1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
13 қазан 2015
2016 жылдың қаңтар айынан бастап елiмiзде америкалық National Geographic журналының қазақша нұсқасы жарық көрмек. Жаһанның бiрнеше тiлiнде таралатын басылым Қазақстанның жағрафия әлемiне тыңнан түрен салмақ. Қазақтiлдi редакция ұжы­мы қазiр Вашингтонда алдағы тапсырмалардың соңғы тетiктерiн пысықтап жатыр. Журналист Жiгер Сәрсеннiң айтуынша, АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының ресми басылымы
13 қазан 2015
Тарихи фотосуреттер
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейi жариялаған “Тарихи фотосуреттер” республикалық байқауына фотосуреттер қабылдау жалғасуда. Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңiстiң 70 жылдығы, ҚР Конститу­ция­сы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.
13 қазан 2015
Қас қағым сәттi қалт жiбермейтiн шебер

Бүгiнгi күндерi белгiлi қазақтiлдi басылымдардың арасындағы фототiлшiлер санаулы ғана. Және де олардың фотосуреттерi газет беттерiнде жиi жарияланып жүргенiмен, өздерiн жұрт тани бермейдi. Негiзiнде фототiлшiлер көп оқиғалардың куәсi болғанымен, әрiптестерiнiң арасында болмаса, көпшiлiктiң алдында көп сөйлегендi қаламайды. Өзiмiзден гөрi түсiрген суреттерiмiз сөйлесiн дейтiндерi де бар.

13 қазан 2015
Ахмет Байтұрсынұлынан жеткен бiр сурет
Ағартушы-ұстаз, ғұ­лама ғалым, көсем тұлға Ахмет Байтұрсынұлы да қолына фотокамера ұстап, өз дәуiрiнiң сан алуан қайталанбас тылсым сәтiн қаз-қалпында суретке тартуды әдеттегi сүйiктi iсiне айналдырған. Ол кезде елдiмекендер электр желiсiмен толық қамтылмағандықтан, фотосуреттi жасау үдерiсi негiзiнен бiлте шамның көмегiмен iске асатын. Ал фото­суреттi шығару барысында арнайы химиялық дәрi-дәрмек­тердi пайдалану нәтижесiнде қажеттi ертiндiлердi дайындай бiлудiң де машақаты шаш етектен едi.
25 тамыз 2015

Бүгiнде селфи жасауға қызығушылық танытушылар саны күн санап өсуде. Ал селфи жасаушы монопод таяқшаны әлемнiң көптеген алдыңғы қатарлы мұражайлары iшке алып кiруге тыйым салған. Ондағы жәдiгерлердiң және басқа адамдардың денсаулығының қауiпсiздiгi үшiн. Олардың қатарында АҚШ, Голландия, Канада, Франция, Ұлыбритания ал осы жылдың наурызынан

25 тамыз 2015
Фотограф көңiл кyйдi дөп баса бiлуi тиiс
1979 жылдың 13 тамызында дүниеге келген. 2001 жылы Ташкент мемлекеттiк универси­тетiнiң журналистика факультетiн бiтiрдi. 2003 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн “ҚазАқпарат” агенттiгiнде фототiлшi болып қызмет етедi. 2009 жылдан бастап “Рейтер” агенттiгiнiң штаттан тыс фототiлшiсi. МұхтарТұрапұлы фототiлшi ретiнде көптеген марапат­қа ие болған.
25 тамыз 2015
Суретiне қарап сөйлеп үйренген
“Мемлекеттiк төңкерiс жасамақшы болды” деген айыппен сотталып, 1925 жылы 35 жасында бостандыққа шыққан Адольф Гит­лердiң айқын дарындылығы – шешендiгi. Бiрақ оның халық алдында әсерлi сөз сөйлеу өнерi туа бiткен қасиетi емес екен.  Гитлер өте ұялшақтығынан арылу үшiн сырт келбетi мен сөйлеген сөзiнiң әсерлi болуы үшiн көп еңбектен­гендiгi анықталды. Осы мақсатпен Адольф өзiне Генрих Гофман есiмдi жеке фотограф жалдаған.
25 тамыз 2015
Суретке сәттi түсудiң әдiс-тәсiлдерi
Әр адам суреттерден өзiнiң сәттi түскен келбетiн көре алады. Ол үшiн тек қана сәттi тұрыс, дұрыс жарық және сүйкiмдi бет-әлпет қажет.Басыңызды бұрыңыз. Камераға тура қарап түскен жағдайда бетiңiз үлкейiп көрi­нуi әбден мүмкiн. Сондықтан азырақ болса да бұрылып, болмаса сiздi түсiрiп жатқанын байқамаған кейiп танытыңыз. Айта кететiн жайт, сырт қарағанда, адамның сол жақ денесi мен бетi “жақсы жағы” болып саналады.
25 тамыз 2015
Халық жазушысының хоббиi не?
Халық жазушысы Әзiлхан Нұршайықов ағамыздың   хоббиi фотография, жақ­сы кiтаптар жинау болыпты. Бiр сұхбатында былай дейдi: “1953 жылы мен Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетiне редактор болып таға­йындалдым. Павлодар­ға көшерде Алматыдан журналиске қажеттi екi нәрсе сатып алдым. Оның бiрi – “Москва-3” деген қолға ұстап жүретiн жазу машинкасы, екiншiсi “Зорький-С” деген фотоаппарат болатын. Бұл екi құралдың да игiлiгiн көрдiм.
30 маусым 2015
Сазгер Н.Тiлендиевтi қарсы алу. Киноартист Ә.Өмiрзақова. Жазушылар О.Бөкей мен Ш.Мұртаза. Киноартистер Қ.Тастанбеков пен М.Өтекешова. Драматург-сыншы Асқар Сүлейменов. Драматург ҚалтайМұхамеджанов. Ақын Т.Молдағалиев пен сазгер Ә.Бейсеуов.
30 маусым 2015
Бұл құжатқа әрбiр кәсiби фотограф қол жеткiзе алады. Әрi бұл төлқұжат көптеген мүмкiндiктерге жол ашады.Мәселен, сiзде осы төлқұжат бар болса, әдетте кiруге шектеу қойылған, рұқсат етiле бермейтiн орындардың өзiнде сурет тарта аласыз. Мысалы, Америкадағы батыс әскери академиясына фотосуретшiлердiң кiруiне рұқсат етiлмейдi, бiрақ қолыңызда осы төлқұжат болса, емiн-еркiн кiрiп, сурет түсiруге болады.
30 маусым 2015
Құттықтаймыз!

“Фотоөнер” ҚБ-нiң Астана бөлiмшесi бойынша жетекшiсi Омаров Ерлан Серiкбайұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi журналистика және саясаттану факульте­тiнде “ фотожурналистика жанрлары және олардың “Егемен Қазақстан” газе­тiн­дегi берiлу ерекшелiк­терi” тақырыбы бойынша ма­гистрлiк диссертациясын 100 балмен қорғады.

30 маусым 2015
Қазақ хандығына 550 жыл
Елiмiздiң әр аймағынан жиналған фототiлшiлер Тараз төрiнде бас қосып, “Қазақ хандығына 550 жыл” атты фотоэкспедиция ұйымдастырды. “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiр­лестiгi мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетi мұрындық бол­ған бұл iс-шара “Нұр Отан” партиясы ғимаратында, баспасөз мәслихатынан соң “Ақыртас” кешенiне жол бастады. “Ақыртас” тарихи кешенi VIII-IX ғасырға жататын iрi бек сарайының аяқталмай қалған iргетасы екен. Фотожурналис­тер тарихымен танысып алған соң кешендi әр қырынан суретке түсiруге кiрiстi.
19 мамыр 2015
Жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты “Отырар алқабы” газетiнiң фототiлшiсi Береке Қойшы­байұлы Сейiт­жап­пардың 2014 жылдың қо­рытындысы бойынша өткен “Сала саң­­лақтары” номинациясында “Үздiк фо­тожурналист” атануымен құттықтап, әрiптесiмiзге зор денсаулық, шығармашылық табыс тi­леймiз!
19 мамыр 2015
Балалық шағымен қоштасқысы келмейтiндерге LEGO фотоаппарат шығарды. Түрi ойыншыққа ұқсағанына қарамастан бұл камераның техникалық мүмкiндiгi зор. Ол – 3 Мп, орнатылған жарқылдақ, тұрақты фокус, 1,5-дюймдық дисплей және 128 Мб жады картасы. Камера USB арқылы компьютерге жалғанып қуат алады және де түсiрiлген фотосуреттер көшiрiледi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»