1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (16246)   1 тамыз, сейсенбі 2017
1 тамыз 2017
АҚШ-тың санкциясы Қазақстанға жете ме?

АҚШ конгресі аннекциялап алған Қырымын Украинаға қайтармай отырған Ресейге қатысты жаңа санкцияның жобасын бекітті. Кремль ауыр қабылдаған бұл бастаманы саясаттанушылар «Ресейдің мақсаттары мен жоспарларын талқандайды» деп бағалады. Сондай-ақ сарапшылар «бұл санкцияның салқыны Қазақстанға да тиеді» дейді.
Жаңа санкция Кремль үшін маңызды екі сала – мұнай мен қару-жарақ сауда-саттығына қатысты. Заң жобасы бойынша, америкалық компаниялар бұдан былай ресейлік мұнай кешендеріне ақша құйып, оларға технология сата алмайды. Ресейдегі Америка кәсіпкерлік институты зерттеу орталығының директоры Леон Аронның айтуынша, бұл заң біршама уақыт күшінде қалса, Ресей мүлде мұнайсыз қалады. «Өйткені Батыс Сібірде алдағы он шақты жылда мұнай таусыла бастайды. Ал Арктика қайраңындағы мұнайды өндіруге Ресейде ақша да, жөні түзу техника да жоқ», – дейді ол.
Одан бөлек, жаңа санкция бойынша, енді компанияларға ресейлік газ тасымалдау құбырларын салуға, жөндеуге яки инвестиция құюға, құны 5 млн долларға жететін қызмет көрсетуге тыйым салынды.
Ресейлік саясаттанушы Константин Гаазе «бұл шектеу Ресейдің Еуропадағы газ бизнесін әлсіретіп, экспорт түсімдері мен оның нарығын мүмкіндігінше тарылтады» дейді.
–«Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі» демекші, АҚШ пен Ресей арасындағы тартыстан экономикасы орыстарға байлаулы Қазақстан да зардап шегуі мүмкін. Санкция тек Ресей билігіне емес, орыстардың үлесі 30 пайыздан асатын барлық компанияларға қойылған. Сондықтан ресейліктер мұндай талаптан амалсыз қашып, Қазақстанды құрал ретінде пайдалануы мүмкін. Егер АҚШ билігінде осындай күмән пайда болса, бізге де санкция қойылуы ғажап емес. Қазірдің өзінде халықаралық Каспий құбыр консорциумы санкцияға ілігуге үміткер. Себебі консорциумда Ресейдің үлесі бар. Біз жақтан «ҚазМұнайГаз» еншілік етеді. Консорциум 30 миллионнан 64 млн тоннаға дейін мұнай айдауды жоспарлап отыр. Шектеу қойылса, бұл мақсатқа жету-жетпеуі күмәнді, – дейді экономист Жарас Ахметов.

Аян ҚАЛМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті