1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«10 жылдан кейiн әрбiр азамат мемлекеттiк тiлде сөйлеуi керек», — дейдi Кәрiм Мәсiмов. Қазақша үйрену үшiн ол неге он жыл қажет деп есептейдi?
Он жылда кiм бар, кiм жоқ деген арзан қулық мұнысы (65.4%)
Президент сексенге толғанда қазақша құттықтау үшiн (5.4%)
Қазақ қоғамын әлi шикi санағандықтан (21.8%)
Өзгелердiң тiл үйрену қабiлетiне күмәнданғандықтан (7.4%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №08 (15466) 28 қаңтар, бейсенбі 2010
28 қаңтар 2010
Қорлар қаржысы жобаларға жұмсалмақ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСА МА?

1998 жылы зейнетақы жүйесi ендiрiлер тұста оған қарсы шыққандардың қарасы көп болған-ды. Бiрақ үкiметтiң “зейнетақы активтерi есебiнен зауыт, фабрикалар, өндiрiс орындары салынады, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады” деген жал­ғыз уәжi жұрттың күдiк-күмәнiн сейiлттi. Өйткенi өндiрiс салынса, өнiм өндiрiледi, жұмыс орындары ашылады, ең бастысы, зейнетақы қорларының қаржысы тиiмдi жұмсалып қана қоймай, қорларға табыс әкеледi делiнген-дi. Сөйткен қорлар қаржысы инфрақұрылымдық жобаларға бағытталса қане? Осы күнге дейiн зейнетақы активтерi есебiнен бiрде-бiр инфрақұрылымдық жоба жүзеге аспады.
Қазiр үкiмет зейнетақы қорларының қаржысын инфрақұрылымдық жобаларға жұмсау туралы тағы сөз қозғай бастады. Бiрақ, бұл жолы жобаларға мемлекет кепiлдiгi берiлетiн көрiнедi. Үкiметтiң сейсенбiлiк отырысында Экономика және бюджеттi жоспарлау министрi Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлiмдедi. Сұлтановтың айтуын­ша, қорлар қаржысы үшжылдық бюджетте белгiленген тапшылық өсiмiн ескере отырып пайдаланылады. Сондай-ақ “Самұрық-Қазына” мен “ҚазАгроның” жобалары да зейнетақы қорларының қаржысы есебiнен қаржыландырылады.
Үкiметтiң бастамасы құптарлық, әрине. Бiрақ осы уақытқа дейiн зейнетақы қорларының қаржысы есебiнен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға кiм кедергi келтiрiптi? Әсiресе, зейнетақы қорларының активтерiн экономиканың нақты секторына бағыттау, түрлi жобаларға жұмсау он екi жылдан берi айтылып жүргенiн ескерсек. Зейнетақы жүйесi бiздiкiне ұқсас елдерде үкiмет шамасы жетпейтiн, тiптi билiктiң түсiне де кiрiп шықпайтын түрлi жобалар iске асырылады. Бұларға ешқандай кепiлдiктiң де қажетi жоқ. Тиiстi жоба жаса да, оған жауапты адамды белгiлеп, қаржыны тиiмдi жұмса. Болған-бiткенi осы ғана. Ал бiзде мемлекет кепiлдiгi берiлген күннiң өзiнде не өзгередi? Он екi жылдан берi қолға алынбаған жобалар ғайыптан тайып iске аса ма? Өз басым бұған күмән келтiремiн. Зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар Әлiбаев бұл күдiгiмдi одан бетер қоюлата түстi.
– Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асады дегенге сенбеймiн. Бiр жағынан зейнетақы қорлары мұндай жобаларды, өндiрiс орындарының салынуын қос қолымен қолдайды. Өйткенi жобалар iске асса, бұл қорлар­ға табыс әкеледi. Әсiресе, қазiргi кезде зейнетақы қорлары үшiн құнды қағаздар тапшы. Сондықтан бұл ұсыныс қорлар қызығушылығын, құлшынысын тудыратыны анық. Ал екiншi жағынан алғанда, үкiметтiң қаржыны тиiмсiз жұмсайтыны бәрiмiзге мәлiм. Зейнетақы активтерiн былай қойғанда, бюджет қаржысын оңды-солды шашып, мақсатсыз жұмсаудың мысалдары жетiп артылады бiзде. Техникалық дефолтқа ұшыраған “Досжан темiр жолының” терiс нәтижесiне әлдеқашан көз жеткiздiк. Бюджет қаржысы жұмсалған ондаған жоба да дефолт­қа ұшырады. Бизнес-жоба, анық мақсат-мiндеттерi белгiленген арнайы бағдарлама тұрғанда дефолтқа қалай ұшырағаны түсiнiксiз. Үкiмет осының бәрiн зерттеп, кiнәлiлердi анықтап, жауапқа тартудың орнына қол қусырып қарап отыр. Ендi кеп министр Сұлтанов осындай мәлiмдемелердi жасап даурығып жүр. Ал бұл жобаларды кiм жүзеге асырады? Экономика және бюджеттi жоспарлау министрлiгi ме, Қаржы министрлiгi ме, үкiметтiң өзi ме, әлде мемлекеттiк компания ма? Бұлардың бәрiнен сенiм кеткен. Өйткенi ақша дiттеген жерiне жетпейтiнi анық. Жоба салынған күннiң өзiнде бұған қыруар қаржы жұмсалады. Мемлекет бұл жобаларға қалай кепiлдiк бермек сонда? Зейнетақы қорларының ақшасын бюджет қаржысы есебiнен қайтарады делiк. Мемлекет он жерден кепiлдiк берсе де, алған ақшаны халық несiбесiнен жыру арқылы қайтарады. Соның өзiнде жоба салынады дегенге кепiлдiк бар ма? Ешқандай кепiлдiк жоқ. Қажет десеңiз, бiзде жобаны жүзеге асырып, аяғына дейiн жеткiзе алатын бiрде-бiр ұйым жоқ. Сондықтан зейнетақы активтерi тиiмдi, сауатты жұмсалады дегенге сенбеймiн.
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Сырым жалғасы бар | 29 қаңтар 2010 18:01
Қазір Жинақтаушы қорлардың барлығының жағдайы жаман. себебі олар көрінген жерге ақша салып, соларын қайтара алмай отыр. оның үстіне инвестқоржынын жасырын ұстайды олардың барлығы(біреуекеуінен басқа)
осыдан бірер жыл бұрын Қазақмыстың басшылығы ауысты. оның жаңа басшысы Қазақмыс корпорациясының бастығына (білесіңдер) "заңды" несібесін бөлмеген ғой деймін: Корей жігіт: "зейнетақы қорының Қазақмысқа еш қатысы жоқ" деп томпайып шыға келіпті. нәтижесінде бұрындары Қазақмысқа қарасты өндірісорындар
Сырым | 29 қаңтар 2010 18:04
жұмысшыларын "Қазақмыс" зейнетақы қорына күштеп жаздыратын, енді корей бала жұмысшының қор таңдау құқы әрқашан өзінде депті де басқа қорларға зауытфабрикалар есігін айқара ашыпты. енді "Қазақмыс"қорының жағдайы мүшкіл. басқа қорлардікі де оңып тұрғаны шамалы, опшым үкіметтің жақсы ойлары осылайша құрдымға кетіп, ақшалар жымқырыла бермек! мақалада айтылғандар да жаман емес сынды себебі ой жақсы ал іс қалай болады екен
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар