Астанада бiр аптадан берi аштық жариялап отырған үлескерлер және жергiлiктi билiк органдарының өкiлдерi қатысқан баспасөз мәслихатында «Лайықты баспана үшiн» қоғамдық қозғалысының жетекшiсi, құқыққорғаушы Зәуреш Батталова былай деп мәлiмдеме жасады: «Қазақстан билiгi саяси шешiм шығаруы керек. Үлескерлерге көңiл бөлмеген билiктiң өз обалы өзiне. Үш жылдан берi үкiмет тарапынан құр сөз естiп келемiз. «Нұр Отан» сырт көзге есеп берген болып, нәтижесiз басқосулар өткiзедi. ЕҚЫҰ-ға төраға жылы Қазақстандағы адам құқығына билiктiң назарын аудару үшiн қолдан келгеннiң бәрiн жасаймын. Халық баспанаға қол жеткiзуi
Шымкент қорғасын зауытының бұрынғы жұмысшылары “Жас Алаштың” қара шаңырағына бас сұғып, былай дедi: “Кеңес заманында жұмыстың ауырлығын, денсаулыққа зияндығын ескерiп, 50 жасқа толған қызметкер зейнеткерлiкке шығатын. Бiрақ, тәуелсiздiк алғаннан соң заң өзгердi. Зейнеткерлiкке 63 жастан шығатын болдық. 53 жасқа толғанда ай сайын мемлекеттiк жәрдемақы алып, жұмыстан босадық. Дәл қазiр сол жәрдемақының мөлшерi – 12 700 теңге. Бұл қай жыртығымызды жамайды? Дәрi-дәрмегiмiз былай тұрсын, күнделiктi шығындарымызды өтемейдi. Бұл мемлекеттiк жәрдемақы тiптi ең төменгi күнкөрiс мөлшерiне де жетпейдi. Неге
Биыл Қазақстан шамамен 14,5-15,5 миллион тонна астық жинап, оның 6,5 миллион тоннасын экспорттамақ. Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары Арман Евниев дәл осындай болжам айтты. Вице-министрдiң сөзiне сенсек, соңғы бiр жылда Қазақстан 8,3 миллион тонна астық пен ұн пұлдады. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 36 пайызға артық. Әйтсе де, өткен жылғы астықтан 8,6 миллион тонна қалдық қалды. Нақтырақ айтсақ, 6 миллион тоннадан астам бидай элеваторларда, 2,6 миллион тоннасы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң қолында.
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сәтбаев ауылының тұрғыны Ырыскүл Мұхамединқызы редакцияға бас сұғып, өз ойын былай жеткiздi: «Ауылда жұмыс орны – тек қана мектеп. Шындықты айту керек, жастарға жұмыс жоқ. Сондықтан Алматы, Астана сынды қалаларға барып, қара жұмыс iстеп жүр. Ал үкiмет күлкiңдi келтiрiп «Ауылға – дипломмен» дейдi. Дипломмен барған жастарды ауыл құшақ жайып қарсы алатындай. Мұндай саясатты насихаттап жатқандары несi? Жұртты ақымақ санай ма осы? Ойлап қараңызшы, қандай маман жетiспей жатыр ауылға, ә? Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн елдiмекендерге жаңадан жұмыс орнын ашу керек қой, сiрә».
Кеше Алматы қалалық әкiмшiлiгi ғимаратының алдында борышкерлер мен үлескерлер талап-тiлектерiн жазып, президентке тағы хат жолдады. Естерiңiзге сала кетейiк, сейсенбi күнi республикалық «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қозғалысы баспасөз мәслихатын өткiзiп, «Стрестi активтер қоры» АҚ заңсыз әрекетке барды деп мәлiмдеген-дi. Қозғалыс төрағасы Есенбек Өктешбаевтың дәлелдерiне жүгiнсек, үлескерлердiң мәселесiн шешуге мемлекет қазынасынан бөлiнген қаржы орынсыз жұмсалуда. Және борышкерлер мен үлескерлердiң қолында акционерлiк қоғамның 2009 жылғы девальвацияны пайдаланып, табыс тапқаны жөнiнде құжат бар.
ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Құрманғали Уәли “Нұрлы көш” бағдарламасы негiзiнде салынып жатқан Ақмола облысы “Красный Яр” кентiне iргелес тұрған “Нұрлы көш” ауылы тұрғындарының арыз-шағымын премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке жайып салды. Отанына оралған қандастарымыз бағдарлама бойынша салынған сырты сұлу, iшi суық, жайсыз, сапасыз үйге қоныстанғандарына қамкөңiл. Әлеуметтiк жағдайлары да мәз емес. Жұмыссыз. Күнделiктi азық-түлiгiн алуға шамасы жетпейтiндер де бар. Ауылда аурухана, мектеп, сауда орталығы, мәдениет үйi сияқты тұрмыстық қажеттi ғимараттар жоқтың қасы.
Кеше Ұлттық баспасөз клубында “Стратегия” әлеуметтiк-саяси зерттеулер орталығы” қоғамдық қоры баспасөз мәслихатын өткiзiп, Қазақстандағы тұрғын үй мәселесiне баға бердi. Қоғамдық қордың төрайымы Гүлмира Iлеуованың айтуынша, мамыр айында “Стратегия” Қазақстан Республикасындағы саяси-әлеуметтiк жағдайды зерттеу мақсатында арнайы сауалнама жүргiзген. Оған елiмiздiң 14 облысы мен Астана және Алматы қаласының 1622 тұрғыны қатысқан. Тұрғын үй мәселесiне баға берген қоғамдық қордың әлеуметтанушысы Серiк Бейсембаев қазiр Қазақстан халқының әлеуметтiк көңiл-күйi бiрқалыпты дейдi.
13 мамыр күнi ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Сағынбек Тұрсынов премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке депутаттық сауал жолдаған-ды. “Қызылағаштықтарға және Шығыс Қазақстан облысы тұғындарын қолдауға бюджеттен қанша қаржы бөлiндi және ол қалай игерiлуде?” деген мәселе алға тартылған едi. Депутат үкiметке үлкен сын болған төтенше оқиғаларды тiзiп, шығынды түгендемекшi едi. Арада дерлiк бiр жарым ай өткенде Кәрiм Мәсiмовтен ресми жауап келдi. Бiрақ, депутаттың сөзiне қарағанда, неге екенi белгiсiз, үкiмет басшысы жеке компаниялар мен тұғалардан түскен қаражаттың көлемi мен оның жұмсалу барысы жөнiнде ләм-мим демептi.
«Алматы облысы, Қарасай ауданы, Iргелi ауылын су шайып кеттi», – деген суыт хабарды құлағымыз шалып, елдiмекенге ат басын бұрдық. Iргелi ауылдық аймағының әкiмi Ерболат Оразәлиевтiң айтуынша, дүйсенбi күнгi нөсер жаңбырдан Ақсай өзенi тасыған. Оған таудағы ерiген қар мен жылғадағы су қосылған. Сөйтiп таңғы сағат тоғыздар шамасында өзен жағасында орналасқан тұрғын үйлердiң ауласын су шайған. Бiрақ, қазiр судың деңгейi төмендедi. Ешқандай шығын жоқ. Әйтсе де, бүгiнгi (Сейсенбi күнi – Д.И.) жауған жаңбырдан соң су қайта көтерiле ме деген қауiп бар.
Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Новодолинка ауылында халықтың қақаған қыстан әупiрiмдеп алып шыққан азғана малы жаппай жұқпалы аусыл (ящур) ауруына шалдықты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң агроөнеркәсiп кешенiне қарасты Ақмола аумақтық мемлекеттiк инспекциясының бастығы Жомарт Нұркеновтiң «Новости-Казахстан» агенттiгiне берген сұхбатын назарға алсақ, ауылдағы айыр тұяқты мал бiткен қан шығармай жансыздандыру әдiсiмен жойылған. Ауылда қазiр 21 күнге карантин жарияланған. Аурудың аса қауiптi вирусы желмен ұшып тарауы мүмкiн. Сондықтан ауыл тұрғындарына бейсауат жүрiп-тұруға, басқа елдiмекенге шығуға тыйым салынған.
Қазiргi нарық заманында мұнай алпауыттары мен билiктегiлердiң өзара мүдделерiнiң бiте қайнасып жатқаны көзi ашық, көкiрегi ояу адамдарға құпия болудан қалған. Сол мұнайды өндiрiп жатқан мұнайшылардың еңбекақылары олардың көрiп жүрген бейнеттерiне сай емес. Тиiстi деңгейде жалақыларын ала алмай жүрген мұнай саласындағы жұмысшылардың наразылық-акциялары соңғы кездерi көбейiп кеттi. Астанадағы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен «Қазмұнайгаз» Барлау Өндiру» АҚ-ның бас кеңсесiнде жұмыс жасайтын 23-27 жастағы, мұнайды өңi түгiл



