1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
31 тамыз 2017
Су жаңа 69 көліктің жәрдемі болмай тұр

Қызылордада жол-көлік оқиғасы өткен жылға қарағанда 4,8 пайызға артқан. Яғни жол апатының ұзын саны 49 135-ке жетіпті. Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев бұл ретте көш бастап тұрған себеп: жол ережесінің бұзылуы, мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты шамадан тыс арттыру екенін алға тартып отыр. Одан бөлек, жақында ғана қолданысқа берілген

29 тамыз 2017
Қазаққа қанша көкжиек керек?

Айдос САРЫМ
арнайы «Жас Алаш» үшін

«Қазақстан» ұлттық арнасы толықтай ребрендинг жасап, өз атауын жаңалап «Qazaqstan» деп ауыстырып, құрамына кіретін барша құрылымдық және аймақтық бөлімшелерінің атын латын қарпіне көшірді. Оның алдында мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» орталығы еліміздің республикалық дәрежедегі 100 қасиетті, қастерлі тарихи және табиғи орындарының

22 тамыз 2017
Жедел жәрдем өзгерді

Жедел медициналық көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығы бойынша, енді алғашқы медициналық көмекті дәрігерлер бригадасы жеткенше медициналық білімі жоқ адамдар да көрсетуі мүмкін. Бұйрықта сонымен қатар жедел жәрдем бригадасының түскен қоңыраудың шұғылдығына байланысты келіп жету уақыты

22 тамыз 2017
Балабақшаны табыс табу үшін ғана аша ма?

Қызылорда қаласында барлығы 200-ден астам балабақша бар. Алайда саны жағынан басымдық танытып отырғанымен, сапа жөнінен алдыңғы орынға табан тірей алмай отыр. Ұрпақты ұлағатты жолға салады деген балғынжайларымыздың бірінің басшысы қызметтен шеттетіліп жатса, енді бірінде бүлдіршінді таяқтың астына алған деректер әшкере болған. Бұл күнде қоғамдық кеңестің жүргізген тексеруі нәтижесінде

22 тамыз 2017
«Бір грамм қоқыста миллиард микроб бар»

Ел аумағындағы полигондарда 25 миллиард тоннадан астам қажетсіз қалдық үйіліп жатыр. Яғни әр тұрғынға бір жарым мың тоннадай қоқыс тиесілі. Мұны аз көрсеңіз, жыл сайын 700 мың тоннадай қоқыс полигондарды үсті-үстіне толтыра бермек. Ал бұл қоршаған ортаға қып-қызыл зиян. Түтіні түзу батыс елдері қоқыстан зиян шекпейді, қайта пайда көреді. Біз де сондай

22 тамыз 2017
Құдалар салатын қоқыс зауыты қайда?

Оңтүстікте соңғы 10 жылдың көлемінде қоқыс өңдейтін зауыт салу «жырға» айналып келеді. Жаңылыспасақ, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын кәсіпорын салу 2006 жылы Шымкенттің әкімі болған Өмірзақ Әметтің кезінде қолға алынған. Сол жылдары жергілікті теле-дидардан сұхбат берген әкім тұрғындарға «енді жақында сіздерден қоқысты сатып алатын

17 тамыз 2017
Елдің бәрі бидай ексе де, жағдай жақсармайды

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту техника, тыңайтқыш, тұқым тауып берумен ғана шектелмейді. Сол сияқты ауыл шаруашылығы саласының жетістігі тонна, центнермен есептелмеуі тиіс. Ең басты жетістік – шаруаның қолған алған тірлігі баянды әрі табысты болуы. Қаптаған техникасы тепсініп тұрса да, дұрыс бағдарламалаудан небір шаруалар банкрот болып қалуда. Немесе бір жылы тонналап астық алып, келесі жылы бидайдың

17 тамыз 2017
Нұрсұлтан, Асқар, Ислам студент атанды

Осыдан 17 жыл бұрын Шымкенттегі тілшілер қосынына жүзі күреңітіп, әбден әбіржіген отыздардағы жігіт имене келіп кірді. Әңгімені неден бастасам екен дегендей біразға дейін өз-өзіне келе алмай қипақтап отырды. «Иә, қысылмаңыз, келген шаруаңызды айта отырыңыз», – деп біз дем бергеннен кейін ғана батылданып тілге келді. – Ағасы, талай табалдырықты тоздырып, ешкімнен қолдау таппағаным былай тұрсын, көңілімді жұбатар

17 тамыз 2017

Жоғарыдан бұйрық түссе еріксіз қолындағы борын тастап, көше тазалап кететін, жергілікті шенділердің айдауымен түрлі іс-шараларда «тобыр» боп жүретін, бала-шағасына қимаған уақытын көрмелер мен жиындарға қор қылатын мұғалімдерді енді жаппай демалысқа жіберіп жатыр. Мәжбүрлі түрде. Еріктерінен тыс. Демалғанның несі айып дерсіз? Айыбы – ұстаздардың ақшадан қағылуы

17 тамыз 2017
ЭКСПО шығыны: 10 ПАЙЫЗЫ ҒАНА АҚТАЛДЫ

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов мемлекет басшысының қабылдауында болып, миллиардтаған доллар жұмсалып, ел бюджетін алапат шығынға батырған көрменің кірісі мен шығысы туралы есеп беріп, жетістіктерін баяндап берді. Есімов мырзаның айтуынша, үш айдың ішінде ЭКСПО-2017 көрмесін 2,5 миллион адам тамашалап үлгеріпті

17 тамыз 2017
Баталов бата берген әкім неге басына береді?

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұйғыр ауданының әкімін ауыстыру-ауыстырмау туралы жүз ойланып, мың толғанып жүргені анық. Әншейінде сәл қия басқан әкімді әй-шайға қаратпай орнынан ұшырып түсіретін облыс әкімі осы ауданға келгенде, шынында, тым ұзақ ойланып, «тәуекел» деуге жүрегі дауаламай тұрған сияқты. Әрине, аудан әкімін алып тастауға

15 тамыз 2017

Тамыздың 10-ы күні Семей қалалық мәслихатының депутаттары қалаға қарасты 16 ауылдық округтің 10 әкімін «орындарына отырғызды». Мәслихаттағы жалпы саны 24 депутаттың 18-і ауыл әкімдерін сайлауға ерінбей қатысты. Әкім сайлаған депутаттар атқарған жұмыстарын «заң талаптарын сақтай отырып, ашық түрде өткізгендерін» тау қопарғанбай баяндады. Бір қызығы, «таза, әділ және бәсекеге толы» өткен бұл науқанды насихаттауда телеарна, жергілікті журналистер қалыс қалды. Сайлаудың мөлдір судай таза өтеріне күмәні

15 тамыз 2017
«Лас-Вегастан да әдемі болуы керек» деп еді...

ЕЛДІ ТАҢДАНДЫРУДАН ЖАЛЫҚПАЙТЫН ӘБДІРАХЫМОВ ЕКІ ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫ?
Бұл осыдан екі жыл бұрын болған-ды. Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанына әлі бір ай да толмаған. Бірақ әкім командасын жасақтап үлгерген. Жаңа мэр тың. Тың болған соң

15 тамыз 2017
ҰБТ – ұлттық бірыңғай тәлкек

Жылда осы: айқай-шу, өзіне-өзі қол салу, сауатсыз сұрақтар, жылаған жас, күрсінген ата-ана, реформашыл министр. Қанша жыл өтсе де, бірде-бір рет тыныш тестілеу өткізе алмай-ақ қойдық. Министрлік «дұрыс таңдау жасамады» деп талапкерді кінәлайды, ата-ана министрлікті кінәлайды. Ақыры кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін айырудан қаласың. Болашақтың таңдауы

10 тамыз 2017
12 миллиард теңгені босқа төлеппіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2017 жылғы шығындарын қайта қарап, жиынтығы 12 миллиард теңгені қысқартып тастапты. Қысқарту деген аты болмаса, салымшы үшін бұл үнем ғой. «Қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығындарын 23 пайызға азайттық. Яғни 1 млрд 400 миллион теңгеге қысқартылды. Сондай-ақ іссапар шығындарын 36 пайызға төмендеттік», – деді

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»