1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
30 маусым 2017
«Біздің мэріміз – ит»

АҚШ-тың Кентукки штатындағы Рәббит-Хэш қаласының мэрі болып тағы да ит сайланды. Бриннет Паултро деген аты бар үш жасар питбуль сайлауда тауықты, мысықты, есекті және басқа да кандидаттарды жеңіп шықты. 2010 жылғы санақ бойынша Рәббит-Хэш қаласында 315 адам тұрады. Бұл шаһарға ит төртінші

30 маусым 2017
Тынысы кең иероглифтер

АҚШ-тың Йель университетінің және Брюссель (Бельгия) корольдік өнер және тарих мұражайының археологтары тасқа қашалған ең ежелгі монументалдық иероглифтерді тауып алды. Ежелгі Египеттің әл-Каб қаласының орнын қазған кезде табылған жазбалардың «жасы» 5000 жылдан асып жығылады. Египет өркениетінің ерте кезеңіне тән иероглифтер

30 маусым 2017

Арман-қиял адам өмірін қаншалықты өзгерте алмақ? Мына әлем, мүмкін, компьютер дегеннің не екенін білмес пе еді, егер ақылы озық бір адамның басында компьютер жасап шығару туралы арманы болмаса? Қаншама керемет әнді тыңдамас па едік, егер Джон Леннон

27 маусым 2017
Әріптестеріміздің еңбегі еленді

Кеше Алматыда Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2017 жылғы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл Журналистер одағының сыйлығы 10 журналиске бұйырды. Солардың ішінде білім беру саласының ең өзекті әрі түйткілді проблемаларын жедел зерттеп жазудағы ізденістері үшін «Репортерлық жұмыс»

22 маусым 2017
«Нью-Йорк бандасының басшысы» кинодан кетті

«Оскар» сыйлығын үш рет иеленген британ актері Дэниел Дэй-Льюис актерлік карьерасын тәмамдады. Мұндай қадамға не итермелегенін ол ашып айтқан жоқ.
«Дэй-Льюис енді актерлікке қайта бет бұрмайды. Ұзақ жылдар бірге жүріп, ұзақ жолдардан бірге өткен әріптестері мен көрермендеріне ол зор алғыс айтады. Бұл – актердің өз шешімі. Өзі де, оның өкілдері де бұдан өзге түсініктеме бермейді», – деді Дэниелдің өкілі

22 маусым 2017
Құрғақшылық қасіреті таяп келеді

АҚШ пен Ұлыбританияның зерттеу тобының ғалымдары ғаламшардағы ауа температурасының шектен тыс жылынуы климаттық аймақтарды алмастырып қана қоймайтынын айтады. Бұл аномалды құбылыс жер бетіндегі адамдардың үштен бірін жоқ қылуы мүмкін. Ғалымдар 1900-ден астам географиялық 

22 маусым 2017
Прорвада – жаңа қондырғы

Мұнай-газ саласының инфрақұрылымын дамыту еліміз үшін маңызды басымдықтар қатарында. Саладағы қуанышты жаңалықтың бірі – «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты Прорва кен орындарында газды кешенді дайындау қондырғысының іске қосылуы. Қондырғының іске қосылуымен өңірдің экологиясы жақсарып, алынатын өнім қоры да молаймақ. Жаңа қондырғының салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қондырғы іске қосылып,

15 маусым 2017
Көш басында – Роулинг

Forbes Woman журналының орыс редакциясы 2016 жылғы ең табысты әйел жазушылар рейтингін жариялады. Бірінші орында – сиқыршы Гарри Поттер туралы кітаптар сериясының авторы, британиялық Джоан Роулинг. 2016 жылы ол өзінің «Фантастикалық аңдар және олардың тіршілік аралы» атты еңбегіне сценарий жазды және драматург Джек Торнмен бірге екі бөлімді «Гарри Поттер және қарғыс атқан балақай» атты

15 маусым 2017
Жас мұнайшылар бас қосты

1922 жылы «Ембімұнай» тресінің негізінде құрылған «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына биыл 95 жыл толып отыр. Осыған орай, акционерлік қоғамда іс-шаралар легі басталып та кетті. Соның бірі балаларға арналған болса, екіншісі – осымен мерейлі бесінші рет өткізіліп отырған «Жас мамандар күні». Компания ұжымы үшін жаз бойы қайырымдылық-демеушілік, спорттық және мәдени шаралар қыза түспек. Жаз демекші, демалысқа шыққан балалар арасында

8 маусым 2017

Әлемге танымал жазушы Рэй Брэдберидің кеңесін оқып шықтым. Сіз танысаңыз танитын шығарсыз. Ал менің бұл жазушы жайлы білерім өте аз. Себебі мен әлем классиктерін оқи бермеймін, қызықпаймын десем де болады. Қазақ жазушыларының шығармаларын оқып тауыса алмай жүргенде, әлем классикасы маған тым алыстау. «Егер жазушылыққа әуестеніп жүрсеңіз, жақсы көретін нәрселеріңізге он шығарма, өзіңіз ұнатпайтын нәрселер жайында он шығарма жазыңыз» деп өсиет етіп кетіпті Брэдбери. Былай қарағанда, миға қонымды

8 маусым 2017
Мен көрген көз

Өмірдің жайын ұғып, бар сырына белшеден қанық болу үшін пенденің мөлшерлі жасы да, есепті ақылы да жеткіліксіз. Бұл фәнидің құрылысы да, құбылысы да тым күрделі. Бірақ сонда да ғалымдар – жаңалық, ақындар шабытын іздеуге құмартып тұрады. Мен өмірді түсінбеймін. Иә, жасым жиырмаға келіп азамат болсам да, өмірге не үшін келгеніме, не үшін ғұмыр

1 маусым 2017
Сыны кеткен саймон

Белгілі хоккейші, ҚХЛ-да «Динамо», «Витязь» командаларында және ҰХЛ-дың бірқатар командаларында өнер көрсеткен Крис Саймон өзін банкрот деп жариялап, соттан қарыздарын сызып тастауды өтінді.  «Қарыздарымды төлейтін немесе басқалай келісетін еш амалым қалған жоқ. Қаржы жағдайым өте мүшкіл», – деді 45 жастағы ардагер. Өкініштісі, өзінің

1 маусым 2017
«Ашулы бұқа», «батыл қыз» және күшік

Бүкіл әлемге белгілі «Ашулы бұқа» ескерткіші Нью-Йорк қор биржасының алдына 1989 жылы рұқсатсыз қойылған еді. Оның авторы Артуро Ди Модика достарының көмегімен арнайы кран жалдап, 3200 келілік мүсінді орнатты. Бірақ полиция ескерткішті тәркіледі, ақыры Боулиң-Грин саябағының солтүстігіне, биржаға жақын тұста қалдырды. Жақында, дәлірек айтқанда,

25 мамыр 2017

Лондонның (Англия) Саачи галереясында селфи тарихына арналған «Селфиден өзіңді танытуға дейін» деп аталатын әлемдегі бірінші көрме ашылды. Көрмеге Рембрандт, Ван Гог, Енди Уорхол сияқты суретшілердің автопортреттерімен қатар, Ким Кардашьян сияқты қазіргі танымал адамдардың және ғаламтордың қарапайым қолданушыларының селфилері қойылған. «Селфи біз бірнеше буынның алмасу кезеңінде

25 мамыр 2017

Ресейдің Пермь қаласының тұрғыны Виола Новоселова Тынық мұхиттағы адам мекендемейтін аралды 99 жылға жалға алды. Арал Фиджи архипелагының құрамына кіреді. Бұл мекен «Көгілдір мүйіс» фильмінің кейбір эпизодтарында көрінуімен көпке белгілі. Новоселова – жеке кәсіпкер. Оның айтуынша, аралды

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»