1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16271)   24 қазан, сейсенбі 2017
10 наурыз 2017

Естеріңізде болар, 2008 жылы Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы жоспар құрды. Осы жоспар аясында келер жылы жүйеқұраушы банктер, оның ішінде Қазком, Халық банкі, БТА мен Альянс банктер бар, мемлекеттен 476 млрд теңге алған еді. Мұны сол кездегі бағаммен АҚШ долларына шаққанда 14 млрд доллар екеніне көз жеткіземіз. Әсілінде, бұл банктерге тегін берілген ақша емес. Ол кезде мемлекет аты аталған банктердің акциясының бір мөлшерін уақытша сатып алып, үлеске кірген. Кейін есін жиған қаржы институттары мемлекеттен өз акцияларын қайыра сатып алды. Сол жылдардан есте қалғаны, Халық банкі басшылығының: «Үлесімізді белгіленген

7 наурыз 2017

1 трлн 92 млрд 941 млн 288 мың теңге қаржы институттарын қолдауға бөлінеді

Шынын айту керек, Ұлттық қорға жылма-жыл қанша кіріс кірді, қанша шығын шықты, оны шотқа салып отырғандар қоғамға ашық, нақты ақпарат бермейді. Әйтсе де, кейбір деректерге қарағанда, осыдан үш жыл бұрын қорымыздағы қаржы 77 млрд АҚШ долларына жеткені жөніндегі ақпарды

2 наурыз 2017

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшысы, қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған Руслан Ерденаевты қамау мерзімі 28 наурызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі ақпарат таратты. БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ерденаевқа «өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп, талан-таражға

2 наурыз 2017
Қымбатшылық түбі тақырға отырғызады

АСҚАНБАЙЛАР ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ 23,6 ПАЙЫЗЫНА ИЕ

Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы халықтың нақты табысы 4,5 пайызға азайыпты. Кіріс кеміген соң көпшіліктің күнкөрісі сөзсіз әлсірейді. Оның үстіне күні кешеге дейін доллар үздіксіз қымбаттап, соның салдарынан тұтыну тауарлары, қызмет көрсету бағасы

2 наурыз 2017

Келер жылдан бастап сұйытылған газ электронды биржа арқылы саудаланады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. «Алдағы жылдары мұнай өнімдерінің барлық түрлерін электронды сауда алаңдары арқылы өткізуді жоспарлаудамыз. Ең алдымен сұйытылған газды сатудан бастаймыз», – деді министр. Министрдің пайымынша, сұйытылған газ бойынша

2 наурыз 2017

Ақпанда теңге бағамы (АҚШ долларына шаққандағы) 3,5 пайызға нығайды. Жыл басынан бері есептегенде 6,2 пайызға көтерілді. Жалпы, ақпанның соңындағы теңгенің бағамы 2015 жылдың желтоқсанының екінші жартысынан бергі жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Бұлтуралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. «Теңгенің нығаюына алдымен мұнай бағасының көтерілуі

23 ақпан 2017
Нұрбибi не деп жауап бередi?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесi зейнетақы қорындағы 50 млрд теңгенiң темiр жол саласына бөлiнуiне түсiнiк беруiн сұрауды. Бұл туралы naryk.kz хабарлады. БЖЗҚ Қоғамдық кеңесi Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен БЖЗҚ төрайымы Нұрбибi Наурызбаеваның атына темiр жол саласын қолдау үшiн зейнетақы қорындағы 50 млрд теңгенiң

23 ақпан 2017
Қазақтың күрiшi мен етi өтпей ме?

ТМД-ДА ЕЛIМIЗДIҢ АГРОЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТI ӘЛСIРЕДI

Бiздiң ел ТМД-ның азық-түлiк нарығындағы үлесiнен айырыла бастады. Қараңыздар, 2016 жылы достастық мемлекеттерге азық-түлiк экспорты 20 пайызға қысқарған. Бұл – шамамен 623 миллион доллар. Осыншама көл-көсiр дүние жоғалтып отырмыз. Мамандар экспорттың кемуiне басты себеп iргедегi iргедегi

21 ақпан 2017

Кеше Ұлттық банк ( +/-1% көрсеткiшi бойынша) базалық мөлшерлеменi 11 пайызға дейiн төмендету туралы шешiм шығарды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Бас банкирдiң пайымынша, мөлшерлемелер өтiмдiлiктi қамтамасыз ету операциялары бойынша 12 пайызды

21 ақпан 2017

Өткен аптада Алматыда 139-141 теңгеге (АИ-92) қымбаттаған бензин кейбiр жанармай бекеттерiнде 145 теңгеден сатыла бастады. Қымбат бензинге наразы халық әлеуметтiк тұрмыстың ауырлап бара жатқанын айтып, алаңдайды. Бiр қызығы, көлiк отыны бағасының күрт көтерiлуiн энергетика министрi Қанат Бозымбаев елiмiзде мәшине атаулының көбеюiмен байланыстырады. БАҚ-қа берген бiр түсiнiктемесiнде

16 ақпан 2017

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ШЫНАЙЫ ДЕҢГЕЙI – 15 ПАЙЫЗ

Қазақстан кәсiпкерлерiнiң ұлттық палатасы 2016 жылға жасаған макроэкономикалық шолуын ұсынды. Осы шолу қорытындысына сарапшылар екi түрлi баға бердi. Бiр жағынан алып қарағанда, төл экономикамызда аз да болса өсiм көзге шалынады, екiншi жағынан бiрқатар маңызды салада көрсеткiштер кәдiмгiдей құлдырағанын байқаймыз әрi елiмiздiң қоры кемiп бара жатқанын цифрлар ақылы көргенде

16 ақпан 2017

Осыдан бiр апта бұрын бензин қымбаттап, Алматыда АИ-92-нiң құны 139-141 теңгеге сатыла бастағанда, кейбiр ақпарат құралдары “Еуропамен салыстырғанда, аң арзан жанармай Қазақстанда (АИ-95, 145,4 теңге) деп” жарыса жазды. Мысалы, Нидерландта бiр литр бензиннiң бағасы – 547 теңге, Грецияда 541 теңге тұратынын айтып, “ең арзан бензин тұтынып

9 ақпан 2017
Бозымбаевтың “әдiл бағасы” – 150 теңге

БЕНЗИН БАҒАСЫ НЕГЕ КӨТЕРIЛДI?

2015 жылдың қыркүйегiнен үкiмет жанар-жағармай бағасын реттеуге араласпайды. Шендi-шекпендiлер “бағаны нарық реттейдi” деген шешiмге келген. Сол кезде ең өтiмдi АИ-92 бензинiнiң құны 126 теңге едi. Одан кейiн баға бiр емес, бiрнеше мәрте өстi. Ең соңғы өсiм апта басында орын алды. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының бекеттерiнде АИ-92 бензинiнiң құны екi теңгеге көтерiлiп, 139 теңгеден сатыла бастады. Iле-шала өзге де компаниялар отын бағасын көтере бастады. Ресейдiң “Газпромнефтiсi” қазақстандық компаниялардың баға саясатына

2 ақпан 2017
Айғайлатып бастап, абыройсыз аяқтамасақ болды

Биылғы мамыр айында Екiбастұз қаласында қуаты 135 мың тонналық жаңа кремний зауытының құрылысы басталмақшы, осының нәтижесiнде өңiр экономикасына 38 миллиард теңгенiң инвестициясы кiрмек деген ақпарат таратты “ҚазАқпарат” агенттiгi. 2019 жылы зауыттың үшiншi кезектегi кәсiпорны iске қосылғанда жұмыс орны 600-ге жетпек көрiнедi. Жобаны iске асыратын “ANSA Silicon” серiктiстiгiне Екiбастұздағы бiрiншi ГРЭС-тiң жанынан 70 гектар жер бөлiнген. Естiр құлаққа барлығы дұрыс-ау. Бiрақ Қазақстанда дәл осылай дүбiрлетiп басталған ондаған кәсiпорындардың бүгiнде бiрде-бiрi жұмыс iстемей тұрғанын қайтемiз. Сонау жылдары ағайынды

2 ақпан 2017
Б.Сапарбаев «ұлы қабырғаны» сөзбен құлатпақ

“Ұлы қабырға” қазақ-қытай мұнай-бұрғылау компаниясы” ЖШС-i президентi Чжан Цзюньге облыс әкiмi Б. Сапарбаев компания менеджментiн дұрыс ұйымдастырмағаны үшiн мәселенi Пекиндегi акционерлер алдында қоятынын ескерттi. Мұнай бағасы құлдырағалы берi осы сервистiк компания экономикалық белсендiлiгiн азайтып, қазiр жабылудың алдында тұр. Былтырғы кездесуде Чжан Цзюнь жұмысшылар тағдырынан гөрi, Пекиннен әкелген 2 қондырғыны керi өткiзу мәселесiне ғана қатты алаңдаған. Мұнай кенiштерiне ұңғылар орнатумен және жұмысшыларды кен орындарына тасумен айналысатын компания қасақана банкроттыққа келе жатыр. Осыдан екi жыл бұрын 2 мың қызметкерi бар сервистiк компания штатында 980 адам қалған. Оның да 480-i бiрнеше

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»