1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №36 (16118) 4 мамыр, сәрсенбі 2016
Алматыда қоғамдық талқылау өтедi
Патриот азаматтар 7 мамырда Алматының Республика алаңында “Жерiмiздi қорғаймыз! Тiлiмiздi сақтаймыз!” деген тақырыпта митинг өткiзу жөнiнде қала әкiмдiгiне ескерту хат тапсырған едi. 29 сәуiр күнi баспасөз мәслихатын өткiзiп, соны хабарламақ болған адамдарды үйiнен, жолдан, Ұлттық баспасөз клубы алдынан полицияға ұстатқызып, IIДБ-ға жеткiздi. Ол адамдардың кейбiрiне күш қолданып, денеле­рiне жарақат түсiрiп, киiмдерiн жыртып, көзәйнектерiн сындырған асыра сiлтеушiлiктер орын алды.
“Жер сатылады”, “жалға берiледi” деген хабар шыққалы берi мазасы кеткендердiң қатарында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгiр ауылының халқы да бар. Өздерi “Жирен айғыр” деп атап кеткен жайылымды жылдар бойы иен тегiн жайлап, мал-жанын өсiрiп отырған ағайынға ендi ол жердi “босатыңдар” деген талап қойылған. “Аукционға 1 шiлдеден бастап түседi” деген бос сөз. Шын негiзiнде, сатылатын жер сатылып қойды.
Қайран қазақтарым-ай!
Қаншама ғасырлар бойы
Азап пен мехнаттан,
Зомбылық пен зорлықтан,

Өткенде президент кәдiмгiдей ашуланды. Астананы дамытуға арналған жиында көңiл-қошы болмаған қазақ басшысы қала әкiмiн орнынан тұрғызып қойып сөктi. Таяқтың бiр ұшы шаһарды баяғыда басқарып кеткен И.Тасмағамбетовтiң де басына тидi. Қысқасы, президент жыл соңына дейiн “танауды қытықтаған” Талдыкөлдiң қоңырсық иiсiн жою қажеттiгiн Ә.Жақсыбековке жақсылап тұрып түсiндiрдi. Түсiнбесе, қайда баратынын да ескерттi. Мiне, осы жерде бiзге “Егер Әдекеңнiң әрекетi нәтиже бермеген жағдайда ЭКСПО-ның тұсаукесерiн Талдыкөлдiң жағасында өткiзсек, қалай болар екен?!” деген бiр әдемi ой келiп тұр.

“Еуразия” телеарнасындағы сараптамалық бағдарлама қазақстандық үгiт-насихаттың бет-бейнесiн анық көрсеттi. Телеарнадағы “Аналитика” деп аталатын бағдарламаның жүргiзушiсi жер саудасы мен жердiң жалға берiлуiне қарсы митингiге шыққан халықты ашықтан-ашық сатқындар, шетелдiң жалдамалы жандайшаптары ретiнде атады. Жүргiзушi бетi бүлк етпестен, билiктiң жерге қатысты тағдырлы саясатына наразылық бiлдiргендердi сыртқы күштердiң лақтырған “сүйегiне” алданды деп айыптады.

27 сәуiрдегi митингiге ақтөбелiктер Бердiбек Сапарбаевтың қарасын көре алмаса да, 30 сәуiрде түстен кейiн ол хабарландыру арқылы Достық үйiнде жұртты кездесуге шақырды. Әкiм “Жердi тиiмдi пайдалану керектiгiн”, өзi көп айтатын малды асылдандыру бағдарламаларын тiзiп, соңынан “айқайламай, ашуланбай, мәдениеттi түрде сұрақ берудi” сұрады. 500-ден аса адам келген жиында мынадай пiкiрлер айтылып, сауалдар қойылды.

Соңғы он шақты күннiң iшiнде Жер сатуға және шетелдiктерге жалға беруге қарсылық танытқан халық елiмiздiң бiрнеше қаласында митинг өткiздi. Алғашында Атырау жұрты бейбiт шеруге шыққан. Кейiн мұндай қарсылық акциясы Ақтөбе мен Семейде жалғасты. Күнi кеше Қызылорда халқы дүрлiктi. Алматы жастары да Райымбек батырдың ескерткiшi алдында өз қарсылықтарын бiлдiрдi. Ендiгi кезек кiмдiкi? Тағы қай жерде халық алаңға шығып, билiкке талап қоюы мүмкiн?

Қазақтың жері — бізге ата-бабамыздан қалған мұра. Оны бөтен елге ешқашан түбегейлі сатуға немесе жалға беруге болмайды. Тарихқа үңілейікші… Ресей кезінде Алясканы АҚШ-қа жалға берген болатын, ол жерден Ресей түпкілікті айырылды. Осы оқиғаны дүние жүзі біледі. Сондай-ақ Күрдістан мемлекеті кезінде жерін кепілдікке қойып қарызға ақша алған болатын. Кейін қарызын қайтара алмауы себепті 3 ел

Жақында Астанада өткен брифингте Ерлан Сағадиев Қазақстан мектептерінің алдағы 4 жыл ішінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндағы мақсат – «балаларды неғұрлым ертерек оқыту және жоғары оқу орындарындағы жалпы білім бағдарламасын азайту». 6 жастан партаға отырудың жо­ғары оқу орындарындағы
Білім мен ғылым тұтқасын ұста­ған су жаңа министр Е.Сағадиевке жанымыз аши бастады. Оған тіпті обал-ақ. Үлкен бастығы – прези­дент­тің қай сөзін қалай қабылдарын білмей, сабақ түсінбейтін, «миы ашып кететін» баладай сорлап қала ма деп қорқамыз. Неге дейсіз ғой? Президенттің: «Үш тілді білу – бұл жаһан­данған өмірге жолдама, бұл – адам өмірінің сәттілік қағидасы. Осы жаһанданған әлем­де біздің балаларымыз ғаламшар
Биыл ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы. Соған орай жақында «Қазақстан­дағы 2016 жылғы көтеріліс: жаңа деректер мен зерттеу әдістері, мәселені қайта қорыту» атты дөңгелек үстел өтті.  Кеңестік кезеңде де, одан бергі уақытта да көтеріліс тарихы бойынша көптеген ғылыми зерттеу еңбектер, әдеби шығармалар жарық көрді. Дегенмен көтерілістің шығуына негіз болған мәселелер, отаршыл жүйенің көтерілісшілерге қарсы қолданған репрессиялық шаралары,
Ақтөбе облысы өз тұрғындарын жарма, картоп, сәбіз, қырыққабат, сары май және сүт өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай отыр. Тамақтың 60-70 пайызы – импорт. Сол сияқты құс еті, тауық еті, бал және балық өнімдері Ресейден жеткізіледі. Тіпті астық егетін Әйтеке би ауданында бірде-бір ұн шығаратын диірмен жоқ. Мұның себебі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, оларды ұқсату, өңдеу, артығын сыртқы саудаға шығарудың механизмдері
КӘСІПКЕР ТӨЛЕШОВКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТАҒЫ БІР ШУДЫҢ ШЕТІ ШЫҚТЫ
Оңтүстіктің полициясында тағы дүрбелең. Облыстық ішкі істер департаменті елді аң-таң қалдыратын әдетінен бұл жолы да жаңылған жоқ. Әр жолы әр қырынан танылады, әр жолы ішінде бүгіп жатқан бір құпиясын ашып қояды. Осыдан біраз жыл бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттегі лауазымды қызметкерлердің есірткі саудасына «крышавать» ететіні былай тұрсын, заңсыз сауданың ұшар басында тұрған нағыз бандиттер екендігін әшкерелеп берген болатын.

«Бізде жұмыс істеу дегенді «айлық алу керек» деп түсінетіндер көп. Үндемей жүріп-ақ ұлтыңа қызмет етуге болады... Осы мен «елге еңбек сіңірген, халыққа қызмет еткен» дегенді кейде түсінбей жатам. Жап-жас біреулерді «еңбек сіңірген» деп ерекшелеп айтып жатқанда: «Өзі жап-жас бала қай кезде еңбек сіңіріп таста­ған?!» – деп таңғалатыным да рас». Бұл – Зейнеп апаның әзіл-шынын араластырып айтып отыратыны...

Ілмиген інімізді көшеде машина қағып, қанын бетіне жағып, бес метр жерге лақтырып жіберген ғой. Содан ағам екеуміз қалалық мәйіт­ха­наға келдік. Ініміздің мәйі­тін ала кетейік деп ойлағанбыз. Дәрігер­лер мәйітті жекешелендіріп алған­дай, алақан жаяды. Жүгіріп басты­ғына бардым: – Кешіріңіз, біз қайғы жұтып отыр­мыз.., – дедім мен әрең сөйлеп.
Жұмыста отырғанмын, қалта телефоным безектеп ала жөнелдi. Бейтаныс нөмiрден қоңырау шалған сыныптасым Сәуле екен. “Айып етпесең, бiр апта мерзiм iшiнде тауып бе­ремiн” деп бұйымтайын жеткiздi. Айдың соңында аударылатын еңбекақымнан үнемдеп ақша жинап жүретiн едiм. Сол қаржыдан бердiм. Көп уақыт өтпей-ақ қа­рыз сұрап хабарласқан құр­бым менi сыныптастардың әлеуметтiк желiдегi тобына қосып қойды.
Белгілі кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі Ораз Әбішевтің туғанына 100 жыл толды (1916–2013). Қазақ киносының, әсіресе, деректі киноның дамуына   О.Әбішевтің сіңірген еңбегі зор. Біз бүгін осы айтулы мерейтойға орай Қазақстан Орталық мемлекеттік мұрағатынан (ҚОММ) алынған екі суретті «Жас Алаштың» оқырмандарына ұсынып отырмыз.
ТЫНЫШТЫҒЫМЫЗДЫ КIМ КҮЗЕТЕДI?
Автокөлiк жүргiзушiлердiң қоғамдық одағы ұйымының белсендiлерi мас күйiнде көлiкте ұйықтап жатқан полиция киiмiндегi адам туралы бейнежазбаны жария еттi. Бейнежазба авторлары полиция қызметкерлерi Toyota Camry автокөлiгiнде отырып, тұрғын үй ауласында түнi бойы жезөкшелермен бiрге арақ iшкенiн айтады.
Досымжан, Алматы қаласы.
Сұрақ: Маған Қазақстан аумағынан шығуға шектеу қойылған. Шектеудi алып тас­тау үшiн қайда хабарласуға болады? Жауап: Қазақстан Республикасының “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәрте­бесi туралы” заңға сәйкес, атқарушы құжат бойынша жиырма айлық есептiк көр­сеткiштен көп сомада өтелмеген қарызы бар борышкер
Айдың, күннiң аманында аяқ астынан өзiңiзге еш қатысы жоқ iс бойынша кiнәлi болып шығуыңыз мүмкiн бе? Қазақстан Республикасының Әлiшер Төлебекұлы дейтiн қарапайым азаматы мен оның қорғаушысы, Жаңаөзендегi сотталған мұнайшылардың құқықтарын қорғаған адвокат Гүлнәр Жуаспаева Қазақстанда мұның әбден мүмкiн екенiн айтады. 29 көкекте Алматы облыстық соты “Қорғас” бекетiндегi жаппай тәртiпсiздiктерге қатысты деп айыптал­ған
МИТИНГ ӨТКIЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ?
Елдегi соңғы жағдайларға орай, азаматтарымызға пiкiрлерi мен ұстанымдарын бiлдiру үшiн митингiге, шеруге, наразылық шараларына шыққанда талаптарын қалай заңды түрде қою керектiгiн, жалпы, мұндай шараларда өзiн қалай ұстау қажеттiгiн бiлу аса қажет. Осыған орай, заңгер Төлеген Шайықовтың әлеуметтiк желiдегi кәсiби ақыл-кеңесiн ықшамдап берiп отырмыз.

Биыл алтыншы мәрте өт­кiзiлетiн “Қазақстан барысы” республикалық турнирiне әр облыстан һәм Астана мен Алматы қаласынан қатысатын балуандарды сұрыптау сайыстары өткiзiлiп келедi. Оқырмандарымызды тартыс өткен облыстарда кiмдердiң озып шыққанынан хабардар еткенбiз. Дүйсенбiде Алматы қаласы бойынша iрiктеу турнирi өттi. Алматы қаласының сегiз ауданынан озып шыққан 24 балуан “Алматы барысы” атағы үшiн белдесуге түстi.

БИЫЛ ҚАЛАЙ БОЛАР ЕКЕН?
“Қазақстан барысы” республикалық турнирiне Қызылорда облысының атынан қатысатын бал­уандар да анықталды. Финалға шыққан Еламан Ерғалиев Руслан Әбдiразақовты сүрiндiрiп, “Сыр барысы” атанды. Ерғалиевке 1 миллион 300 мың теңге табыс етiлсе, Русланға 700 мың теңге тидi. Үшiншi орын алған Нұрым Сәлiмгереевке 400 мың теңге сыйақы берiлдi.