Қазiр несиеге қол жеткiзе алмай жүрген жұрт көп. Әсiресе, дағдарыс алқымнан алып, қаржы тапшылығы қысқалы берi несие алу тiптен қиындады. Қайсыбiр банктер онсыз да қатал талаптарды одан бетер ауырлатып жiбердi. Несие алмас бұрын алдын ала 30 пайыз комиссиялық жарна төлеу керек, кепiлдiкке қойылатын мүлкiңнiң құны жоғары болуы тиiс, осы тәрiздi толып жатқан талаптарды естiгенде төбе шашым тiк тұратын. Сөйтiп, бүгiнде несие алу мұңға айналды деп түйгенмiн. Осылайша несиеге қол жеткiзе алмаймын-ау деп жүргенде танысым Альянс банкiнен несие алғанын естiдiм.
Егер «Маринский» наны қажет болса, «Нан даласына» бару керегiн павлодардағылардың барлығы бiледi. Онда мейiз бен бал қосылған «Маринский» наны ғана емес, дәмдi нанның 18 түрi бар. «Немецкий», «Прииртышский», «Отрубной» нандары, сондай-ақ «Литовский» және «Студенческий», «Хала», «Багет» батондары үлкен сұранысқа ие. Тұрғындар бұл жердiң наны дәмдi, хош иiстi әрi сапалы болғандықтан жақсы көредi. Күн сайын «Нан даласы» павлодарлықтарға 8 000 - 11 000 дана нан жiбередi екен. Ал тұрғындар ендi келесi нанға, саны бойынша нанның жиырмасыншы сұрыбына, қандай атау берiлетiнiн ойлап отырған сияқты.
Биылғы жылдың 12 мамыр күнi «Эйр Астана» әуе компаниясының «Эйрбас А320» ұшағы Ақтау – Атырау – Астана бағытына кезектi рейс жасауға даярланған-ды. Авиалайнер Ақтаудан жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13.40-та КС 182 рейсiмен ұшу керек едi. Жолаушыларды алдын ала отырғызудың аяқталуына 15 минут қалғанда Маңғыстау облыстық ауруханасының «Жедел жәрдем» көлiгi бизнес-класқа науқас жолаушыны (аты-жөнiн этикалық себептермен жазбадық) алып келдi.
Осынша уақыт туған халқы толғатқан мәселелердi бақайшағына дейiн шағып, ешкiмнiң бет-жүзiне қарамай, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, сүйiктi басылымға айналу оңай емес. Қазақтың ең үздiк үрдiстерi мен дәстүрлерiн дамытып әкеткен «Жас Алаш» алғашқы адымынан ақпарат айдынына жастық жалауын көтерiп шықты. Заман ыңғайына қарай бiрнеше мәрте атын өзгерткен газет ел-жұрттың жан бұлқыныстары мен жүрек лүпiлiн бере бiлдi. Бұл газетте халқымыздың ең таңдаулы ұл-қыздары еңбек еттi.
«Жас Алаш» газетiнiң карикатурашысы Ғалым Смағұлұлы – талай халықаралық бәйгелердiң жеңiмпазы. Бұл жөнiнде кезiнде газетiмiзде жазылды да. Осы таяуда ғана Ғалым Виандин (Люксембург) бәйгесiне қатысып, жүлделi үшiншi орынды иелендi. Виандин бәйгесi – әр жыл сайын дәстүрлi түрде өткiзiлiп келе жатқан карикатурашылардың халықаралық жарысы. Бұл жарысты ұйымдастырушы – «Виандин карикатура мұражайы».
Жуырда «Қазақтелеком» АҚ мен «Қазақстан Халық банкi» АҚ жұртшылық назарына бiрлескен жоба ұсынды. Жаңа жобаға сәйкес ендi банк бөлiмшелерi сервистi кеңейту – телекоммуникация орындарында ашылмақ. Бүгiнгi күннiң өзiнде банк Алматы, Өскемен, Семей және Қызылорда қалаларындағы «Қазақтелеком» АҚ 9 сервистiк орындарында 22 кассалық терезелерiн ашып үлгердi.
Бейсенбi күнi «Қазақстан Халық Банкi» АҚ қызметкерлерi №2 арнаулы мектеп-интернатының ауласына ағаш отырғызып, мектеп ауласының көгалдануына өз үлестерiн қосты. Банк төрайымының орынбасары Асқар Сағидоллаұлы Смағұловтың айтуынша, бұл банктiң алғашқы және соңғы қайырымдылық шарасы емес. Мекеме бүкiл Қазақстан бойынша ондаған балалар үйiне көмек көрсетiп, оларға қолдарынан келгенше жәрдем беру жұмыстарымен айналысады. Бұл мектеп-интернат директоры Сәуле Сартайқызы да балаларға бiлiм беру iсiнде демеушiлердiң көмегiн ерекше атап өттi.
Құрметтi оқырмандар! Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесiнiң төрағасы Серiк Аханов «Жас Алаш» оқырмандарын толғандырған сауалдарға жауап бередi. Банк секторы, сақтандыру, зейнетақы қорлары, қаржы саласына қатысты қояр сауалдарыңыз болса, aika902007@rambler.ru немесе elnur-alimova@mail.ru электронды поштасына жолдаңыздар. Сондай-ақ сұрағыңызды 397-55-92, 397-52-17 телефондарына хабарласып та қоя аласыздар. Сұрақтар 27 сәуiр күнi кешкi сағат алтыға дейiн қабылданады.
Биылғы Наурыздың жөнi бөлектеу болғалы тұр. Олай дейтiнiмiз, жақында ғана БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «21 наурыз – халықаралық Наурыз мерекесi» деген арнайы қарар қабылдады. Сөйтiп, бiздiң төл Наурызымыздың, күллi Шығыс халықтарының төл мерекесiнiң аясы да кеңiдi, мәртебесi де өстi. Әрине, бұл – үлкен қуаныш. Осы жерде айта кету керек шығар, Наурызды халықаралық мереке деп тану жөнiндегi ұсынысты БҰҰ-ға Әзiрбайжанның Сыртқы iстер министрлiгi түсiрдi.
“БТА Банкi” акционерлiк қоғамының еншiлес ұйымы – “Темiрбанк” акционерлiк қоғамы (Қазақстан Республикасында №4814-1900-АҚ нөмiрiмен тiркелген) қайта құрылымдау жоспарын бекiту үшiн қайта құрылымдауға қатысушы кредиторлардың жиналысын шақыратыны туралы хабарлайды. Қайта құрылымдауға қатысушы кредиторлар тiзiмi:
Өткен сейсенбi күнi түс ауа Республика алаңында «тентек» суретшi Қанат Ибрагимов наразылық акциясының ерекше түрiн өткiздi. Ол алаңға жуандығы бiлектей сазан балық алып келдi де ...балтамен басын шапты. Бұл шараны суретшiнiң өзi «перформанс сериясының басы немесе қазақ халқының ежелгi салт-дәстүрiнiң жалғасы» деп бағалады.



