1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15805-06) 7 мамыр, сейсенбі 2013
\"Жас Алаштың\" құқықтық беті. Дайындайтын Дәнеш Ұзақ
7 мамыр 2013
“...Балықтың бiздер қалашын сорып өскенбiз!”

 

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi С.Ахметов мырзаға,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi А. Мамытбеков мырзаға,
Алматы облысының әкiмi А.Мұсаханов мырзаға,
Қазақстан Республикасы Балық шаруашылығы комитетi төрағасының мiндетiн атқарушы Б. Жұмажанов мырзаға,
Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының әкiмi Б.Ысқақ мырзаға
 
Құрметтi мырзалар!
Сiздерге осы хатты жолдаушылар – Алматы облысы, Еңбекшi­қазақ ауданы, Көлдi ауылының тұрғындары.
Бiздер 1976 жылы Арал өңiрiнен бұрынғы Қазақ ССР балық шаруашылығы министрлiгiнiң шақыруымен, сол кездегi Шелек тоған шаруашылығына жұмысшы мамандар жетiспегендiктен, Социалистiк Еңбек Ерi Төлеген Әлiмбетов бас­таған 15 үй көшiп келгенбiз. Шаруашылық алдыңғы қатарлы мекемеге айналды. Бiздер осы жерге орнығып, жергiлiктi жұртпен араласып кеттiк. Қазiргi уақытта 150 жанұя – 800 адам тұрады, орта мектебi, мәдениет үйi, екi сауда орталығы бар ауылға айналдық.
“Шелек тоған шаруашылығы” 1962 жылы 132 гектар көлемде, жылына 20 тонна өнiм шығаратын, Алматы қаласын балықпен қамтамасыз ететiн шаруашылық болып құрылған. 1976-82 жылдары салынған екiншi кезеңде 16 жайылым, 6 шабақ өсiру, 10 қыстату тоғандары құрайды. 35,0 млн. ұрық шығаратын инкубцех iске қосылды. Жалпы көлемi 800 гектарға жеттi. Өсiрiлетiн балықтар дөңмаңдай, карп, ақ амур болатын. 1986 жылы ең жоғары көрсеткiшi 1520 тонна тауарлы балық шығарылды. Сонымен қатар 1976 жылдан бастап Қапшағаай су қоймасынан кәсiби балық аулау басталып, жылына 400-450 тонна ауланып отырды.
1994 жылы “Айдын” АҚ болып құрылғаннан құлдырау басталды, бiрнеше жекеменшiкке, қолдан-қолға сатылды.
Ең соңғысы 2006 жылы құрыл­ған ЖШС “Шелек тоған шаруашылығы” мекемесi – осы кездегi қожасы. Осы шаруашылыққа мемлекеттен 2006-10 жылдары 400-450 млн. теңге инвестиция есе­бiнде қаржы бөлiнген. Бұл шаруашылық жұмысты үдету орнына, жайылым тоғандарды пайдаланбай, оларды шөп басқанша жарамсыз етiп, тоғандарда балық өсiрудi мүлдем тоқтатты. Қазiргi уақытта бекiре (осетр), бақтақ (форель) балықтарын үй орнындай жерлерге өсiрiп отыр. Оларға жемдi және личинкаларды Дания елiнен тасиды. Оған қыруар ақша жұмсалады, 5 жылда көрсетiлген нәтиже жоқ. Жұмысшылар саны 7-8 адамнан аспайды, олардың өздерi де айлап еңбекақы алмайды. Кетiп қалуға басқа жұмыс орны жоқ. Бiздiң ойымызша, халықтың ақшасына салынған дайын тұрған өндiрiс орнын пайдаланбай, жергiлiктi елге жұмыс iстеуiне мүмкiндiк жасамай, жалақысын 6 ай төлемей отырған мекемеден мемлекетке пайда бар ма, оның жекеменшiк болғанының жергiлiктi мемлекеттiк органдарға не керегi бар?
Уақытында жеке министрлiк болған балық шаруашылығына көңiл бөлiнiп, осындай шаруашылықтар мемлекет қарауына өтуiне мүмкiндiк жасалмай ма деген сұрақ бар. Негiзгi күнкөрiс көзi балық шаруашылығы болса, оның жағдайы жоғарыда айтылғандай. Мал бағып, егiн егуге жерiмiз жоқ. Бұлай бола берсе, келешегi жоқ ауылға айналамыз ба деген қауiп те жоқ емес.
Осы шаруашылық жөнiнде 2005 және 2009 жылдары үкiмет атына, жергiлiктi билiкке хат жолдағанбыз. 2005 жылы Астанадан келген комиссия аздаған жұмыс iстедi, ал 2010 жылы ауданнан келген уәкiл: “Бұл – жекеменшiк, оған ештеңе iстей алмаймыз” – дегенмен тоқталды. Бiз жаңа технологияға қарсы емеспiз, бiрақ соның мемлекет пен халыққа қайыры болуға тиiстi емес пе? Сондықтан осы жағдайды жан-жақты саралап, халықпен көзбе-көз сөй­лесетiн, ақ-қарасын анықтайтын бейтарап комиссия келсе және осы мекеменi өкiмет қарамағына қайтарып алу мәселесiн де қарастырса екен деймiз.
Димекеңнiң шақыруымен көшкенбiз
Арманымызды арқалай келдiк көшпен бiз.
Қыр ұрпақтары құйрығын сорса қозының
Балықтың бiздер қалашын сорып өскенбiз.
 (Бiр кездерi Алматы қаласын балықпен қамтамасыз еткен шар­уашылықтың қалай қолдан-қолға өтiп кеткенiн газетiмiздiң алдағы нөмiрлерiнiң бiрiнен оқисыз.)
 
Құрметпен ауыл ақсақалдары және тұрғындары атынан:
А.Айтжанов,
Ұ.Мырзағұлов,
Ө.Құттыбаев,
А.Жұмабаев,
К.Жiлекеев,
С.Алмағамбетов,
Қ.Рахметуллаев,
А.Жұмахметов,
А.Саменов,
С.Ахметов,
Ж.Әлiмбетов,
Ө.Бұрханов.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті