1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16194) 31 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
31 қаңтар 2017
FIAP – халықаралық фотоөнер федерациясы

FIAP-тың (ФР. FUDURATION INTERNATIONALE DE L’ART PHOTOGRAPHIQUE) құрылтай конгресi Берн (Швейцария) қаласында 1950 жылдың 17-19 маусым аралығында өттi. Халықаралық фотоөнер федерациясы әртүрлi елдердiң ұлттық фотография федерацияларынан ( FIAP мүшелiгiне қабылданған) құралады. Жыл сайын олардың саны артып келедi. FIAP-тың мақсаты – ЮНЕСКО-ның өтiнiшiнде көрсетiлген, 1945 жылдың 16 қарашасында Лондонда бекiтiлген, әлемде фотография бiлiмiн ғылыми деңгейде жетiлдiру. Сонымен қатар, фотография арқылы әлемдегi бейбiтшiлiктi сақтау үшiн мүшелiкке енген халықтар, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Саяси-идеологиялық қөзқарастар арқылы ұлтқа, дiнге, нәсiлге бөлiну FIAP қызметiнен толық алынып тасталынған.
FIAP-тың жоғарғы атқарушы органы – Конгресс, жай жағдайларда екi жылда бiр рет жиналады.Конгресс аралығында басшылық директорлар кеңесi арқылы жүргiзiледi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті