1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16257) 7 қыркүйек, бейсенбі 2017
7 қыркүйек 2017
Алтекеңнің соқпағымен...

Уақыттан асқан сыншы жоқ. Бір кездері Алтынбек Сәрсенбаев айтқан дүниелер уақыт өте келе ақиқатқа айналып, осы өмірімізде айна-қатесіз орын алып жатқанын көкірегі ояу азаматтар күн сайын сезіп те, байқап та жүр. Яғни ұлт пен тіл, мемлекет мүддесінің күрескері Алтыкең бүгінгі күннің тынысынан алыс күннің тіршілігін болжай білген сақа саясаткер екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Ендеше, Алтынбек Сәрсенбайұлының сөзі мен ісі күн өткен сайын алтындай жарқырай беретіні анық.
Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер А.Сәрсенбайұлының жаяу жүріп өткен тау жолымен тағы да сапарға шығамыз. Құрметті халайық, әріптестер, достар! 12 қыркүйек күні сағат 10-да Кеңсай зиратында Алтынбек Сәрсенбайұлының рухына бағышталып құран оқылады. 17 қыркүйек күні Алатау бөктеріндегі «Алтынбек соқпағымен» жүруге баршаңызды шақырамыз.
Кездесу орны бұрынғыдай – «Қазақстан» қонақүйі қарсысындағы субұрқақ маңы. Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысы. Жиналу уақыты – сағат 09:00.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар