1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Ұлт көшбасшысы» заңы қабылданған күнi С.Дуванов пен А.Свиридов екеуi ғана наразылық шарасын өткiздi. Қазақ қоғамы неге бұларға қосылмады?
Футболдан әлем чемпионатын көруден қолы босамағандықтан (8%)
Саяси бойкүйездiктен (56.7%)
Назарбаев қажетсiз заңды өзi-ақ қайтарады деп сенгендiктен (19.3%)
Бұл жайттан хабары болмағандықтан (16%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Менiңше, ойлау қабiлетiң жақсы болуы үшiн басқа үнемi жұмыс iстету керек. Егер бас ойланбаса, басқа органдар да жұмыс iстемейдi. Физикалық дайындық та аса маңызды. Денсаулықты үнемi күту керек. Еркекке ләззат сыйлайтын жақсы нәрселер бар. Мен оларды атамаймын, сiздер бәрiн түсiнiп отырсыздар.  
ҚазҰУ 75 жылдығына орай студенттер алдында сөйлеген сөзінен
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15475) 2 наурыз, сейсенбі 2010
2 наурыз 2010
Басын шапты...

Өткен сейсенбi күнi түс ауа Республика алаңында «тентек» суретшi Қанат Ибрагимов наразылық акциясының ерекше түрiн өткiздi. Ол алаңға жуандығы бiлектей сазан балық алып келдi де ...балтамен басын шапты. Бұл шараны суретшiнiң өзi «перформанс сериясының басы немесе қазақ хал­қының ежелгi салт-дәстүрiнiң жалғасы» деп бағалады.

Шара өтетiн күнi алаңға журналистер, суретшiнi қолдаушылар көптеп жиналыпты. Полицейлер де аз емес. Қ.Ибрагимов уәделескен уақыттан кешiкпей келдi. Суретшi тәуелсiздiк мону­ментiнiң дәл түбiне жайғасып, қағазға орап әкелген балықтың басын шабуға ыңғайлана бастап едi, жай киiммен келген полицейлер оны жан-жақтан қаумалап алып, балыққа жармасты. «Мұндай үлкен балықты қайдан ұстағансың?» — деп жатты араларындағы бiреуi. «Қасиеттi жерге балық әкелгенiң не?!», — дегендерi де болды арасында. Ақырында еңбектенiп әкелген балығын иесiне қайтарып бердi. Бiрақ, «бас шабу» шарасын монументтен аулағырақ барып iстеудi сұрады.
Содан Қ.Ибрагимов әрiрек барды да, балықты жерге қойды. Сосын: «Балық басынан шiридi! Рыба сгниет с головы!» – деп қазақ және орыс тiлдерiнде бiрнеше мәрте айқай салды да, балықтың басын шауып тастады.
Сол аралықта Ибрагимовке подполковник шенiндегi полиция қызметкерi келiп, iшкi iстер бөлiмшесiне баруы керектiгiн айт­ты. Суретшi қарсыласқан жоқ. «Бәрiбiр жайыма жiбермей­сiңдер ғой, баратын жерiмiзге тезiрек барайық» дегендей поли­цей­лердiң алдына түсiп, дайын тұрған автобусқа кiрiп кеттi.
Суретшi Қанат Ибрагимовтың әрiптесi Сәкен Бектияровтың айтуынша, «бас шабу» шарасын ұйымдастырғандарды «қо­ғамдық тәртiптi бұзды» деп та­уып, түсiнiктеме алған соң үйлерiне жiберiптi.
 
Е.Биеке.     
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (7)
НАЗИКО | 2 наурыз 2010 15:11
Еріккен адамның тірлігі ғой.Атың шықпаса жер өрте деген осы
ШОҒЫ | 2 наурыз 2010 15:35
Сонда шіріген балықтың басының кім екенін полицайлар да тұспалдап сезген ғой, әйтпесе әлгі суретшіні соншама "құрметпен" автобусқа мінгізіп алып кетеді ме? Біз де бірдемені түсінген сияқтымыз, шамасы өте үлкен "НӘН" сазан шығар?!..
Қайрат | 2 наурыз 2010 19:13
Жарайсың Қанат бауырым! Осылай қазаққа кімнің кім екенін анық көрсетпесе болмайды. Әйтпесе біздің зиялы қауым бір адамның бір жерін жалаудан жалықпай, Қазақстанды Мазақстанға айналдырды ғой. Басқаша ойлайтын зиялымыздың барына шүкір.
Тау | 2 наурыз 2010 21:22
Арине дурыс істеген
батыс жигити | 3 наурыз 2010 01:28
Калай десек те оз пикирин,оз ойын демократиялык турде корсеткени ушин рахмет!!! Жайлап жайлап назарбаевтын куыршак бейнесин ортеитин боламыз!!! кул отандыктар индерине кирип шыкпаитындай болады али!!! Нагыз казак кайдасын? АТТАН!!!
Дәулет Асау | 3 наурыз 2010 08:20
Қазақтың қаны қарайып келеді. Әлі талай қарсылық акциялары болатынын ішім сезеді. Балықтардыңбасы шабылғаны жақсы
Ербол | 16 маусым 2010 02:33
назико дурыс айтат, ериккен адамдар го, ана омирге барганда оздеринин бастарын шабады го!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар