1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (15829) 30 шілде, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
30 шілде 2013
Алшынбай Ыбырай: Қазақстандық соттан үмiт күтпеймiн

2010 жылдың 22 желтоқсанынан 23-iне қараған түнi Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық IIД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының аға лейтенанты Әдiлет Алшынбайұлын қарақшылар ұрып өлтiрдi. Дәлiрегiнде, ҰҚК-нiң аға лейтенанттары Р.Бердалиев пен С.Сабалақов, бұрынғы учаскелiк инспектор К.Айтбаев және М.Рахметов, М.Айтуар, И.Гугиев қызмет бабындағы Әдiлет Алшынбайды Маңғыстау облыстық IIД-нiң әкiмшiлiк ғимаратының алдында жабылып соққыға жыққан. Одан кейiн есiнен танған полицейдi әлдебiр құрлыс алаңына апарып тастаған. Сот-медициналық сарапшылар Ә.Алшынбайұлының басынан 6 рет ауыр соққы тигенiн анықтаған. Ол 2011 жылдың 7 қаңтарында есiн жимастан көз жұмды.

Редакцияға Ә.Алшынбайдың әкесi Алшынбай Ыбырай келiп, қылмыстық iстi қараған алғашқы сатыдағы сот күдiктiлердiң бәрiн босатып жiбермекке әрекет
еткенiн айтты.
– Бас прокуратураның арнайы прокуроры Т.Адай “Әдiлет Тұрсынбековтiң басынан Айтбаев абайсызда (!) бiрнеше рет ұрған” дейдi. “Абайсызда бiрнеше рет ұру” мүмкiн бе? Мүмкiн емес! Абайсызда бiр рет ұруға болады. Тiптi екi рет ұрсын. Ал ендi қалай “абайсызда” алты рет бастан ұрады?
Судья Айжарықова “Айтбаев абайсызда бiр рет Тұрсынбековтiң бетiнен ұрғанда ол асфальтке шүйдесiмен құлаған” деп үкiм шығарып бердi. Бұл да жалған. Әдiлеттiң шүйдесiнде жарақат болған жоқ. Жарақаттың бәрi басының алдыңғы жағында.
Әскери судья Сәкенов те “Айтбаев абайсызда Тұрсынбековтi төрт рет ұрған” дейдi. Сәкеновтiң мұнысы – қылмыскерлердi ақтап алу әрекетi.
– Бұл iске қатысты заңсыздықтарды президент Н.Назарбаев қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында бас прокурор А.Дауылбаевқа ескерттi емес пе?
– Президент ескертуiн ескерттi ғой, бiрақ президенттiң сөзiн сөз деп отырған ешкiм жоқ. Судьялар мен тергеушiлердiң бар ойлағаны – қылмыскерлердi қайткен күнде де ақтап алу. Өйткенi бұл қылмысқа ҰҚК-нiң қызметкерлерi араласты. ҰҚК басшылары бойына жұққан дақтан құтылу үшiн бәрiн iстейдi. ҰҚК-нiң абыройын қорғаймын деп Маңғыстау облысының прокуроры С.Бекбосынов пен облыстық IIД бастығы А.Қабылов қызметтiк қылмысқа барып отыр.
– Облыстың құқық қорғау органдары тұтастай қылмыскерлер жағында дегiңiз келе ме?
– Дәл солай! Прокурорлар, полицейлер және соттар қылмыстық топтың тұтқынына айналды. Қазiр сот жүрiп жатыр. Егер Бердалиев, Сабалақов, Айтбаев, Рахметов, Айтуар және Гу­гиев сотталса, олардың “адвокаттары” – облыс прокуроры Бекбосынов, IIД бастығы Қабылов және судья Айжарықова да қылмысты болады.
Мен аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушi болып ұзақ уақыт қызмет еттiм. Тергеудiң барлық сатысынан өттiм. Бұл iстiң қалай жүрiп жатқанын көрiп-бiлiп отырмын. Бұлар менiң ұлымның қанынан ақша жасап отыр.
Қазақстандық соттан үмiт күт­пеймiн. Үмiтiм – халықаралық сотта. Халықаралық сотқа бару үшiн қазақстандық соттың барлық сатысынан өтуге тиiспiн.   
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті