1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16240)   6 шілде, бейсенбі 2017
6 шілде 2017
Дүниежүзілік банктің Қазақстанға қатысты бағасы

Ұлттық экономика министрлігінде Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша жүргізетін «ел диагностикасы» жайында талқы өтті. Жиынды жүргізген Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы бас экономисі Кристос Костопулостың бізге қызық көрінген (Кристос Астана экономикалық форумында осы тақырыпқа баяндама жасаған, бірақ оның толық мәтіні әзірше жарияланған жоқ) тұжырымдарына құлақ түрейік.
– Елімізде табысы орташа таптың үлесі 2014 жылға дейін өсіп, халықтың 30 пайызын құрады (осал топтар – 60%, қалған 10% – кедейлер). Дегенмен бұл үрдіс 2015 жылы кері кетіп, табысы орташа таптың үлесі – 20%, осал топ – 60%, кедейлер үлесі 20%-ға ауысты.
– 2003-2016 жылдар арасында ауыл шаруашылығындағы жұмыс орындары қысқарып, мемлекеттік қызметте және сауда-саттық саласында жұмыс орны артқан.
– 2006-2016 жылдары мемлекеттік саясат тұрғысынан қарағанда, инфрақұрылым мен жоғары білім саласында даму үрдісі байқалды. Сондай-ақ институционалдық өзгерістердің болмауы және макроэкономикалық саясат пен қаржы нарығын дамытудағы регресс (кері кету) анық көрінеді.
– 2008 жылдан кейін бюджеттің мұнайға жатпайтын тапшылығы өсті, осыған орай, Ұлттық қордағы жинақ тәуекелге тап болды. Осының әсерінен 2020 жылға қарай мемлекеттің таза қаржылай активтері (Ұлттық қордағы жинақ «-» үкіметтің қарызы) «нөлге» теңеседі.
– Банктер несиелеуді жеткіліксіз жүргізіп, мұнайға қатысы жоқ тікелей шетелдік инвестициялар төмендегеннен кейін, үкімет орын алған «кемістікті» квазибюджеттік іс-шаралардың көмегімен жабуға мәжбүр болды.
Квазимемлекеттік нысандар бүкіл экономика салаларында бар деген мәлімдеме ерекше назар аудартады. Ішкі жалпы өнімде квазимемлекеттік нысандардың үстемдігі білінбесе де, олардың барлық салаларда мемлекеттік саясат арқылы ықпал ету мүмкіншіліктері зор. Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау индексі бойынша, Қазақстан тіпті Венесуэла (!), Қытай, Ресей сияқты елдерді басып озған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының орташа индексімен айырмашылық екі есеге шамалас.
– Бәсекенің дамуына іс жүзінде тосқауыл қойып отырған индустриалды саясат айрықша аталады. 1997 жылдан бастап құрал ретінде жиілілік бойынша тарифтер, жеңілдетілген несиелер, шұғыл субсидиялар ерекше көп пайдаланылған, ал ең аз қолданылғаны – тарифтік емес тосқауылдар.
– Жұмыспен қамту сапасын жақсартуға ауылдық жерлердегі өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтардың жеткіліксіз білім деңгейі бөгет болады – олардың тек 63 пайызында жалпы білімі бар.
Ұлттық экономика министрлігінде, оппонент болғасын, әдістемелік сипаттағы әділ сауал туындады, өйткені жасалған қорытындылар орнықты есеппен сөзсіз бекітілуі керек. Бұдан өзге, қазіргі таңда инвестициялық, 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы, экспорттық, инвестициялық жоспарлар, Delivery Office және басқа бағыттар бойынша талай жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Талап» орталығы үкіметтік емес ұйым ретінде, кері байланыс тұрғысында өзінің ой-пікірін білдірді: реформалар мен модернизация үшін – шынайы ынта, мотивация қажет. Ол кәсіпкерлерге де, саясаттағыларға да, қатардағы мемлекеттік қызметкерлерге де, сондай-ақ қарапайым азаматтарға да қатысты.
Біздің мұнайды игеруге мықтап ден қойған, тіпті соған маталып байланған экономикамызда мұндай ықылас-ынта сезілмейді. Сондықтан соңғы онжылдықтарда «қара алтынның» экономиканың бүкіл саласында тудырған нарық бұрмалауларын реттеу керек.
1). Әзірше іскери әлем болар-болмас тәуекелдің әрі көзге көрінбес төмен бәсекенің (мемлекеттік сатып алуларға қатысу, субсидия алу, шығындарды мемлекеттік несиелер арқылы жабу түрінде) жетегінде жүрген кезде – модернизациялануға, өнімділік пен сапаны арттыруға, экспортқа шығуға ешқандай ынтасы болмайды. Сондықтан осы жерде кәдімгі қарапайым қадамдар ұсыну дұрыс болады – мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардың, импортты алмастыруға арналған түрлі бағдарламалардың, субсидиялау және нарықтық бәсекенің басқасына қолдан тежеу жасайтын тартымдылықтарды жою. Мұның бәрі, айналып келгенде, мемлекеттік шығындар мен квазимемлекеттік сектор маңындағы жалғыз үлкен мәселеге келіп тіреледі.
2). Әзірше мемлекеттік қызметте қабылданған шешімдерге сай еңбекті бағалау жүйесі болмайынша, қызмет көрсету сапасын арттыру және коррупцияны жою туралы әңгіме айтудың өзі артық. Төмен жалақы даму институттар жүйесінің пайда болуына ықпалын тигізді. Олар жоғары жалақымен қызметкерлерді алып, мемлекеттік қызметкерлер жұмысының бір бөлігін атқарады. Осыдан кейін, әрине, адам ресурсының бүкіл жұмыс үдерісі бұзылды – қабілетті адамдарды жалдау, мотивация, өтемақы, алға жылжыту критерийлері болмаған соң ешқандай даму мен жетілуге жол жоқ.
3). Қарапайым азамат өз елінде болып жатқан жағдайға, өзгерістерге өзінің қатысы барын сезінбейінше, патерналистік көңіл күй сақталады. Осыған орай, азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды жетілдіру аса маңызды. Қалай болса да, бұл бағытта ортақ еңбегіміздің арқасында қозғалыс бар және мемлекет оны қолдайды да.

Рақым ОШАҚБАЕВ, сарапшы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті