1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (15529) 7 қыркүйек, сейсенбі 2010
22 маусым 2010

Қазiргi нарық заманында мұнай алпауыттары мен билiктегiлердiң өзара мүдде­лерiнiң бiте қайнасып жатқаны көзi ашық, көкiрегi ояу адамдарға құпия болудан қалған. Сол мұнайды өндiрiп жатқан мұнайшылардың ең­бекақылары олардың көрiп жүрген бейнеттерiне сай емес. Тиiстi деңгейде жалақыларын ала алмай жүрген мұнай саласындағы жұмысшылардың наразылық-акциялары соңғы кездерi көбейiп кеттi. Астанадағы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен «Қазмұнайгаз» Барлау Өн­дiру» АҚ-ның бас кеңсесiнде жұмыс жасайтын 23-27 жастағы, мұнайды өңi түгiл

22 маусым 2010

Жамбыл облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Кәрiм Көкiрекбаев бұрын көзге көп түсе бермейтiн. Облыс әкiмiнiң жай орынбасары кезiнде өзiмен-өзi, бiртоға, «сен тимесең мен тиме» саясатын ұстанды. Ендi Әулие ата жерiне Қанат Бозымбаев әкiм болғалы бiрiншi орынбасардың креслосына жайғасты да Көкiрекбаевтың көкiрегi көтерiлiп, аяғын маңғазданып басатынды шығарды. Қызмет деген адамды бiр күнде өзгертедi екен ғой, қайтсiн ендi... Шынында, бiрiншi орынбасар деген әкiмге ең жақын отыратын, ең көп ақылдасатын, әкiм жоқта осы елге әкiм бола тұратын оң қолы,

17 маусым 2010

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамал және Райымбек ауылдық округының аумағындағы бос жатқан жердi бес жүздей адам басып алды. “80 гектарға жуық мына жер әлi күнге игерiлген жоқ. Бұл жердiң иесi кiм? Мемлекеттiң жерi болса неге бiз сияқты пәтер жалдап, қаңғып жүрген Қазақстан азаматтарына бөлiп бермейдi?” – дейдi олар.  Әрине, жердi бұлай басып алу заңға қарама-қайшы. Әйтсе де, жиналған жұрт не дейдi? Талаптарын тыңдадық. Мұң-зарымен бөлiстiк. 6 сотық жерден дәмелi Нұрымхан Нұрәлиева “Шаңырақтағыдай” бала-шағаның обалына қалмайық

17 маусым 2010

АСТАНАМЫЗ АСҚАҚТАҒАНМЕН, АУЫЛДАРДЫҢ АЖАРЫ ҚАНДАЙ?

Сонау жылдары Елордамыздың Арқа жерiне қоныс аударуы жабайы жекешелендiруден есеңгiреп қалған ел-жұртқа кәдiмгiдей ес бердi. Оның көп адам мән бермейтiн геосаяси, рухани жағын айтпағанда жергiлiктi халыққа әлеуметтiк-материалдық тұрғыдан көмегi көп тидi. Ауыл жарықтық ажарынан айырылғасын, ендi не iстеймiз деп аңтарылған ағайын-жұрт ел орталығы Ақмолаға көшкеннен кейiн, солай қарай ағылды. Ең бастысы, ол жерде екi қолға бiр жұмыс бар. Құрылысқа кiрiп, кiрпiш қалайсың ба, болмаса, базар жағалап, арба итересiң бе, әйтеуiр, денi сау адамға кәсiп табылатын. Талайлар сосын қала аумағынан жер алып, баспана тұрғызып дегендей, әйтеуiр өлмес күндерiн көрiп кеттi.
15 маусым 2010

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары жан баласына қажетi болмай, әбден берекесi кеткен ауылдар, уақыт өте келе нарықтық өмiрдiң қыр-сырын игерiп, кейiнгi оншақты жылдың iшiнде түтiнiн кәдiмгiдей түзеп алды. Ауылдың тiрлiгiне тiреу болып отырғаны –қолындағы азғана малы. Киетiн киiмi мен iшетiн тамағы, басқадай тiрлiгi осы малға ғана тәуелдi. Одан басқа кiретiн кiрiсi болмағасын, ауылдың малсыз күнi қараң. Қар кетiп, көк көрiнiсiмен-ақ ауылдағы ағайын бiр қарасын базарға өткiзiп, жанар-жағарма­йын сатып алып, малының қысқы жем-шөбiн әзiрлеуге шығады.

1 маусым 2010

НЕМЕСЕ ҚҰРЫЛЫС КРАНЫ САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛЫ БОЛҒАН ЖОҚ ПА?

Қажымқан Мәсiмов құрылтайшыларының бiрi болып табылатын “HAS-ER KZ” компаниясында 120 мың доллар алашағым бар, егер компания ақшамды қайтармаса, құлап өлемiн деп құрылыс кранының басына шығып кеткен Гүлзейнет Әбiлованың әрекетi жайлы “Жас Алаш” өзiнiң өткен 40 – санында жазғанын бiлесiздер. Әбiлованың ақшасын бермей қойған адам ретiнде серiктестiк құрылтайшыларының бiрi Сапаргүл Махамбетованың аты аталады. Астанада орын алған бұл оқиға жайлы БАҚ бiткен сол күнi-ақ айқайлата жазып, тiптi көршiлес Ресей елi де әп-сәтте құлақтанып қалыпты.

20 мамыр 2010

«Алтын ғасыр», «Бейбiтшi­лiк», «Игалэтте», «Европейский», «Байқоңыр» тұрғын үй кешендерiнiң 292 үлескерi үкiметтiң 1 сәуiрдегi №277 қаулысымен келiспей­тiнiн бiлдiрiп, Кәрiм Мәсiмовке хат жазады. Мәсiмов жауап бермейдi. Сейсенбiде үкiмет үйiнiң алдына 50-60 үлескер келiп, Мәсiмовтiң түсiнiктеме беруiн талап еттi. Кеңсе бастығының орынбасары шығып, үлескерлермен тiл табыспақшы болған едi, бiрақ оның бұл әре­ке­тiнен түк шықпады. Олар үкiметтiң кез келген мүшесi­нiң бiрiмен кездесудi ойлаған.

12 мамыр 2010

 ЕМБI МҰНАЙШЫЛАРЫ АЙМАҚТЫҚ КОЭФФИЦИЕНТТI ЗАҢДАСТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТЕДI

Еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне көшуге байланысты ұсыныстар атыраулық мұнайшылардың да наразылығын тудыруда. Олар еңбекақыны төлеу жүйесiне өзгерiс енгiзуге үзiлдi-кесiлдi қарсы. Бұған қоса Ембi мұнайшылары ресми кәсiподақтан шығып, тәуелсiз кәсiподақ құратындарын мәлiмдеп жатыр. Сәуiр туғалы атыраулық мұнайшылардан маза кеттi. Жаңаөзендегi жарты айдан асқан мұнайшылар наразылығының iзi суып болмай Атырауда да жаңа толқынның лебi есе бастағандай.

5 мамыр 2010

Бұрнағы күнi Қызылағашта қаза болғандардың қырқы берiлдi. Асқа жиналған 3000-нан астам адам бақилық болған бауырларын еске алды. Аруақтарға бағышталып Құран оқылды. Артының жақсылығын тiледi. Мiне, осыдан кейiн барып ендi жақсылық болсын деп Талдықорғанда Мұқағали сөзiне жазылған әндердi орындаушылардың республикалық байқауы өткен едi. Байқау аяқталған күннiң ертесiнде облыс жұртшылығының өкiлдерi тағы да Қызылағашта бас қосты. Азалы ауылда алғаш рет күлкiнiң үнi естiлдi. Өйткенi, 45 отбасы жаңа үйге кiрiп, ошақтарына от жақты.

29 сәуір 2010

Осыдан бiр жыл бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi көшi-қон комитетiнiң төрағасы Хабылсаят Әбiшев дәл былай деген-дi: «Квота туралы заңды өзгертемiз («Халықтық көшi-қон туралы»). 15 қаулыны өзгертемiз. Квотаға зиялы адамдарды енгiзуiмiз керек. Кезiнде байқамай еңбек ресурсы деп елiмiзге зиян келтiретiн түрлi көзқарастағы адамдарды квотаға кiргiзiп жiбердiк. Бiзге Моңғолия мамандарының түкке керегi жоқ. Бұл мәселенi қазiр қарап жатырмыз. Екiншi мәселе – қазаққа қазақтай көмектесiп жатқан мемлекет жоқ. Бiзге қазақпен саудаласатын, қазақты тонауға келген қазақтың керегi жоқ. Ондай қазақтың бәрiн жабамыз»

10 наурыз 2010

БIРАҚ, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР: «ЕКIҰШТЫ ШЕШIММЕН МАЗАҚ ЕТПЕСIН», – ДЕЙДI

Түйенi түгiмен жұтқан «Ғибрат» республикалық көпбалалы аналар қоғамының бұрынғы басшыларына қатысты сот аяқталды. Алматы қаласы, Бостандық аудандық сотының судьясы Шынар Ерғалиева ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бабы, 3-бөлiгiнiң «Б» тармағы бойынша, яғни iрi мөлшерде алаяқтық жасағандары үшiн кiнәлi деп тауып, М.Бұтабаева мен Г.Мамытованы – 8 жылға, Ж.Балқыбекованы 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкiм шығарды.

23 ақпан 2010

«АҚБҰЛАҚТА» ЖӘНЕ БIР ШАҢЫРАҚ ШАЙҚАЛДЫ

Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы «Ақбұлақ» елдi мекенiндегi жер дауы бiтер емес. Аталған аудан әкiмшiлiгi мен iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi түн жамылып тұрғындардың баспанасын бұзуды тоқтатпай тұр. Естерiңiзге сала кетейiк, газетiмiздiң бұрын­ғы санында дәл осы елдiмекеннiң тұрғындары – аяғы жоқ мүгедек қартты, емшектегi екi айлық сәбидi ақ қар, көк мұзда далада қалдырғаны жөнiнде жазған болатынбыз («Жас Алаш», №12, 16 ақпан, 2010 жыл). Ендi мiне, «Ақбұлақта» және бiр үйдiң орны үйiндiге айналды. Бұл жолы шиеттей екi баласы бар отбасы баспанасыз қалды. Сорақысы сол, «үйдi бұзуға келген мемлекеттiк қызметкерлер жүктi әйелдiң iшiне тептi» – дейдi тұрғындар.

11 ақпан 2010

Сейсенбi күнi “Ақбұлақ” елдiмекенiнiң тұрғындары Алматы қаласы әкiмшiлiгiнде наразылық шарасын ұйымдастырды. Тұрғындардың айтуынша, дүйсенбi күнi Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы әкiмшiлiгi мен iшкi iстер бөлiмiнiң 50 шақты қызметкерi түнгi сағат 9-дар шамасында екi аяғы тiзеден жоқ ақсақалды, бесiкте екi айлық баласы бар келiншектi және оның әпке-сiңiлiлерiн әй-шайға қарамастан далаға сүйреп, “лашығының” есiк-терезесiн бұзған.

4 ақпан 2010

«Жас Алаш» редакциясының қоржынына Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында тұратын тоғыз отбасынан хат түстi. Қысқа қайырғанда хатта былай делiнген: “Зайсан қаласы, Шаймардан көшесi 59-үйдiң қазығы қағылғанына 60-70 жыл толды. Қабырғасы қамыстан соғыл­ған, төбесi жұқа тақтаймен шегеленген. Бұрын аурухана, артынан жатақхана болған. Онда тоғыз отбасы тұратын едiк. Көбiнiң балалары кәмелет жасқа толмаған.

26 қаңтар 2010

НЕМЕСЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЕСЕПШОТЫН ТАЛДАУ НЕЛIКТЕН ӘРКIМНIҢ ДАҒДЫСЫНА АЙНАЛУЫ ҚАЖЕТ

Естерiңiзде шығар, бұрындары “Көңiлдi мәрелер” атты спорттық құмар ойыны болатын. Өз басым мұны бала кезiмнен бiлемiн. Кейiннен балабақша мен мектепте өз балаларыммен әртүрлi конкурстарға ықыласпен қатыстым. Бiр кездерi бұл дәуреннiң өтiп кеткенiн, әлдебiр өмiрлiк құштарлықтың жетiспейтiнiн шамалағандай болдым

беттер:«1 / 2 / 3 / 4»