Башқұртстан – Ресей Федерациясының құрамындағы ең iрi автономиялы республиканың бiрi. Бұл елде төрт миллионға жуық халық тұрады. Өндiрiс ошақтары көп шоғырланбағанымен, башқұрт мемлекетi мұнай мен газға, басқа да пайдалы қазбаларға бай. Табиғаты қатал, бiрақ, өте көркем. Башқұрт елiнде өзен-көлдер де көп. Башқұрт халқы республика астанасы Уфаны «өзендер қаласы» деп те атайды. Себебi, ел аумағындағы өзендер мен көлдердiң басым көпшiлiгi Уфа қаласында тоғысады.
Виктор Янукович – Украинаның жаңа сайланған президентi. Мұны Украинаның орталық сайлау комиссиясы ресми түрде жария еттi. Хаттама қорытындысы бойынша, екiншi турда В.Янукович 48,95 дауыс жинаса, оның қарсыласы Ю.Тимошенко 45,47 дауыс алған.
Грекияда мемлекеттiк компаниялардың жұмысшылары бiр тәулiкке созылатын ереуiл өткiзбек.
Сейсенбi күнгi Тегеран соты 27 желтоқсанда үкiметке қарсы шеруге қатысқан бiр адамды өлiм жазасына кесiп, қалған сегiзiн түрмеге жапты.
АҚШ президентi Барак Обама сейсенбi күнi әлемдiк қауымдастық Иранға қарсы жаңа санкцияларды бiрнеше аптаның көлемiнде талқылап, қабылдай алатындығын мәлiмдедi
Ауғанстанның Iшкi iстер министрлiгiнiң хабарлауынша, дүйсенбi күнi Кабулдың солтүсiгiндегi тауда болған қар көшкiнiнен кемiнде 157 адам қаза болды
УКРАИНДЕР «ӨЗ ҮЙIНЕ» ҚАЙТУЫ МҮМКIН. АЛ БIЗ ШЕ?
Украинаның орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, олар әне-мiне президенттiк сайлаудың алдын ала қорытындысын шығарамыз деп алақанын ысқылап отыр. Олардың айтуынша, сайлаудың логикалық нүктесiн қоюға бiр нәрсе ғана кедергi. Ол — Қырымдағы бiр сайлау учаскесi мәлiметтерiнiң жеткiлiксiздiгi. Күнi бүгiнге дейiн Орталық сайлау комиссиясы электронды сайлау хаттамаларының 99,99 пайызын қарап шығып, Аймақтық парияның жетекшiсi Виктор Януковичтiң 48,95 пайыз дауыс жинағанын, ал премьер-министр Юлия Тимошенконың 45,47 пайыз қолдауға ие болғанын айтты.
Ендi Белоруссияға өзге елден келген әрбiр БАҚ мемлекет қауiпсiздiгiне «зияндығына» тексерiледi.
Қырғызстанның Көк-Жаңғақ елдiмекенiнiң бiр топ тұрғындары ауылдағы барлық күрдтердi қууды талап етуде. Олардың күрдтерге қарсы шығуына ауылда болған қанды оқиға ықпал еткен.
Миссури университетiнiң ғалымдары жүргiзген зерттеуiнiң нәтижесi бойынша, американдықтар арық саясаткерлерге қарағанда толық саясаткерлерге, оның iшiнде ер саясаткерлерге көбiрек сенетiн болып шықты.
12 қаңтар күнi сағат кешкi бестер шамасында Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласының маңында болған жойқын жер сiлкiнiсiн мамандар «соңғы 500 жылдағы ең iрi апат» деп бағалауда. Соңғы мәлiметтерге сенсек, табиғи апаттан 3 миллион адам зардап шеккен. Әртүрлi дерек көздерiнiң мәлiметiне сай, қаза болғандар саны жүз мыңдап саналады. Құтқару жұмыстары аяқталған кезде олардың саны жарты миллионға жетуi де мүмкiн. БҰҰ өкiлдерiнiң мәлiмдеуiнше, апаттан көптеген ауруханалардың да қирап қалуына байланысты 2 миллион адам жедел жәрдем көмегiне зәру.
Түркия басшылары Израильдегi елшiсiн елiне қайтарып алды. Олар Израильден түрiк елшiсi Ахмет Огузге көрсеткен дөрекiлiктерi үшiн кешiрiм сұрауды талап етуде.
Қырғызстан оппозициясы жаппай аштық жарияламақ. Бұл туралы оппозициялық Бiрлескен халық қозғалысының саяси бюросы хабарлады.
СОҢҒЫ КЕЗДЕРI БАТЫСТЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ОСЫНДАЙ ТАҚЫРЫПТЫ ЖИI КӨТЕРIП КЕЛЕДI
Тегеранның ядролық қару жасақтап жатқанына қатты алаңдаушылық бiлдiрiп отырған израильдiк ғалымдар мен сарапшылар да осы мәселе төңiрегiнде әртүрлi ой өрбiтiп жүр. “The Economist” басылымының соңғы санында «Иранға соққы беретiн уақыт жеттi ме?» деген тақырыпта арнайы конференция да ұйымдастырылған. Оған қатысқан белгiлi сарапшы, генерал Чак Уалд «Тегеранға қарсы әскери қимылды тез арада бастау керек» деп пiкiр бiлдiрген.


