1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Ұлт көшбасшысы» заңы қабылданған күнi С.Дуванов пен А.Свиридов екеуi ғана наразылық шарасын өткiздi. Қазақ қоғамы неге бұларға қосылмады?
Футболдан әлем чемпионатын көруден қолы босамағандықтан (8%)
Саяси бойкүйездiктен (56.7%)
Назарбаев қажетсiз заңды өзi-ақ қайтарады деп сенгендiктен (19.3%)
Бұл жайттан хабары болмағандықтан (16%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15448) 24 қараша, сейсенбі 2009
24 қараша 2009
Мәмбетовтың мектебi мәңгi жасай бермек

Қазақ өнерi тағлымы мол ұстаздан, талантты театр режиссерiнен айрылды. 78-ге қараған шағында КСРО Халық әртiсi, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, Қазақстанның Халық Қаһарманы Әзiрбайжан Мәмбетов дүние салды.

Қарашаның 19-ы күнi Әзiрбайжан Мәмбетовпен қоштасу үшiн Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрына ағылып келiп жатқан қаралы нөпiрде шек болмады. Осы күнi Мәмбетов мәйiтi Алматыға жөнелтiлдi. Әзағаң көзi тiрiсiнде Алматыдағы Кеңсай зиратынан, жан жары, марқұм Ғазиза Жұбанованың жанынан өзiне орын әзiрлеп қойған едi...
Әзiрбайжан Мәмбетов қазақтың театр өнерiн әлемдiк деңгейге көтердi. “Ана – Жер ана”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Қан мен Тер”, “Ғасырдан да ұзақ күн” Бұл қойылымдардың бәрi де – қазақ өнерiнiң алтын қорына қосылған асыл қазыналар.
Ә.Мәмбетов Ресейде туды. Орыс мектебiнде оқыды. Онан соң Мәскеудiң ГИТИС-iн бiтiрдi. Жүрегi әманда “қазақ” деп соққан Әзағаң қысқа уақыттың iшiнде қазақшаны жан-жақты әрi терең меңгерiп, ұлттық режиссураға жаңа мазмұн мен жаңа форма дарытып, ұлттық сахна өнерiн биiк белеске көтердi. Қарап отырсаңыз, бұл да – ерлiк. Үлкен ерлiк. Орысша оқып, өмiр бойы орыстың тiлi мен дiлiнiң мүддесiн көздеп өтетiн қазақ оқығандары аз емес арамызда...
Театр сыншылары 1960-1990 жылдарды “Мәмбетов дәуiрi” деп өте орынды атайды. Рас, Ә.Мәмбетовтың дәуiрi аяқталды. Бiрақ, Әзiрбайжан Мәмбетовтың мектебi – мәңгiлiк. Әзағаңның өнердегi ұлы өнегесi мен зор тағлымы мәңгi жасай бередi!
“Жасалаштықтар”
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар