1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15478) 12 наурыз, жұма 2010
10 наурыз 2010

БIРАҚ, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР: «ЕКIҰШТЫ ШЕШIММЕН МАЗАҚ ЕТПЕСIН», – ДЕЙДI

Түйенi түгiмен жұтқан «Ғибрат» республикалық көпбалалы аналар қоғамының бұрынғы басшыларына қатысты сот аяқталды. Алматы қаласы, Бостандық аудандық сотының судьясы Шынар Ерғалиева ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бабы, 3-бөлiгiнiң «Б» тармағы бойынша, яғни iрi мөлшерде алаяқтық жасағандары үшiн кiнәлi деп тауып, М.Бұтабаева мен Г.Мамытованы – 8 жылға, Ж.Балқыбекованы 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкiм шығарды.

23 ақпан 2010

«АҚБҰЛАҚТА» ЖӘНЕ БIР ШАҢЫРАҚ ШАЙҚАЛДЫ

Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы «Ақбұлақ» елдi мекенiндегi жер дауы бiтер емес. Аталған аудан әкiмшiлiгi мен iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi түн жамылып тұрғындардың баспанасын бұзуды тоқтатпай тұр. Естерiңiзге сала кетейiк, газетiмiздiң бұрын­ғы санында дәл осы елдiмекеннiң тұрғындары – аяғы жоқ мүгедек қартты, емшектегi екi айлық сәбидi ақ қар, көк мұзда далада қалдырғаны жөнiнде жазған болатынбыз («Жас Алаш», №12, 16 ақпан, 2010 жыл). Ендi мiне, «Ақбұлақта» және бiр үйдiң орны үйiндiге айналды. Бұл жолы шиеттей екi баласы бар отбасы баспанасыз қалды. Сорақысы сол, «үйдi бұзуға келген мемлекеттiк қызметкерлер жүктi әйелдiң iшiне тептi» – дейдi тұрғындар.

11 ақпан 2010

Сейсенбi күнi “Ақбұлақ” елдiмекенiнiң тұрғындары Алматы қаласы әкiмшiлiгiнде наразылық шарасын ұйымдастырды. Тұрғындардың айтуынша, дүйсенбi күнi Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы әкiмшiлiгi мен iшкi iстер бөлiмiнiң 50 шақты қызметкерi түнгi сағат 9-дар шамасында екi аяғы тiзеден жоқ ақсақалды, бесiкте екi айлық баласы бар келiншектi және оның әпке-сiңiлiлерiн әй-шайға қарамастан далаға сүйреп, “лашығының” есiк-терезесiн бұзған.

4 ақпан 2010

«Жас Алаш» редакциясының қоржынына Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында тұратын тоғыз отбасынан хат түстi. Қысқа қайырғанда хатта былай делiнген: “Зайсан қаласы, Шаймардан көшесi 59-үйдiң қазығы қағылғанына 60-70 жыл толды. Қабырғасы қамыстан соғыл­ған, төбесi жұқа тақтаймен шегеленген. Бұрын аурухана, артынан жатақхана болған. Онда тоғыз отбасы тұратын едiк. Көбiнiң балалары кәмелет жасқа толмаған.

26 қаңтар 2010

НЕМЕСЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЕСЕПШОТЫН ТАЛДАУ НЕЛIКТЕН ӘРКIМНIҢ ДАҒДЫСЫНА АЙНАЛУЫ ҚАЖЕТ

Естерiңiзде шығар, бұрындары “Көңiлдi мәрелер” атты спорттық құмар ойыны болатын. Өз басым мұны бала кезiмнен бiлемiн. Кейiннен балабақша мен мектепте өз балаларыммен әртүрлi конкурстарға ықыласпен қатыстым. Бiр кездерi бұл дәуреннiң өтiп кеткенiн, әлдебiр өмiрлiк құштарлықтың жетiспейтiнiн шамалағандай болдым

12 қаңтар 2010

Ана мен баланы әлеуметтiк қорғау – демографиялық жағдайды жақсартудың бiр жолы. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшiн әлеуметтiк және арнаулы жәрдемақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру көптеген елдердiң тәжiрибесiнде бар дүние. Бiрақ, қазақ билiгi ана мен баланы алақанына салудың орнына жетiм баладай жәутеңдетiп қойғандай. Мемлекет қазынасынан қарастырылған жәрдемақы мөлшерi олардың жыртығын жамап жүр дегенге илану қиын.

5 қаңтар 2010

Бәрiбiр қайтпадық. Жеңiске жеттiк”, – дейдi тұрғындар, Алматы қаласындағы №1 автопарк жатақханасынан шыққан дауға нүкте қойылды. Билiктiң бетiн берi қаратқан тұрғындар жаңа жылды “Шаңырақ” шағынауданындағы жаңа қоныстарында тойлады. – Дау-дамайдың түп тамырын қаузайтын болсақ, Алматы қаласының бұрынғы басшысы Виктор Храпунов мырзадан бастау алады. Кезiнде 375 миллионға бағаланған үш жатақхана бұрынғы әкiмнiң туыстарына небәрi 23 миллион теңгеге пұлданғаны бар, – дейдi қоғамдық қорғаушы Ризада Жақыпбек.

5 қаңтар 2010

“Поколение” қоғамдық қозғалысының жетекшiсi Ирина Савостинаның айтуынша, 2009 жылдың ең басты оқиғасы үкiметтiң базалық зейнетақыға 99 теңге қосқаны болды. Қалайша? Президент 2009 жылы “зейнетақы көлемi 30 пайызға өседi” деп уәде еттi емес пе. 1 қаңтардан қазақ үкiметi тағы зейнеткерлерге зейнетақы мөлшерi 25 пайызға артады деп арнайы қаулы қабылдады. Бiрақ, бұл жылы да 99 теңгенiң жыры қайталанбайтынына кепiл бар ма?

31 желтоқсан 2009

Сиыр жылында Қазақстандағы әлеуметтiң жайы ақсақ қойдың кейпiн кидi. Билiк жауырды жаба тоқимын десе де, бiрталай дүниенiң бетi ашылды. Байқамай емес, амалсыздан. Мәселен, үлескерлер күрескерге айналды. Жұмысшылар шындық iздеп шырылдап, көшеге шықты. Оның үстiне соңғы 18 жылда жетi мыңға жуық балабақша, бес жылда 395 мектеп құрдымға кеткенi анықталды. Не керек, шенеунiктер әләуләйлiм айтып әлекке түстi. Ал жұрттың тауықша шөкiмдеп тапқан-тергенi iшкен тамаққа тақ-тұқ әзер жеттi.

31 желтоқсан 2009

ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ДАҚПЫРТТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ IСТЕРI

Қоғам үшiн биылғы жыл жылатып отырып күлдiретiн, күлдiрiп отырып жылататын жыл болды. Президент Н.Назарбаевтың жеке билеп-төстеу тәсiлдерi бұрынғыдан да әккiлене һәм әйгiлене түстi. Баяғы Кеңес өкiметiн басқарған бас хатшылар сияқты «кемелденген» шағы ғой бұл. Мұны өзi де жылдың төрт мезгiлiнде дәлелдеп жүр. Жалпы, биыл Нұрсұлтан Әбiшұлының «iшкi-сыртқы» саясаты баяғы ырғағынан жаңылған жоқ. Тек «қойға қасқыр шаптылап» елдi дүрлiк­тiрiп, артынан қожа­йынының алдында жиi-жиi ұятты болып жүрген кейбiр «қойшылардың» қолапайсыз әрекеттерi болмаса...
 

31 желтоқсан 2009

НЕМЕСЕ ТАС ЖҮРЕК ҰЛДАРЫНЫҢ ТЕПКIСIНДЕ ЗАР ИЛЕГЕН ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ

Мен осы Маңғыстауда туып-өстiм. Осы өлкеде өсiп-өркендеген азамат ретiнде менi қазiргi таңдағы халықтың ауыр хал-ахуалы қатты толғандырады. Маңғыстау елi, оның iшiнде күн сайын көтерiлiп, ұрандап ереуiлге шығып, аштық жариялаған Жаңаөзен халқы неге осындай халге түстi? Халықтың қанын теспей сорып, үрiп iшiп-шайқап төгiп жүрген ат төбелiн­дей атқамiнерлер мен жерден бастап барлығы жекеменшiкке сатылып, халықтың бар байлығы талан-таражға түскенде қазынадан қарпып асап, оңай олжаға кенелiп үлгерген байшыкеш, бай-бағыландар болмаса, «шықпа, жаным, шықпа» деп, шырылдап зорға күнелтiп отырған қарапайым халықтың көңiл-күйi неге төмен? Иiнi неге түсiңкi? Еңсесi неге езiңкi?

24 желтоқсан 2009

МӘЖIЛIСКЕРЛЕРДIҢ МҰНДАЙ ҮНДЕУIНЕ КIМ СЕЛТ ЕТЕР ЕКЕН?

ҚР Парламентiнiң қырық сегiз депутаты бизнесмендер мен кә­сiп­кер­лерге үндеу тастады. Балабақша мәсе­лесiн шешуге қол ұшын берудi сұрады. Кезiнде, үкiмет «қолды» қылған балабақшаларды қайтаруды өтiндi. Қырық сегiз депутаттың үнi бiр жерден түйiп айтқанда, былай шықты. «Бү­гiн­де мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiмен қамтылу 36,5 пайызды құрайды. 240 мың бала орын алу кезегiн күтiп тұр. 820 мың бала үй жағдайында тәрбиеленуде», – деп мәселенiң маңыздылығына тоқталған олар, әлi әрбiрi 280 орындық 800 балабақша салу керектi­гiн, мұның үлкен мiндет екенiн жеткiз­ген. Балабақша мәсе­лесiн үкiмет күшi­мен және бюджет есебiнен шешу мүм­кiн емес екенiн де ашық айтқан.

10 желтоқсан 2009

«ЖIБЕК ЖОЛЫН» МЕМЛЕКЕТТIҢ ӨЗI САТЫП АЛСЫН», – ДЕЙДI САУДАГЕРЛЕР

Алматыдағы халықарлық «Жi­бек жолы» автобөлшек сауда орталығында дүрбелең туғанын бұдан бұрын жазған болатынбыз («Жас Алаш». № 95, № 96). Онда атал­ған базардың жат қолына өтуi мүм­кiндiгiн, саудагерлердiң наразылық шарасын ұйымдастырғанын, олардың басты талаптарын, сондай-ақ мемлекетшiл мырзалардың үйiп-төккен уәделерiн тiлге тиек еткен­бiз. Көп уақыт өтпестен саудагерлер «Отандық базарды қорғаймыз» қоғамдық кампаниясын құрды. Бүгiнде жұдырықтай жұмылып, бiр жеңнен бас, бiр жағадан қол шығаруда.

3 желтоқсан 2009

Кеше «Талмас» қоғамдық қоз­ғалысы «үлескерлер мәселесiн қалай шешемiз?» деген сұрақты алға тартып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған «Азат» ЖСДП және Коммунис­тiк партиясының, «Қазақстан – 2012» және «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қоз­ғалысының өкiлдерi, бiрнеше компанияның үлескерлерi қатысып, өз пiкiрiн ортаға салды. – Үлескерлер мәселесiн шешуде әлемдiк дағдарысты алға тарту орынсыз. Бұл дағдарыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ, – деп сөз бастады Коммунистiк партиясының белсендi өкiлi Амантай Ахетов. – Бұл проблеманы шешуге билiк партиясының атсалысуы керек едi. Билiк азаматтарын далаға тастады, – дедi ол.

19 қараша 2009

Қарашаның 15-iнен бастап Жаңаөзен қаласында әртүрлi мекемелерден 35 мұнайшы аштық жариялау акциясын бас­таған болатын. Себебi, жаңаөзендiктер осыған дейiн өздерiнiң жоғарыдағы басшыларына және жергiлiктi құзырлы орындарға бiрнеше рет көкейкестi талаптарын қойған едi. Бiрақ оларды орындауға билiктегiлер онша құлық танытпаған болатын. Мұнайшылардың талаптары мынадай едi:

беттер:1 / 2»