1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
5 желтоқсан 2016
Әлемдi өзгерткен 100 фотограф
XIX ғасырда фотография өмiрге үлкен өзгерiс енгiзген басты жаңалық болды. Адамдар фотография арқылы әлемнiң әр түкпiрiнде болып жатқан жаңалықтарды өз көздерiмен көре алды. Қырым соғысы (1853-1856 жылдар) жайындағы деректi фотолар арқылы адамдар көп мәлiмет алды. Алғашқы әскери фотограф Роджер Фентонның елеулi еңбегi ретiнде Қырым соғысы кезiндегi 3,5 айда түсiрiлген 360 фотоны айтуға болады.Әскери соғыс аймағына Фентон түсiрiлiмге қа­жеттi құралдарды және заттар салынған 30 жәшiк алып келген едi. Британ басқармасының тапсырмасы бойынша, фотолардың өзгелер үшiн тиiм­дi болғанын қалаған Фентон өлген әскер­лердi, аштық пен суықта ауырып жатқандарды саналы түрде фотоға түсiр­медi. Осы ерекшелiгiн ескере отырып, Фентонның бұл ең­бегiн Қырым соғысы кезiн­дегi құжаттарға қосқан баға жетпес үлесi деп атады. Ауыр әрi өте қолайсыз фотоинвенторды ұзақ уақыт алып жүруге, оларды көтеруге қаншама күш керек? Осындай қиындықтарға қарамастан Роджер Фентон соғыс алаңында әскерлер мен жұмысшыларды, генералдарды, палаткалы қа­лашықтарды, сүйретпе­лердi фотоға түсiрдi. Көп­шiлiкке жағымсыз әсер ететiн құ­рал­дары бар, бетi жабық арба үнемi оның жанында жүретiн. Алғашында солдаттар фотолабороторияны соғыстың жаңа құралы деп ойлап та қалған екен.
Су тасушы, 1858 жыл1830 жылдың соңына қарай Роджер Фентон сурет салуға қызыға бастады. Дегенмен бұл салада ерекше жетiстiктерге жете қоймағандықтан, ол өнерден бас тартып, заңгер болуға шешiм қабылдады. Дәл осы уақыттарда фотография өнерiмен танысып, бұл салада жақсы жетiстiктер­ге тез-ақ жете бастады. 1847 жылы өзге де фотографтармен бiрi­гiп, “Calo­type Club” – Ұлыбританиядағы алғашқы фотографиялық клуб­ты ашты. 1852 жылы Фентон алғаш рет Ресейде болды. Оның Ресей қалаларын түсiрген ерекше фотолары Ұлыбританияда өте жақсы қабылданды, жас фотограф бiрден танымал болды. Өз елiне оралғаннан кейiн Фентон Ұлыбританияда Фотографиялық қоғам құруды қолға алып, 1853 жылы 10 қаңтарда Фотографиялық қоғам ашылды. Осы жылдың өзiнде ол Виктория патшайымның фотоларын түсiрiп, сол жылы Британ мұражайының ресми, сондай-ақ патшайымның жеке фотографына айналды.
Фентон 1858 жылы шығыс мотивтерi мен Ұлыбританияның архитектуралық, пейзаждық өнерiне қызыға бастады. 1862 жы­лы ол фотографиямен айналысуды тоқтатып, 1869 жылы өмiр­ден өттi.
Фотография өнерiне қосқан айрықша үлесi үшiн (әсiресе Қырым соғысы жайын­дағы деректi фо­толары) Фентон әлемдi өзгерткен 100 фотограф тiзi­мiне ендi.
Дайындаған Ақзия Иса
 
 
     
Ағылшындардың атты әскерiнiң лагерi, 1855 жыл
 
 
 Жаралы солдат 1856 жыл
 
 Ағылшын матросы түйенiң үстiнде, Қырым, 1855 жыл

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті