1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Не үшін?
Қаланы қоқысқа толтырғаны үшін
Анекдот болсын деп...
Метро салғаны үшін
...Құдай болсам дейді
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15960) 30 қазан, бейсенбі 2014
Газет туралы

 «Жас Алаш» — 90 жылдық тарихы бар жалпыұлттық жетекші басылым. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — еліміздегі белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған.

Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқи аласыздар. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы», «Сүзеген сөз» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты тұрақты беріліп тұрады.
«Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. Ақпарат айдынындағы ілкімділігі өз алдына. 
«Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары.  
«Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Қызметкерлеріміз әртүрлі халықаралық байқауларда да топ жарып жүр. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та 2 мәрте «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді.
«Жас Алашты» www.zhasalash.kz сайтынан да оқуға болады. 2009 жылдың қыркүйегінде біз сайтымызды жаңарттық. Безендірудің соңғы үлгілері мен навигациялық қолайлы жүйе, жеңіл де тартымды интерфейс сайтты бұрынғысынан едәуір жақсартып, оқырманға жақындата түседі деген сенімдеміз. Жарнама берушілерге қолайлы болу үшін баннерлердің көлемі де ұлғайтылды.
Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр.
Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты.
 
Таратылуы:
Жазылым бойынша — 87%
Бөлшек саудада— 13%
Ұжымдық жазылуда — 9%
Жеке жазылуда — 78%
VІP-таратылуы — 3,4% (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары).
Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды.
Газетті тарататындар:
«Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар.
«Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып ала аласыз.
Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, №4361-г. 31.10.2003 жыл.
Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000.
«Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті. 
 
------------------------------
 
“Жас Алаш” – оқиға:
* Әлдекімдерге қолайсыздық тудырады екен деп, болып жатқан оқиғаны елден жасырып қалуға болмайды;
* Оқиғаны аяншықтамай, ізін суытпай уақтылы жариялау қадағаланады;
* Оқиғаның жай-жапсарын, себеп-салдарын еш бүркелемей талдап көрсету тұрақты жүргізіледі.
 
“Жас Алаш” – жаңалық:
* Қоғамдық маңызы бар жаңалықтар объективті көзқарас тұрғысынан ұсынылады;
* Жаңалық жалаң болмас үшін әлеумет, саясат, экономика мамандарының пікірлерімен қоса беріледі;
* Түсініктемелерде эмоциялық көңіл-күй сақталады, заңға қайшы болмаса түзелмейді.
 
“Жас Алаш” – сараптама:
* Қалыптасқан жағдайға қысқа әрі нақтылы баға беріледі;
* Өркениетті, озық ойлы, өзгеше пікірдегі мамандар көптеп тартылады;
* Сараптама жасаушының әділдігі, адалдығы, біреудің отын көсеп жүрмегендігі ескеріледі.
 
 “Жас Алаш” – пікірталас:
* Сұхбаттар, екеуара әңгіме, тікелей телефон әдістері кең қолданылады;
* “Жас Алашта” дөңгелек үстелдер үзбей ұйымдастырылады;
* Күрделі тақырыптарды көпшілік болып талдау жолдары қарастырылады.
 
“Жас Алаштың” тақырыбы:
* Ел ішіндегі әділетсіздік, жемқорлық, әлімжеттік, зорлық-зомбылық күн тәртібінен түспейді;
* Көзқарас аясын кеңейтетін танымдық мақалаларға кең орын беріледі;
* Қоғамдық, ұлттық, мемлекеттік мәні бар тақырыптардың ешқайсысына шектеу жоқ.
 
“Жас Алаштың” ұстанымы:
* “Жас Алаш” ешкімге жау емес, ешқашан біржақтылыққа жол бермейді, журналистік принциптен еш ауытқымайды;
* Көзайым жақсы жаңалықтарға, елге істелген пайдалы істерге қай тараптан жасалса да газет беті айқара ашық;
* Айтылған сөзге, ойға, көзқарасқа ешқашан қиянат жасалмайды, аманатқа қиянат жүрмейді.
 
“Жас Алаш” - оқырман:
* Редакцияға келген хаттардың ешқайсысы да қараусыз қалмайды, бір жолын болса да жариялауға құштармыз;
* Оқырман ұсынған тақырыптарға журналистік зерттеулер жүргізіледі, арнайы жолсапарлар ұйымдастырылады;
* “Жас Алаш” - “Мақатаев-22” айдарымен оқырман хаттары ең көп жарияланатын, халықпен байланысын үзбеген, түкпірдегі ауылдың зәру мәселесін жаһанға жар салып жеткізетін жанашыр газет.

 Газеттің Бас редакторы - Рысбек Сәрсенбай