1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Не үшін?
Қаланы қоқысқа толтырғаны үшін
Анекдот болсын деп...
Метро салғаны үшін
...Құдай болсам дейді
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15482) 26 наурыз, жұма 2010

Демократиялық, оппозициялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдары, зиялы қауым өкiлдерi «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы атынан Қазақстанның Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен Кедендiк одақ құру туралы жасаған бiржақты шешiмiне наразылық бiлдiрiп, мәлiмдеме жасады. Қазақстанның бұл ұйымға кiруi мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiне қауiп төндiре­тiнiн ашық айтты. Кедендiк одақ жайында келiсiмдер­дiң күшiн жою­ды үзiлдi-кесiлдi талап еттi. Мәлiмдемеге республикаға танымал адамдар қол қойған.    

ЗАЛАЛЫН АЛАКӨЛДЕГШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ШЕГУДЕ

Алматы облысы, Алакөл ауданының бiр топ шаруа қожалығының жетекшiлерi редакциямызға шағым айтып келдi. «Бiрiншiден, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС жерiмiздi бүлдiрдi. Дәл қазiр 303 гектар жер игерiлмей тұр. Оның iшiнде, 241 гектар – егiстiк, 56 гектар – шабындық жер. Екiншiден, бiрнеше жылдан берi келiсiм-шартта көрсетiлген өтемақы төленбей жатыр. Сол кездегi бағамен есептегенде, қытай жағы шаруа қожалықтарына шамамен 80 миллион теңге қарыз», – дейдi олар.

Наурыз мерекесiнiң алдында «Республика» ақпараттық-сараптамалық порталына бiреу хат жазып, дабыл қағыпты. Аты-жөнiн айтпаған автор былай дейдi: «Көрген-бiлгенiмдi сiздерге жеткiзудi парыз санаймын. Алдағы 3-4 айдың iшiнде президент әкiмшiлiгi оппозицияны саяси алаңнан тықсырып, президент Назарбаевтың мерейтойы қарсаңында елде «құлаққа ұрған танадай» тыныштық болуын қамтамасыз ету туралы нұсқау бердi.

ӘБЛЯЗОВТI КIМ СОТТАЙДЫ: РЕСЕЙ МЕ, ӘЛДЕ ҚАЗАҚСТАН БА?

Ресейде «ТұранӘлемБанктiң» бұрынғы басқарма төрағасы Мұхтар Әблязовтiң үстiнен қылмыстық iс қозғалды. Бұл туралы «Коммерсантъ» газетi хабарлады. Мәскеу қаласының Тверь аудандық соты «Евразия логистик» компаниясының басшыларын тұтқындапты. Сот оларды қазақтың «ТұранӘлемБанкi» бөлген 2 миллиард долларға жуық қаржыны жымқырды деп айыптады. Бөлiнген қаржы Ресейдегi түрлi жобаларға жұмсалуы керек болатын.

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегi танымал әрi тәжiрибелi саяси қайраткерлердiң бiрi. Оны елшiлiктегi қатардағы референттен сыртқы iстер министрi деңгейiне дейiн көтерiлген санаулы дипломаттардың қатарына да жатқызуға болады. Дау-дамайдан, атышулы қоғамдық-саяси тартыстардан Қ.Тоқаев алыс жүргендi ұнатады. Бәзбiреулер сияқты ол премьер-министр кезiнде елдегi олигарх­тық-отбасылық топтардың мүддесiн қорғаштап, аузын күйдiрiп алған. Содан кейiнгi сәтте Тоқаев бiр ғана адамның сөзiн сөйлеп, қамын күйттеуге көштi.

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ ОҢТҮСТIКТЕ ОСЫЛАЙ «НАСИХАТТАЛЫП» ЖАТЫР

2007 жылдың 1 наурызы күнi мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезектi жолдауын арнады. Дәл сол күннiң ертеңiне энергетика саласын билеп-төстеген монополистер тарифтi көтерiп жiбердi. Шымкенттiк тұрғындар шу көтердi. Мұны “Нұр Отан” партиясының жергiлiктi филиалындағылардың өзi “тихий саботаж” деп бағалады. Жолдау биыл 29 қаңтарда халыққа жария етiлдi. Арада екi күн өтпей жатып жарықтың бағасы тағы қымбаттап шыға келдi. Ел де шу еттi. Жолдауға қолдау танытудың сиқы осындай.

АЛ ҰЛТТЫҚ ҚОР ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАДАН НЕ ҰТПАҚ?

Жақында үкiмет Ұлттық қор қаржысын толтыру мен жұмсаудың жаңа тұжырымдамасын мақұлдады. Тұжырымдамаға енгiзiлген басты өзгерiс – бұдан былай Ұлттық қордан республикалық бюджетке бағытталатын кепiлдендiрiлген трансферт 8 миллиард доллар болып белгiлендi. Үкiметте Ұлттық қор тұжырымдамасын таныстырған Экономикалық даму және сауда министрi Жанар Айтжанованың айтуына қарағанда, Ұлттық қордың мақсаты

Жүрсiн Ерман мырза айтыскер ақындарды сахнаға шақырды. Аттары аталған сайын әр сайыпқыран сахнаға шығып, басын иiп, елге құрмет көрсетiп жатты. Бәрi дәл бұрынғыдай. Бәрi де сiз бен бiзге белгiлi қалып. Бiрақ, бәрiбiр бұл айтыстың жөнi де бөлек, жолы да бөлек болды. Сонымен, наурыздың 21-22-жұлдызында әл-Фараби атындағы студенттер сарайында додаға жиналған жиырма ақынға Тұрсынбек Кәкiшев, Асанәлi Әшiмов, Сәкен Иманасов, Софы Сматаев, Сейiт Қасқабасов, Ғалым Жайлыбай, Жанарбек Әшiмжан қазылық еттi.

НЕМЕСЕ БҮГIНГI ҰЛ-ҚЫЗДЫҢ ТӘРБИЕСI ХАҚЫНДА

Қазiргi кезде өсiп келе жатқан өскелең ұрпақтың тәрбиесi, кейде көзге бадырайып көрiнiп тұратын оғаш қылықтары көңiлiмдi алаңдатып, ойым­ды онға, санамды санға бөле беретiн болды. Күнi кеше ғана оң босағада отырып бала тапқан қызды естiсек, үйленiп алып, әйелi мен баласын асырай алмай, жауапкершiлiктен қашқан жiгiттi, арақ iшiп, темекi тарт­қан ұл мен қызды көрсек, жағамызды ұстап, бетiмiздi шымшушы едiк. Жезөкшелiк, баукеспе ұры, қанiшер­лiк, қаныпезер­лiк те тек қана шетелде, бiзден ауылы алыс сияқты көрiне­тiн.

Бiздiң ауылда соғыс ардагерi Мұса Досжанов деген қария бар. Ол кiсi биыл 96 жасқа келдi. Мұса ақсақал 1916 жылы қаңтардың қытымыр қысында қазiргi Нұржау округiнде дүниеге келiптi. Әкеден ерте жетiм қалып, балалықтың базарын да аралай алмапты. Өзiнен кейiнгi бауырларын асырап-тәрбиелеу анасы екеуiнiң мойнына жүктелiп, ерте есейедi. 1931-33 жылдардағы ашаршылыққа душар болып, жөндi оқи да алмайды. Бiрақ, алғыр да өжет, ұғымпаз да зерек Мұса

Мына бiр әңгiменi қайдан естiгенiм есiмде жоқ, бiрақ мағынасы салмақты болған соң ба, жадымда жатталып қалыпты.
«Әлдебiр өзбек жiгiтi Ресейде тұрып, аяқ киiм жөндеумен айналысады екен. Ол ылғи өзiмен бiрге кiшкентай радиоқабылдағышын ұстап жүрiп, тек өзбекше әндер тыңдапты. Мұны байқаған жергiлiктi билiк өкiлдерi ескерту жасайды. Өзбек жiгiтi сонда да туған тiлiнде ән тың­дау­ды тоқтатпайды, жер­гiлiктi тұрғындар оны ұлтшыл деп, күш қолданады, радиоқабылдағышын сындырады.

«Титаник» тәрiздi алып кемелер апат­қа ұшырағанда, оның штурвалын ұстап отырғандардың бәрi кемедегi халықпен қоса мұхитқа батып кетпеушi ме едi? Құдай батқызбай-ақ қойсын, бiрақ, Кеңес одағы келмеске кеткелi берi көптеген бұрынғы партократтар сол орынтақтарында әлi күнге дейiн отыр. Әрине, «тыш­қанның да сауыры бар» демекшi, партократтардың iшiнде халық қамын ойлаған тәуiрi жоқ деп айта алмаймыз. Олай дейтiн болсақ, азуын айға бiлеген Хрущевтан қазақтың бес облысын қорғап қалған Ж.Тәшеновтiң

2009 жылдың 15 сәуiрi күнi ұлым Алматы қалалық Iшкi iстер бөлiмiнде аға лейтенант шенiмен еңбек ететiн Рүстем Жиренбаев өзiнiң мемлекеттiк №А 849 ZFN «Гольф-2» маркалы автокөлiгiмен туған ауылына (Мақтаарал ауданы) жол тартады. Ол жолшыбай Шымкент қаласындағы танысының үйiнде демалады да, ертеңiне сапарын жалғастырады. Өкiнiшке қарай, ұлым күндiзгi сағат 13.00-дiң шамасында, Сарыағаш ауданының Абай кентiнен бiраз өткен соң жол көлiк апатына тап болып, ауруханада көз жұмады.

Осы жылдың 12 қаңтары күнi Ақтаудағы Абай атындағы мәдениет кешенiндегi бiр концертке бардым. Өнерпаздардан «МұзАрт», «Каспий» топтары және Бекжан Тұрыс, Әйгерiм Қалаубаева, Тамара Асар, Фарида Жолдасова, Марат Көккөзовтер келiптi. Концерт уақытында, сағат 19.00-де бастал­ғанымен, жайбасар қазағымыз кешiгiп келiп, бiр сағат бойына отырып-тұрып берекемiз кеттi. Әртiстер де соны байқады ма, концерт ойдағыдай болмады. Фарида Жолдасова бiр тартымсыздау қазақша және ағылшынша ән айтты

Наурыздың 20-21-i күндерi Алматыда грек-рим күресiнен КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi, әлем және Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегерi, елiмiздiң даңқты палуаны Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесiне арналған республикалық турнир өттi. Елiмiздiң жас палуандарының арасында өткен турнирге Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген 200-ге тарта жас жеткiншек екi күн бойы боз кiлемде өз өнерлерiн ортаға салды.

Өткен аптада футболдан Қазақстан премьер-лигасының он тоғызыншы маусымы жала­уын көтердi. Былтыр қоңыр күзден берi демалыс алып, жаңа маусымға жаңаша дайындық жүргiзген елiмiздiң он екi командасы алты ай бойы жүзден жүйрiк шыққан ұжымды анықтайды.  Алғашқы турдың ойындарында айтарлықтай өз­герiс болған жоқ. Қаржы дағдарысына байланысты жоғарғы топтан қол үзiп қалған Алматының “Қайраты” премьер-лига ойындарына қайта оралды.

Қазақстанның жас палуандары Болгарияның астанасы София қаласында өткен халықаралық турнирден олжалы қайтты. Әлемнiң жиырмаға жуық елiнiң палуандары бас қосқан додада бiздiң палуандар күрестiң екi түрiнен 4 алтын, 4 күмiс, 4 қола медаль жеңiп алды.
Наурыздың 20-21-i күндерi “Петко Сираков-Иван Илиев” жүлдесi үшiн өткен халықаралық жарысқа 18-20 жас аралығындағы жас пал­уандар қатысты.

Футболдан Чемпиондар лигасына қатысып жатқан командалар келесi аптада ширек финалдың алғашқы ойындарын өткiзедi. Өткен аптада доданың 1/8 финалының қарымта кездесуiн өткiзген еуропалық командалардың жеребе тарту рәсiмi Швейцарияның Ньеон қаласында өттi.