1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
26 қыркүйек 2017
Ауылдарды араламайтын әкім

Газетіміздің 7 қыркүйек күнгі №71 санында «Әкім Досаев әңгімелесуден неге қашады?» деген мақала жарияланған болатын. Аталған мақалада «Халқымызда «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген жақсы сөз бар. Алайда Шу ауданы тұрғындарының үніне құлақ түрсеңіз, аудан әкімі Қайрат Досаевтың елмен етене араласып, достасып жұмыс істеудің орнына, қарапайым халықпен арасы тым алшақтап кеткенін, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдауға уақыты жоқ екенін аңғару қиын емес сияқты» деп жазған болатынбыз. «Бақсақ, бақа екен» демекші, Қайрат Досаев Шу ауданының әкімі болып тағайындалғалы жарты жылдан аса уақыттан бері бірде-бір ауылға ат ізін салмапты.

Облыстық әкімдікте өткен жиында Шудағы шарықтап кеткен баға бойынша ашу шақырған өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев: «Маған жеткен ақпар бойынша, Шуға әкім болғалы ауылдарды арнайы араламағансың. Бұған дейін Қордайды басқарған тәжірибелі әкімнің бірі деп үміт артқан едік. Әлде жұлдыз болып кеттің бе? Ауыл-елге бармайсың, жұмысты қойғансың...» – деді.
Әрине, өз кезегінде Досаев та ақталып бақты. Ауданда бірнеше штаб құрылғанын, олардың протоколдары барын айтып, облыс басшысын сендіруге тырысты. Алайда Көкірекбаев оған штаб отырысы мен ауылдарды арнайы аралауды шатастырмауды ескертті.
«Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кіреді» демекші, облыс басшысының сынынан кейін жұлдыздығы ұстаған Досаев жерге түсіп, елге баратын шығар. Әгәрәки, ауылдарды аралайтын болса, ең алдымен Ескі Шу ауылдық округінен бастап, Белбасар ауылына барғаны жөн. Олай дейтініміз, аталған ауылдағы 29 үйдің қауіпті жағдайда тұрғанын, жылдан-жылға жерасты суы көтеріліп, кейбір үйлердің ауласында тобықтан келетін су жайылғанын, үйлердің маңайын қамыс басып, жағымсыз иіс жайлағанын өз көзімен көрсе дейміз. «Үйімізге кіріп-шығудың өзі мұңға айналып барады» деп зар илеген ауыл тұрғындарының үніне құлақ түрсе дейміз.

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті