жоқ, тек зейнетақы мен балалардың жәрдемақысымен күн көрiп отырған отбасылардың тыныс-тiршiлiгiн
Сатирик-қаламгер Табыл Құлияс өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ даласындағы аштыққа байланысты Ресейдiң iрi қалалары мұрағаттарынан дерек жинап жүр. Астанадан Орынбор мен Астраханьға бара жатқанында жол бойы Ақтөбеге аялдамай өтпейдi. Табыл ағамыздың кезектi сапарында оның қолына түскен тың деректердi сұрағанбыз. Табыл аға, 2012 жылы қазақ трагедиясының ауыры – 1932-нiң аштығына 80 жыл. Күнi бүгiнге дейiн аштық геноцидi тәуелсiз Қазақстан тарихында объективтi бағасын алмағаны бәрiмiзге белгiлi. Соңғы 20 жылдың iшiнде көп уақытты текке өткiзiп жатқандаймыз.
Ертеректе ел арасында кеңiнен тараған ұлттық ойындар саны 200-ден астам болған көрiнедi. Әйтсе де, ертегiдегi Ерназар шалдың “Тоғыз ұлым бiр төбе, Ер Төстiгiм бiр төбе” дегенi сияқты ұлттық ойындарымыздың iшiнде көкпар тартудың шоқтығы биiк. Көкпар десе делебесi қозбайтын, қаны қызбайтын қазақ кемде-кем. Бiлектiлiк, жүректiлiк һәм ептiлiктi қажет ететiн осынау спорт түрiмен айналысу ердiң ерiнiң ғана қолынан келсе керек. Ал жасы жетпiс төртке келсе де, “жетпiс төртiншi жылғы” жiгiттей ат үстiнде ерге қонып, көкпар тартып жүрген, ел аузында “Түлкiбастың бiр тартары” атанып аңыз болған Зұлпыхар Тайырбеков ақсақалдың әбжiл қимылын көргенде, таң қалмасқа шарамыз қалмады.
Мамыр айының 26-27-сi күндерi Астана қаласындағы “Алатау” спорт кешенiнде жанұялық шағын футболдан “Бiр атаның балалары футбол ойнайды” деген атаумен республикалық жарыс өтедi. Естерiңiзде болса, осындай атауды иеленген жарыс бiраз жылдар дәстүрлi түрде өткiзiлiп тұрды. Тiптi бұл жарыста республиканың әр аймағынан 60-қа жуық команда бақ сынап, нөмiрi бiрiншi спорт түрiнiң көрiгiн қыздыратын. Бұл жарыстың негiзгi мақсаты – әрбiр жанұяда спортты насихаттап, шағын футболдағы команда арқылы бiрлiк, отбасына құрмет және елдiк патриотизмге тәрбиелеу. Өкiнiшке қарай, соңғы 7-8 жылда белгiлi себептерге байланысты бұл жарыс уақытша тоқтап қалған болатын. Сол үрдiс биыл қайта жалғасын тауып, турнирдiң бойына қайта қан жүргелi тұр.
Гватемаланың Антигуа қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейiнгiлер арасында әлем чемпионаты басталды. 18 мамырға дейiн жалғасатын әлем бiрiншiлiгiнде елiмiздiң намысын қыздар арасында 69 келiде Жазира Жаппарқұл мен Карина Горичева (63 келi) қорғайды. Жазира бұған дейiн жасөспiрiмдер арасында олимпиада чемпионы атанған. Ал Карина былтырғы әлем чемпионатының күмiс жүлдесiне қол жеткiзген болатын. 94 келi салмақта Жасұлан Қадырбаев, 105 келiде Ибрагим Барсанов ерлер арасында ел намысы үшiн зiлтемiр көтередi. Жасұлан жастар арасында Азия чемпионы болды, ендi әлемнiң үздiгi атануды көздесе, Ибрагим 2009 жылы жасөспiрiмдер арасында әлемнiң үздiгi атанған-ды. Демек, төрт атлетiмiздiң де әлем чемпионатынан құр қайтпайтынына сенiмiмiз кәмiл.
АҚШ-тың Айова штатындағы бiр орта мектепте он алты жұп егiздер оқиды. Әрине, бұл – мектеп үшiн қуаныш, үлкен мәртебе. USA Todayдың жазуынша, бұл мектеп осы егiздердiң арқасында Гиннестер кiтабына да енiптi. West Des Moines мектебiнiң басшылығы алғашында 9-сыныпқа құжат тапсырған оқушылардың iшiнде фамилиялары да, туған күндерiнiң ай-күнi де, әкесiнiң, анасының аттары да, мекенжайлары да бiр оқушыларды көрiп таңғалады. Артынан бұлардың егiздер екенiн бiледi. Әйтсе де егiздердiң өздерi сыңарларымен бiр мектепте оқитындарына көңiлдерi толмайды. Мәселен, 14 жасар Сэм мен Анна Фрайхэйдждердiң айтуынша, олар бiр мектепте оқығанды ұнатпайды.