1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15478) 12 наурыз, жұма 2010
2 наурыз 2010

2013 жылы жалпыға бiрдей табысты жариялау жүйесi ендiрiлмек. Осылайша ендi үш жылдан соң бүкiл қазақстандықтар табысын жария етуге мiндеттеледi. Үкiмет жетекшiсi Кәрiм Мәсiмов те, Салық комитетiнiң басшысы Дәулет Ерғожин де бұл жүйе тиiмдi әрi нәтижелi болатынына нық сенiмдi. К.Мәсiмовтiң айтуына қарағанда, шетелдерде салықтың 60 пайызы жеке тұлғалардан жиналатын көрiнедi. Ал Қазақстандағы бұл көрсеткiш небәрi он пайыз ғана. Сондай-ақ Мәсiмовке сенсек,

25 ақпан 2010

«АЗАТ» ЖСДП КЕДЕНДIК ОДАҚҚА КIРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БИЛIКТЕН ОСЫНЫ ТАЛАП ЕТТI

Кедендiк одақтың құрылғанына небәрi екi‑ақ ай өтсе де, оның терiс нәтижесiне көз жеткiздiк. Үштiк одақтың ауыр салдарын ең алдымен қарапайым халық сезiндi. Тауар бағалары мен коммуналдық тарифтер­дiң күрт көтерiлуi онсыз да қалтасы жұқа халыққа ауыр соққы болып тидi. Осыған орай «Азат» ЖСДП жетекшiлерi арнайы баспасөз мәслихатын өткiзiп, Қазақстанның кедендiк одаққа кiруiне байланысты шұғыл мемлекеттiк шаралар қабылдау қажеттiгiн мәлiмдедi.

11 ақпан 2010

Былтырғы жылы “Жеке кәсiпкерлiк туралы” заңға бiрқатар өзгерiс енгiзiлгенi белгiлi. Бұл өзгерiстер орта және шағын бизнеске жоспарлы тексерудi қысқартып, жоспарсыз тексерулердi ретке келтiруi тиiс едi. Мiне, осы өзгерiстерге сәйкес, ақпаннан бастап кәсiпкерлердi жоспарлы тексерудiң тәртiбi өзгердi. Ендi орта және шағын бизнес тәуекелдi басқару жүйесi бойынша тексерiлмек. Тәуекелдi басқару жүйесi деген не сонда? Бұл

2 ақпан 2010

САУДА ТӨМЕНДЕДI, ИНФЛЯЦИЯ ЖЕДЕЛ ӨСТI, АЛ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СОЛ ҚАЛПЫНДА

Ұлттық банктiң ақпанда жариялаған Қазақстан экономикасына ақпараттық-талдамалы шолуына көз жүгiртсек, сыртқы сауда айналымы қайта құлдырағанын байқаймыз. Айталық, 2009 жылғы қаңтар-қарашадағы сыртқы сауда айналымы 63 миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде импорттың үлесi – 25,4, ал экспорттiкi – 37,6 миллиард доллар. Жалпы алғанда, қарашада сыртқы сауда айналымы 15,1 пайызға төмендеген.

2 ақпан 2010

Соңғы уақытта Қазақстанда коммуналдық төлемдердiң бағасы өсiп келедi. Әр аймақта әртүрлi көлемде. Мәселен, 1 қаңтардан бастап электр қуаты Солтүстiк Қазақстан облысында 9 пайызға қымбаттаса, Шығыс Қазақстан облысында 25 пайызға өстi.ҚР Табиғи монополияларды ретте агенттiгiнiң деректерiне сүйенсек, республиканың әр аймағында коммуналдық төлемдердiң бағасы әртүрлi. Мәселен, дәл қазiр 1 текше мерт ыстық су Ақтөбеде 99 теңге 35 тиын тұрады.

2 ақпан 2010

Биылдан бастап бiз Кеден одағына мүше болып кiрдiк. Әрiптестерiмiз – Ресей мен Беларусь. Минскiде бас қосқан үш ел президенттерi арнайы келiсiмге қол қойып, 2010 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап одақтың iшкi шекараларындағы бекеттерде баж салығы алынып тасталды. Керiсiнше, сыртқы шекараларға бақылау күшейтiледi. Келiсiм бойынша, 2011 жылғы шiлденiң 1-iне дейiн барлық құжаттар түгел рәсiмделетiн болды.

28 қаңтар 2010

МЕМЛЕКЕТТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСА МА?

1998 жылы зейнетақы жүйесi ендiрiлер тұста оған қарсы шыққандардың қарасы көп болған-ды. Бiрақ үкiметтiң “зейнетақы активтерi есебiнен зауыт, фабрикалар, өндiрiс орындары салынады, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады” деген жал­ғыз уәжi жұрттың күдiк-күмәнiн сейiлттi. Өйткенi өндiрiс салынса, өнiм өндiрiледi, жұмыс орындары ашылады, ең бастысы, зейнетақы қорларының қаржысы тиiмдi жұмсалып қана қоймай, қорларға табыс әкеледi делiнген-дi. Сөйткен қорлар қаржысы инфрақұрылымдық жобаларға бағытталса қане?

28 қаңтар 2010

РЕСМИ СТАТИСТИКА БОЙЫНША, 1,1 ПАЙЫЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСIМГЕ ҚОЛ ЖЕТКIЗДIК

Бiздiң үкiмет көп қателеседi. Бiр ғана мысал – 2009 жылғы ЖIӨ-нiң көрсеткiшi 0,1 пайыз болуы керек деп меже белгiлеген едi. Үкiмет “байқамай” ол межеден де асып түсiптi. Ендi мiне, ресми статистикалық мәлiметтерге сенсек, президент күткендей, елiмiздiң ЖIӨ-сi 1,1 пайызға өсiптi. Және қараша мен желтоқсан айларындағы көрсеткiштер экономикамыздың рецессиядан бiртiндеп шыға бастағанын байқатады-мыс. 2009 жылдың бiрiншi және екiншi тоқсанында көрсет­кiштерiмiз “минуста” болды, үшiншi тоқсанда нөлдi көрсеттi.

26 қаңтар 2010

“Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры “БТА Банкiн” Сбербанкке сату жөнiндегi келiссөз­дердi биылғы жылдың II тоқсанында бастамақ. “Көп нәрсе кредиторлардың келiсiмiне байланысты... Бiз Сбербанктен кез келген ұсынысты күтемiз”, – дейдi “Самұрық-Қазына” қорының төрағасы Қайрат Келiмбетов. Оның айтуынша, “Самұрық-Қазына” Сбербанкке “БТА Банктiң” 85 пайыз акциясын сатуға дайын.

14 қаңтар 2010

КЕДЕН ОДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСЫБАЙЛЫ ЕТУI ЫҚТИМАЛ

Кеден одағы шыр етiп дүниеге келгенiне небәрi он шақты күн болғанда үлкен дау-дамай туды. Ресей мен Беларусь арасында кезектi “мұнай соғысы” бұрқ еттi. Мұндай жанжал Қазақстан мен Ресей арасында да тууы ықтимал. Беларусь Кеден одағынан шығуға бет алған тәрiздi. Сарапшылардың пiкiрiнше, кеден одағының шеңберiнде Қазақстан Ресейге басыбайлы тәуелдi болуы ғажап емес.

14 қаңтар 2010

Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы қарызы күрт өстi. Егер 2005 жылы сыртқы қарыздың көлемi 43 миллиард доллар болса, 2009 жылдың қазанында ол 111 миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде мемлекет кепiлдiк бермеген жеке сектордың қарызы – 108,5 миллиард доллар. Ал мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш – 2,7 миллиард доллар. Қазiр сыртқы қарыз жалпы iшкi өнiмнiң 100,8 пайызынан асты. Cыртқы қарызды айқындайтын бiрден-бiр көрсеткiш – оның тауар және факторлық емес қызмет экспортына қатысы.

12 қаңтар 2010

Банк деген танк сияқты. Өзiнiң қатып қалған тәртiбi, ережесi бар, ешкiмдi тыңдамайды да, көз-жасыңа да қарамайды, таптап өтiп кетедi. Қағазына қол қойып, несие алдың ба, бiттi, қыр соңыңнан қалмайды. Бiрақ «осы жұрт несиенiң несiне қызығады?» деп ешкiмдi жазғыра алмайсың. Қайта қазiр екпiнi басылып қалды ғой, әйтпесе осыдан бiр-екi жыл бұрын аттап басқан сайын алдыңыздан «он бес минөтте несиенiң құжаттарын әзiрлеп, қалаған затыңызды арқалап апарып беремiз» деген жарнамалар жарқ-жұрқ ете қалатын. Ал осыдан кейiн несие алмай көрiңiз?!

7 қаңтар 2010

Биылғы жылы елiмiзде индустриалды-инновациялық дамудың үдетiлген бесжылдығы бастау алмақ. Билiк «бұл – ел экономикасының алдағы бесжылдық дамуын белгiлейтiн теңдессiз бағдарлама» десе, экономистер мен кәсiпкерлер бұл бағдарлама да бұрынғылардың кебiн киiп, iске аспайды деп есептейдi.Расында да, аты басқа демесеңiз, бұл бағдарламаның алдыңғылардан өзгешелiгi шамалы. Әсiресе,

5 қаңтар 2010

Бұған дейiн елiмiзде iшкi жалпы өнiмнiң еселеп өсiп, экономиканың қа­рыш­тап дамып бара жатқаны, әлеуметтiк-тұрмыстық игiлiктер, “қазақстандық кереметтер” туралы жиi айтылып келдi. Әйтсе де, дағдарыс мұндай саяси эйфория мен әлеуметтiк романтизмнен арылып, әлеуметтiк-экономикалық ахуалға басқаша қарауға мәжбүрлеп отыр. Тәуелсiздiк алғанға дейiнгi 1990 жыл мен 2006 жылғы статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан әлеуметтiк-экономикалық жағдайды сипаттайтын 30-ға тарта көрсеткiштiң тек екеуiнде ғана өскен.

5 қаңтар 2010

Биылғы жыл қызықты, тосын оқиғаларға толы болмақ. Менiңше, саяси жүйеде бiрталай өзгерiс болады. Экономика шатқаяқтап, аман қалар, әйтеуiр. Менiңше, күрт төмендеу байқалмайды. Десек те, 2010 жыл әрi қызықты, әрi күрделi болады.
Бiрақ девальвация тiкелей болмаса да, инфляция есебiнен жасырын түрде өтуi мүмкiн.  Жалпы, I тоқсанның көрсет­кiш­терiне қарап-ақ, Ресей, Қазақстан, Беларусь елдерi экономикасының бейiмдiлiгiн айқын аңғарамыз. Рас, ұқсастықтар, ортақ тұстарымыз бар. Дегенмен

беттер:1 / 2 / 3 / 4»