1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
19 қыркүйек 2017
Алтынбектің жолымен жаяу жүріп қайтты

Жыл сайын мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi қарсаңында көпшілік саясаткердің жаяу жүрiп өткен тау жолымен сапарға шығып қайтады.
Алаштың бүгiнгi замандағы ардақтысы атанған Алтынбек Сәрсенбайұлының сөзi мен iсi отандастарының жадында. Оны туған күнi қарсаңында ғана емес, әр кезде еске алып, қастерлейтiн халқы бар. Биыл да Алтынбектiң ел үшiн, халық үшiн атқарған абыройлы iстерiн аңсайтын, сағынатын көпшiлiк Алатауды бөктерлеп, Көкжайлау мен Құмбелдi басып өтетiн тау жолымен жаяу серуенге шықты. Кезiнде Алтынбек Сәрсенбайұлы осы асуды апта сайын асып, жолдастарымен сейiлдеп, ой сергітіп қайтатын. Он жылдан берi «Алтынбек асуымен» асып, тауға серуендеп шығатын жұрттың биыл да қатары қалың болды.
Тау жолымен жүрудi дағдыға айналдырған Алтынбек Сәрсенбайұлының серiктестерi, үзеңгiлестерi, туыс-туғандарының қатарына жастардың көптеп қосылғаны қуантты.  Кешегі жексенбiнiң таңында тауға өрлеген топ 14 шақырымдық жолды жаяу жүрiп өттi. Бұл дәстүр жыл сайын жалғаса беретіні де анық. Яғни ардақты азамат, сұңғыла саясаткердің сөзі мен ісі, жүрген жолы ешқашан ұмытылмайды. «Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың» үйлестiрушiлерi тау жолымен жүрушiлердi ынталандырып, қатысушыларға сый-сияпат көрсеттi.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті