1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
14 қыркүйек 2017
Қожайын

Қожайын
Бірде қоңыраулатқан, оған ілесе тарсыл-гүрсіл үннен асты бильярд, үсті үш қабат коттедждің іші күңіреніп қоя берді.
Есік алдына келе беріп:
– Коммуналдық қызмет түрлерінің төрт айғы пұлы төленбепті... – дегенше болмады:
– Кешіріңіз, олар шетелде. Туристік сапарға әрі демалуға кеткен.
– Сіз ше?
– Әзірге осы үйдің қожайыны мен, – депті инспекторға есік алдында тұрған тайыншадай шұбар ала төбет.

КҮҢКІЛ
Еден жуатындардың ішінде ені мен ұзындығының әрқайсысы жүз сантиметрдің шамасындағы бір еден жуғыш кездеме сыпыртқымен біраздан бері дос болыпты. Әрі екеуінің сыры да, мұңы да бір.
Бір күні техникалық қызметкер әйел сол кездемені жұмыс аяғында есіктің ішкі жағындағы табалдырықтың алдына тастай салды.
Жаз. Шілде. Оның үстіне ел астанасының төрт күндік мейрамы да келе қалды. Жұрт той тойлап жатқанда кеңселерде ауысыммен жұмыс істейтіндер қалды.
Босағада жатқан әлгі еден жуғыш кездеме әбден кеуіп, астындағы қалған-құтқан «май топырақты» бауырына алып жата берді. Әрі-бері жүргендердің бірі кенет аяқтың астында сырғып мазаны алған әлгіні жинап алды да, далаға лақтырып жіберді. Ал мұның бәрін босағада сүйеулі тұрған жерінен біреу қағып кетіп, шалқасынан түскен сыпыртқы көріп қалған.
Енді сыпыртқы жалғызсырай бастады. Оның үстіне сыпыртқы да кәрі-тұғын. Әбден тозған. Ұзамай ол да қоқыс төгетін бункерден бір-ақ шықты. Жұрт мейрамды тойлап, жұмыстарына орала бастады. Техникалық қызметкер әйел де жұмысқа келді. Ол ескі заттарының екеуі де қоқыста жатқанын біліп, бастыққа кірді.
Кабинетінде екен. Болған жайтты түгел түсіндірді. Басшы тиісті адамына нұсқау беріп, техникалық қызметкердің сұрағанын бергізді. Осының бәрін көріп, естіп тұрған, бастықтың кабинетіндегі су жаңа шаңсорғыш:
– Е-е, бұлардың да жаны сірі екен ғой. Әлі келе жатқаны ма? – деп кездеме мен сыпыртқыға менсінбей қараған күйі күңк ете түсті.

ЕКІ ЖЕҢНІҢ БАЙЛАМЫ
Қолмен серіктес болып барып жүргенде байқаса керек, көйлектің бір жеңі екіншісіне:
– Шалбардың мен барып жүрген жағы тесіліп қалыпты, – десе, екіншісі:
– Ондай тесікті мен де байқадым. Неғып шалбардың ол тесіктерді көрмей жүргенін... – дегенінше болмады, бірінші серігі: «Екі тесікті де тігіп тастау керек екен», – депті. Сөйтіп, екі қапталдағы екі қалта жөнінде екі жең осындай байламға келіпті.

Жақсылық КЕНЖАЛИЕВ
Алматы қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар