1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Ұлт көшбасшысы» заңы қабылданған күнi С.Дуванов пен А.Свиридов екеуi ғана наразылық шарасын өткiздi. Қазақ қоғамы неге бұларға қосылмады?
Футболдан әлем чемпионатын көруден қолы босамағандықтан (8%)
Саяси бойкүйездiктен (56.7%)
Назарбаев қажетсiз заңды өзi-ақ қайтарады деп сенгендiктен (19.3%)
Бұл жайттан хабары болмағандықтан (16%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15452) 8 желтоқсан, сейсенбі 2009
8 желтоқсан 2009
Желтоқсан құрбандарын еске алу әрбiр қазаққа керек

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқына, қазақ жас­тарына ауыр тидi. Қанша азамат жұмыстан қуылды, үйдiң кезегiнен алынып тасталды, қаншама студенттер оқудан шығарылды. 99 адам сотталды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова құрбан болды.

Қайрат Рысқұлбековке кейiн­нен Қалық қаһарманы деген атақ берiлдi. Өткен жылы Ербол мен Ләззатқа Жаркент қаласында ескерткiш орнатылды. Бұл ес­керткiштiң орнатылуы Панфилов ауданының әкiмi Ермек Келем­сейiтов пен Алматы облысының әкiмi Серiк Үмбетовтiң арқасы деп ойлаймын. Мұхтар Шаханов ағаның келiсiмi бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысында ұлттық ойы­нымыз тоғызқұмалақтан жыл сайын Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған республикалық турнир өткiзiп келемiн. Биыл құдай қаласа он екi жыл болады. Әр жылдың өзiндiк қиыншылығы болды. Жылда демеушi iздеймiн. Осы уақытқа дейiн Арыста бармаған адамым қалмады...
Мен мектепте мұғалiммiн. Болмайтын нәрсенi iстейсiң деген мектеп директорын да көрдiк. Желтоқсан оқиғасы болмайтын нәрсе ме? Демеушi iздеп шаршадым. Ешкiмге алақан жаймайын-ақ деп 2006 жылы “Желтоқсан құрбандарын еске алу” қоғамдық қорын аштым. Қорға бiрiншi болып қандас бауырымыз Кемер облысының губернаторы Аман Төлеев өз қалтасынан 100 000 (жүз мың) рубль салды.
Оңтүстiкте қайтсем Желтоқсан құрбандарын еске аламын деп шырылдап жүрген азаматтың бiрiмiн. Желтоқсан құрбандарына жаны ашитын азаматтар табылар деген оймен қордың реквизитiн берiп отырмын.
“БТА БАНК” ДО филиал “Темiр БАНК” Шымкент қ.
РНН 581700213288
ИИК 000700947
БИК 195801777
КОД 16
“Желтоқсан құрбандарын еске алу”  қоғамдық қорының президентi Тоқтыбек Қарынбай.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
ҚАЗА-ақ ШЕР-кез | 15 желтоқсан 2009 18:16
Қазір қор құрып ақша жиғыштар көп. "Астанадағы Керей мен Жәнібек ескерткішін орнату үшін", "Жетімдерді жарылқау үшін" т.с.с. Бірақ жиылған ақшаның дұрыс жұмсалуы көбіне ақсап жатады. Сондықтан, ең дұрысы, ақшамен емес іспен көмектесу. Мәселен, "желтоқсандықтарға" өкіметтен пенсия бөлгізуді талап ету керек. "Ауғандықтарға", тіпті "Қазақстанға күштеп көшірілген (депортацияланған)шешен, неміс, кәрістерге, сондай-ақ "Чернобыль қызметкерлеріне" пенсия төлеп отырмыз ғой.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар