1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Е.Ертiсбаев: «Егер президент «ұлт көшбасшысына» қатысты заңға вето қойса, бүкiл депутаттар корпусын өзiне қарсы қойып алады», — дедi. Неге?
Депутаттарды президенке қарсы қойғысы келдi (13.6%)
Қожасына кеңес берген түрi (60.3%)
Жанашырлықпен айтты мұны (5.5%)
Саяси кеңесшi көрiпкел ғой... (20.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №03 (15461) 12 қаңтар, сейсенбі 2010
12 қаңтар 2010
Жәрдемақыға қосылған тоғыз пайыз түкке тұрмайды

Ана мен баланы әлеуметтiк қорғау – демографиялық жағдайды жақсартудың бiр жолы. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшiн әлеуметтiк және арнаулы жәрдемақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру көптеген елдердiң тәжiрибесiнде бар дүние. Бiрақ, қазақ билiгi ана мен баланы алақанына салудың орнына жетiм баладай жәутеңдетiп қойғандай. Мемлекет қазынасынан қарастырылған жәрдемақы мөлшерi олардың жыртығын жамап жүр дегенге илану қиын. 

Өйткенi, ана мен балаға берiлетiн жәр­дем­пұл мөлшерi бүгiнгi бағамен есепшотқа салғанда тақ-тұқ та жетпейдi. Ресми дерек көздерiне сүйенсек, орташа есеппен 13 жасқа дейiнгi балаларға он мың теңге көлемiнде, 16 жасқа дейiнгi жасөс­пiрiмдерге он бес мың теңгенiң үстiнде қаражат жұмсалады. Президент Н.Назарбаев мырза мемлекеттiк әлеуметтiк және арнаулы жәрдемақы төлемдердi жыл сайын тоғыз пайызға арттырғанымен, базардағы баға күн санап өсiп тұр. Онсыз да мөлшерi аз жәрдемақыны талшық ету қиын-ақ.
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiха­лық­ова­ның таратқан ақпаратына қарағанда, 1 қаңтардан бастап баланың тууына байланысты бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы отыз тоғыз мыңды, төртiншi және одан кейiнгi бала туғанда берiлетiнi 70 650 теңгенi құраған. Тиын-тебенiн қалдырмай айтқанда, бала бiр жасқа толғанға дейiн берiлетiн балакүтiмi жөнiндегi ай сайынғы жәрдемпұл: бiрiншi балаға – 7773, екiншiсiне – 9185, үшiншiсiне – 10 598, төртiншi және одан кейiнгi балаларға – 12 011 теңгеге көбейту көзделген. Сондай-ақ, мүгедек балаларды тәрбиелеушi ата-аналарға немесе қамқоршыларға ең төменгi жалақы мөлшерiнде, бiлуiмiз­ше, 14 952 теңге төленедi. Атап көр­сетiлген мемлекеттiк жәрдемпұл бесiк тербетiп отырған анаға, сәбидiң керек-жарағына жете ме? Билiк белгi­леген осы сома аз ба, көп пе? Бастысы, бұл қарекет қазақтың демографиясын көтеруге күш қоса ма? Әрине, жоқ. Себебi, айдай анық.
Жығылғанға жұдырық. Қазақстан қағазстанға айналған. Мем­лекеттiң бұл көмегiне қол жеткiзу үшiн де талай жердiң есiгiн қағып, табалдырығын тоздыруыңыз қажет. Әр жәрдемақыны алуға жеке-жеке құжат жинау деген бар.  
Өкiнiштiсi сол, соңғы уақытта Қазақстан тұрғындарының әл-ауқаты оңбай тұр. Жұмыссыздық. Күнкөрiс деңгейi төмен. Нәтижесiнде өткен жылдармен салыстырғанда, бала туу азайған. Мәжiлiс депутаты Айткүл Самақованың мәлiмдеме­сiнен түсiнгенiмiз, 2009 жылдың қаңтары мен қыркүйегiнiң арасында туған балалардың саны 2008 жылдың дәл осы аралықта туған балалардың санынан 1339-ға кемiген. Ендеше, “демографияны арттыру үшiн жәрдемпұлды мынанша пайызға арт­тырдық, ана мен баланы әлеуметтiк қорғау үшiн мынадай жұмыстар атқардық” деп ауыз толтырып айту артық. Әйтпегенде ше? “2007 жылмен салыстырғанда жәрдемпұлды 2,5 есе арттырамыз, содан бала туу көрсет­кiшi өсiп шыға келедi” деген тәттi арман қайда? Тағы жел сөзге айналғаны ғой шамасы?
Дәл осы жылы демография мәсе­лесi күйiп тұрған көршi Ресей бұл түйiндi шешуге бiлек түрiп кiрiстi. Жiлiктеп, баланың күтiмiне қанша қаражат керек, бәрiн жiтi есептегендей. Қалайша? Қай жолмен? Соған көшейiк те, орыстың рублiмен емес, қазақтың теңгесiмен сөйлейiк. Сонымен, Ресей Федерациясы қамқорлықты ананың жөргегiнде бала пайда бол­ғаннан бастапты. Яғни, тоғыз ай бойы мемлекет көмек бередi. Әр айда жүз жетпiс мыңға жуық теңге төленедi. Бала туғанда бiржолғы көмекпұлдың мөлшерi елу үш мың теңгеден асып жығылады. Бұл бiрiншi балаңыз өмiрге келсе. Егер екiншi шаранаңызды қолыңызға алсаңыз бұл сома екi есеге, үшiншiсiне үш есе көбейедi. Егiз сәби дүниеге келсе – 360 мыңнан астам, үшем туыл­са – 770 мың теңгеден астам қара­жат аласыз. Және үш жасқа дейiнгi, үш жастан он алты жас аралығындағы балаларға жеке-жеке жәрдемақы берiледi. Оның iшiнде, жалғызбасты аналар екi есе артық көмек алады. Әскерилерге бұдан да артық жағдай туғызған. Сонымен бiрге, ананың капиталы деген бар. Онда әрбiр ананың есепшотына бiр миллион алты жүз жетпiс мың теңгеге жуық қаражат құйылады. Бұл туу деңгейiн көтеруге тиiмдi ме? Тиiмдi. Онда көршi Ресейден Қазақстанның несi кем? Байлығы аз, қазынасы құрғақ, қаңырап тұр ма? Әлде халқы көп, бала туатын азаматшасы көп пе? Жоқ, әсте олай емес. Ке­рiсiн­ше, Ресейдiң халқы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда көп. Халқымен есептегенде байлығы да аз. Сонда да қазынасы 23 миллионға жуық балаға жәрдемпұл қарастырған. Ал бiзде ше? Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау минис­трлiгiнiң мәлiметтерi­мен салыстырып көрiңiз де, ақ қарасын ажыратыңыз. Бiз­дегi мүмкiндiк­тер шаңында қалады. Негiзгiсi бұдан кiм ұтады, кiм ұтылады?
Асылы, Қазақстанның демографиясын өсiруге, ана мен баланы әлеуметтiк қорғауға бағытталған жұмыстар қағазда ғана бар. Iс жү­зiнде құрғақ сөз, есек дәме. Еселеп өскен жәрдемпұл дәл қазiргi таңда балаға жұмсалатын қаражатты өтемейдi де. Әркiмге қызыл жемтiк болған Қазақстанның қазынасы, ең болмағанда ана мен баланың қажетiне жұмсалмайтыны несi. Шындап келгенде, дәл осы жәрдемақыға қазынадан шығатын шығын, жалпақ тiлмен айтқанда, шелек түбiндегi жуынды ғана ғой, тәйiрi.  
Дилара ИСА
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
s | 13 қаңтар 2010 17:08
Өте орынды жазылған сын. Бізде сол балаға беретін жәрдемақы, егер ата-анасы жұмысты болса берілмейді емес пе? Және қорадағы малын, тауығының жұмыртқасын санайтыны тағы бар емес пе еді, жаңылмасам? Әйтеуір өзіміз балаларымызға ешқандай жәрдемақы алмаймыз.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар