1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 77 (16263) 28 қыркүйек, бейсенбі 2017
28 қыркүйек 2017
Ұлттық қор біреуге зор, біреуге сор...

Мұнай табысының бір бөлігін жинақтайтын Норвегия ұлттық қорындағы қаржы 1 триллион (!) доллардан асып, мемлекеттік инвестициялық қорлар арасында рекорд орнатты. Қазақстан мен Ресейде де дәл осындай Ұлттық қор бар. Бірақ біздегісіндегі жинақ Норвегиямен салыстырғанда әлденеше есе аз. Бар-жоғы – 64 млрд доллар. Ресейдікінде 92,4 млрд доллар жатыр. Ақыры салыстыра қараған соң, әділдігін айту керек, норвегиялықтар мұнай ақшасын қорға жинауды ертерек, 1996 жылы қара алтынның баррелі 20,5 доллар болып тұрғанда бастады. Ал бізде қор 2001 жылы құрылды. Мұнай құны ол кезде барреліне 23 доллар еді. Ресей бізден кешірек, 2004 жылы ұлттық қор ашты. Базардағы мұнай құны сол кезде 38,3 доллар болатын. Осы күнге дейін жинап алған ақшасын айттық: 92,4 млрд доллар! Дегенмен Ресейде халық саны көп. Өндірілетін мұнайды жан басына шаққанда қазақстандықтарға шикізат үлесі көп тиеді.
Ал Норвегия жыл сайын бізбен шамалас мұнай өндіреді. Артық кетсе де, көпке бармайды. Мәселен, 2016 жылы олар 90 млн тонна, ал біз 78 млн тонна мұнай өндіріппіз. Норвегия халқының саны 5,2 млн адам ғана. Ал біздің қарамыз 18 миллионға жуық. Яғни өндірілген мұнайды жан басына шақсақ, олардың әр тұрғынына 17,2 тонна, әрбір қазақстандыққа 4,33 тонна қара алтын үлестірілер еді. Дегенмен бұл жерде бізге қатты мақтануға болмайды-ау. Өйткені 147 млн халқы бар Ресейде әр тұрғынға 3,7 тонна мұнайдан тиеді. Сондай-ақ ұлттық қорындағы қаржысы 92,4 млрд долларға жетіп отыр. Назар аударатын мәселе – Норвегияда мұнай өте қиын жағдайда өндіріледі және мұнайдың өзіндік құны барреліне 30 доллар.
Өндірілуі қиын, өзіндік құны тым жоғары болса да, норвегиялық биліктің осыншама зор қорға, қаржыға, табысқа қол жеткізгені қызықтырып, ойлантады. Екі елдегі қор экономика біршама тұрақты кезде қалыптасты және екі елдің де үкіметі бастапқыда оларға бюджеттің кірісі кеміп, шикізаттың құны түссе де, қол салмайтын қалта ретінде қарады. Норвегия мен Қазақстан ұлттық қорларына болашақ ұрпақтың байлығы деп қараған. Бірақ екі ел үшін мұнайдан түскен ақшаның жұмсалуы мен маңызы мүлдем басқаша болып шыққандай. Норвегия қару мен жаңа технология тасымалдау жөнінен көш бастайтын елдердің біріне айналды. Ал Қазақстан сол қазба байлығын қазып, оны шикізат күйінде сыртқа сатып, сол арқылы бюджеттің бүйірін бүтіндеуден әрі аса алмады. Норвегия үкіметі ел қажеттілігі үшін қордан алатын ақшаның үлесі бюджеттің жалпы 3 пайызына ғана тең және бұл меже жыл сайын азайып, кеміп барады. Ал Қазақстанда республикалық бюджеттің 45 пайызы Ұлттық қордан алынады. Мысалы, елдегі әртүрлі дағдарыстық шараларға 2008 жылдан бері 14 млрд доллар бөлінген (Оның ішінде 2013 жылы — 1,38 трлн, 2014 жылы — 1,48 трлн, 2015 жылы 1,7 трлн теңге алынса, 2016 жылы қордан бюджеттің кемтігін жамауға бөлінген қаржы 169 пайызға көбейіп, 2,88 трлн теңгеге артқан. Ал биыл, 2017 жылдың бірінші жартысындағы ресми дерек бойынша, Ұлттық қордың қаржысы 5,6 пайызға азайып, 1,34 трлн теңгеге кеміген).
Қазақстан үкіметі республикалық бюджетті жоспарлағанда жоқтан бар жасау, мүмкіндіктерді барынша пайдаланып қосымша қаржы қарастыруды емес, керісінше, оңай ақшаға, яғни Ұлттық қордағы қаржыға сенім артатынын анық байқатып жүр. Мәселен, 2017 жылғы бюджетте қордан алынатын кепілдендірілген трансферт 2,88 трлн теңге болса, мақсатты трансферт 441,62 млрд теңгеге жеткен.
Ұлттық қордың ақшасын пайдасы аз түрлі мемлекеттік бағдарлама мен жобаларға шашудың қателік екенін нән шенеуніктердің өздері де айтып жүр. Мысалы, сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке Ұлттық қордан 2 трлн теңге бөлінген. Спикер бұған дейін қордан алынған ақшаның тиімді жұмсалғанына күмәнмен қарайды. Оның сөзінше, «Ұлттық қор қаржысы үкіметті босаңсытып жіберген».
 

Аян ҚАЛМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 28 қыркүйек 2017 15:30
Осы бізде "Ұлттық қор"деген бар ма?Әшейін сөз емес пе?Мен әйтеуір"ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ осынша ақшасы бар"деген сөзді шындықты жазатын дені дұрыс БАҚ-нан оқығаным жоқ. ҚАЗАҚ көтеріліп кетсе сенің бизнесіңе де қиын болады"деп қытай"патрондарына алақан жаятынын"оқып,телебезерден көріп жүрмін.Қоры болса жын қақты ма,әлемге 160 млрд.доллардан асатын қарызы бола тұра қарыз сұрап?Қай банкте қанша ақшамыз бар екендігін көрсетіп жіберіңдерші.Көңіліміз көтерілсін..!
Қызылордалық Балталы Төлеген | 29 қыркүйек 2017 13:00
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ"ұлттық қорында"ақша жоқ.Ұлттық қор ақшалары банк ашуға,сол"жеке банктердің ышқырын көтеруге"Швейцария,Англиядан сарайлар алуға жұмсалып кеткен.Қазір ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ"қорында"1 тиын да жоқ.Бар болса,неге"кемеңгер"жыланып-тіленіп жылда қытайға қол жайып бара береді?Қазір ЕЛГЕ жаны ашымас"пешшімен",соның"күшіктері",шуылдақ шакал-сілімтіктері"Ұлттық қор"ақшасын тауысып,зейнет ақыны да құртты.Енді"жерді,салынған ғимараттарды сатамыз"деп әуселенулері соның айғағы.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті