1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
5 мамыр 2017
Қарабұтақ қан түкіріп тұр

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы тұрғындарының айтуынша, өткен оқу жылында ауылдағы 62 (!) оқушы туберкулез жұқтырған. Үш мыңнан астам тұрғыны бар бұрынғы аудан орталығына бұл қайдан келген зауал? Өкпе құрты дегенді білмейтін жұрт аяқастынан жұқпалы дертті қайдан тапты? Ақтөбеден 250 шақырым жердегі, Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астана тас жолының бойындағы, іргесінен Ырғыз өзені ағатын Қарабұтақтың қақ ортасына

3 мамыр 2017
Семейді шалшыққа батырған енді мәдениетті қолға алды

Бала кезімізде үлгерімі нашар оқушыны үздік оқитындармен бірге отырғызып, әйтеуір, оқу жылының соңына дейін бірдеңе етіп келесі сыныпқа көшірудің амалын жасайтын мұғалімдерді білетін едік. Өйткені сыныбында оқу үлгерімінің нашарлығынан көшпей қалған оқушы табылса, мектеп директоры сынып жетекшісін аямайтын. Қазіргі күнде Семейдің әкімдігінде кадр тағайындаудың

3 мамыр 2017
Биыл талапкерлер ҰБТ-ны билетпен де тапсырады

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы ел ішінде әртүрлі әңгіме бар. Жыл сайын ҰБТ сұрақтарының тым жеңілдігі, ұсақ-түйек дүниелердің де қосылып кететіні «жыр» болып жатады. Өткенде ғана Баян Есентаеваның жеке өмірі, Нұртас Адамбаев түсірген кинолар тест сұрақтарына кіріп, елді бір шулатты. Оған дейін де адам түсінбейтін сұрақтар кездесіп жатты. Жалпы, ҰБТ сұрақтары қалай дайындалады? Біз осы сұрақты «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры

29 сәуір 2017

Қазақстанда 2 миллион 400 мың адам баспана кезегінде тұр. 700 мыңнан аса отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ай сайын жарна салады. 400 мың отбасы жергілікті әкімдіктерден баспана күтіп отыр. Ал 10 сотық жер телімін алуға тіркелгендер саны – 1 млн 312 мың 831 адам. Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеген инвестициялар және даму министрлігіне қарасты құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің ресми мәліметі. Пәтер кезегіне тұрмаған қазақстандықтардың санын

27 сәуір 2017
Сел жұтқан, желге ұшқан, жер құшқан миллиардтар...

Қазақта «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Бірақ бүгінгі Қазақстан үшін айғайлап, аттандап, түре тиісіп, түрлене келетін бір апат бар. Ол – су тасқыны. Иә, көктемгі жылымықта еліміздің көптеген өңірлерін су басу әрекеті кейбір адамдарға солай болуы керек секілді құбылысқа айналған. Тап бір көктемгі уақытта су тасқыны болмаса, су тасқынынан ешкім зардап шекпесе, сол жылдың сәні болмайтындай елестейді. Бұлай деуімізге де себеп жоқ емес. Өткеннен сабақ алмайтын билік пен үкіметтің салғырттығы,

25 сәуір 2017
Жақсы жалақы алу үшін жарықтың бағасын көтермек...

Онсыз да жолдың зарын айтып, запы болған семейліктер енді мамыр айынан бастап жарық бағасын 11,542 теңгелік тарифпен төлейтін болады. Бұл бұған дейінгі бағаның 3,9 пайызға өскендігін көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының 1,5 млн халқын жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің бұл шешімі, әрине, қарапайым

25 сәуір 2017
Superman

Астананың әкімі Әсет Исекешевке қала шетіндегі Талдыкөл жағасында киіз үйде тұру «бақыты» бұйырмаған сияқты. Есесіне оған АҚШ мультфильмдеріндегі балалардың сүйікті кейіпкері – superman болу міндеті тұр. Исекешев бұған дейін де әлеуметтік желіде supermen болып көрген. Бірақ онысын енді шынайы өмірде төрткіл дүниенің алдында дәлелдеуі тиіс. Жалпы, Астанада өтіп жатқан ресми жиындардың есебі жоқ. Осы жиындардың ең қызығы – ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығы. Мәселен, былтырғы жиында президент сол кездегі

20 сәуір 2017

«Жас Алаштың» 11 сәуір күнгі санында «Алматы облысы Путиннің билігінде ме?» деген тақырыппен мақала жарық көрген еді. Мақалада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылының Абай көшесіне төселуі тиіс асфальттің жолдың 700 метріне жетпей қалғаны және Балтабай ауылдық округінің әкімі Бақытгүл Дүйсебекова мен Бірлік ауылының тұрғыны Наталья Бояркинаның арасындағы жол мәселесі бойынша әңгімесі сөз болған еді. Газет көтерген мәселе бойынша облыс әкімінің баспасөз қызметіне хабарластық. Баспасөз қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

20 сәуір 2017
«Адамды аямайсыңдар...»

 

«Кітаптарым суға ағып кетті. Әкемнің де, мамамның да жүрегі ауырады. Маңдай терімізбен бір тиындап жинадық осы үйді салу үшін... Көмек неге келмейді? Адамды аямайсыңдар...» Осылай деп ағыл-тегіл жылаған ақтөбелік Махаббат есімді кішкентай қыздың шырылы әлеуметтік желілерде тез таралып, жұрттың жүрегін ауыртып, жанарына жас үйіргені анық. Қаршадай қыздың ашынып айтқан бес-алты-ақ ауыз сөзі үйлерін су басқан Ақтөбедегі ағайындардың аянышты жағдайын дөп басып, шарасыз күйлерін айғақтап тұрғандай... Әкім де адам ғой. Үйсіз-күйсіз қалған, кітаптарынан айырылған

13 сәуір 2017
Қазақ қақпасының кілті... қыздарының құшағында

Бейресми деректерге сүйенсек, тәуелсіздік алғалы бері қытайға тиген қазақ қыздарының саны 24 мыңға жуықтап қалыпты. 2016 жылдың өзінде ғана елімізде қиылған 6687 аралас некенің 127-сі қытай азаматтарымен болған екен. Соның ішінде 61 қыз беріп, 66 келін алыппыз. Яғни экономикалық тауар алмасудан бөлек, қыз берісіп, қыз алған қазақ-қытай құдалығы да қарыштап дамып

13 сәуір 2017

Семейде сенбі күні аяқасты «митинг» өтті. Төзімі таусылған қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық білдіріп, жоғары жаққа талап қойды. Айтқан сөздерінің жаны бар: Би Боранбай көшесіндегі жолдың талқаны шығып, қазандай шұңқырларына су толып көлге

13 сәуір 2017
Қазақ ұлтшылдығы қандай болуы керек?

«Қазақтар» қойылымында (Қ.Ысқақ, Шахимардан) Қасым ханның серігі әрі қорғаушысы есепті жүретін Мойынсыз деген кейіпкер бар. Спектакльдің соңғы сценаларының бірінде Қасым хан Мойынсызға бостандық береді. Сонда ес білгелі ханға қызмет етіп келген Мойынсыз: «Хан ием, қайда барамын?» – деп дағдарады. Қайда барады? Ол – Мойынсыз ғой. Қарап тұрсақ, қазіргі қазақ

11 сәуір 2017

Оқу жылының төртінші тоқсаны басталып кеткеніне бір аптадан асса да, Талды стансасының балалары мектепке барудан қалды. 17 шақырым қашықтықтағы Шақаман ауылы іргеде тұрғандай көрінгенімен, арнайы тасымалдайтын автобустың жолы ми батпаққа айналып, 17 оқушыны сабаққа апару мүмкін болмай тұр. Теміржолшылар отбасылары тұратын Талдының өзі де қар суының құрсауында қалған. «Қазақстан теміржолы» ҰК жіберген жұмыс бригадасы қолдан келгенше

11 сәуір 2017

Биылғы қыс оңтүстіктегі елді біраз әуреге салды. Суық жылдағыдан ерте түсіп, көктем кеш шықты. Халқы тығыз қоныстанған Мақтаарал ауданында осындай қысылтаяң кезде «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартқан» жағдай орын алды. Оқушы толы мектепті жылыта алмай жатқанда пешке жағатын көмір сапасыз болып шығып, қыс бойы әбден діңкелетіп, оқушылар дірдек қақты.
Жалпы, Мақтаарал ауданында 125 мектеп бар. Солардың бірі өзім қызмет ететін Атакент өңіріндегі Бірлік жалпы орта мектебіне бұған дейінгі жылдары түсірілген көмірге

11 сәуір 2017

Әгәрәки, «қырғыздар қазақтардан бақуатты өмір сүреді» дегенге саятын әңгімені Алатаудың арғы бетіндегі көп шенеуніктің бірі айтқанда сыпсың сөзге, бос даурықпаға балап, тіпті арнайы тоқталудың қажеті де болмас па еді. Ал «... біздің Талас облысының тұрғындары көрші елдегі кей азаматтардан, мысалы, Жамбыл облысының адамдарынан жақсырақ тұрады» деген сөз басқа-басқа емес,

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»