1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (16249)   10 тамыз, бейсенбі 2017
10 тамыз 2017
МАРИХУАНАНЫҢ ТАҒЫ БІР ЗАРДАБЫ АНЫҚТАЛДЫ

АҚШ-тың Джорджия университетінің ғалымдары марихуана есірткісін пайдаланудың тағы бір зиянын анықтады. Олардың байламы бойынша, марихуана шеккен адамның қан қысымы жоғарылап ажал құшу қаупі өте зор.
Мамандар NHANES (National Health and Nutrition Examination Survey) кең ауқымды зерттеуінің нәтижесін сараптай келіп осындай қорытынды шығарған. 2005-2006 жылдары 20 жастан асқан 1213 ерікті сауалнамаға қатысып, марихуананы пайдаланған-пайдаланбағаны жөнінде және қашан шеккені жөнінде мәлімет берген. Бұл деректер 2011 жылғы адамдардың өлім көрсеткішімен салыстырылды.
Респонденттердің 34 пайызы улы шөпті мүлде шекпегенін айтқан, 21 пайызы – қарасораны, 20 пайызы – қарасора мен кәдімгі темекіні пайдаланған, 4 пайызы тек шылым шеккен, 5 пайызы темекі тартуды қойып кеткен. Қалғандары бұрын темекіге үйір болса да, марихуананы шегуден де бой тартпапты. Қарасора тартқандардың орта мерзімі 11,5 жылға жеткен.
Ғалымдар қарасора шегу мен жоғары қан қысымынан, жүрек ауруынан және бас миының қан тамырлары үзілуінен қайтыс болудың арасында байланыс бар-жоғын тексерді. Респонденттердің жынысы, жасы және ұлты назарға алынды. Мәлім болғанындай, марихуанаға еліккендердің жоғары қан қысымынан өлімге душар болу көрсеткіші басқа топтардағы адамдарға қарағанда 3,42 есе жоғары екен. Қарасора шеккен әр жыл сайын өлім қатері 1,04 есе көбейе түскен.
Қарасора жүректің жиырылу жиілігіне әсер етеді және қан қысымының көтерілуін жеделдетеді. Марихуана шеккен адамдардың стенокардия мен инфарктқа душар болған сәттері де аз емес.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті