Қытайда үйқамақта отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының аты-жөнi мемлекеттiк сыйлыққа үмiткерлер қатарынан неге алынып тасталды?
«Қылмыс» романы әлi бiтпегендiктен
Қажығұмар Қазақстан азаматы болмағандықтан
Кейбiреулерге күндестiк маза бермегендiктен
Жазушы президент Н.Назарбаевты мақтамағандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное, преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
Мәдениет министрлiгi ұсынған жаңа жобада қоғам талабы ескерiлмеген
Дүйсенбi күнi өткен үкiметтiң кеңейтiлген мәжiлiсi елiмiздегi тiл мәселесiне арналды. Бұл жиында ҚР Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасын көпшiлiк талқысына ұсынды. Оның айтуынша, осы бағдарламаның арқасында 2020 жылға дейiн халықтың 95 пайызы қазақ тiлiн меңгеретiн болады. Министрдiң ниетi дұрыс-ақ, десек те бағдарламаның дәл сондай жетiстiктерге жетерiне күмән келтiретiндер көп. Тiл мәселесiн шешудi тағы да он жылға созудың қажетi жоқ деп санайтындар да бар.
Осы аптада Сирия президентi Басар Ашад Беларуське ресми сапармен ат басын бұрды. Беларусь басшысы А.Лукашенко екеуi бiрқатар құжатқа қол қойды. Машина жасау, ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы жобаларды екi ел бiрiгiп iске асыратын болды. Артынша Сирия президентi Беларусь премьерi Сергей Сидорскиймен кездестi. Әңгiме барысында Башар Асад Сирияның да кедендiк одақтан дәмесi бар екенiн анық аңғартты. Сирия кедендiк одақтың еркiн сауда аймағына қосылуға мүдделi екенiн Башар Асад былай жеткiздi: «Сирияның Беларусь, Ресей және Қазақстанмен арадағы еркiн сауда аймағына қосылуы – бiз үшiн
Қызылқоға – Атырау облысының шалғай аудандарының бiрi. Негiзгi күн көрiсi – мал. Аудан алып жатқан 2,5 млн. гектар жердiң, 1 млн. гектардан астамы ауыл шаруашылығы үлесiнде. Бiрақ биыл Қазақстанның Батыс аймағын жаппай жайлаған қуаңшылықтың салдарынан қыстан аман шығу неғайбыл деген болжамдар да айтылып қалып жатыр. Оның үстiне ел арасындағы ауа райы құбылысының бiлгiрлерi аптаптың соңы қыста қақаған боранға ұласады деседi. Сондықтан болар қызылқоғалық ауыл шаруашылығы мамандары етек-жеңдерiн ерте жиып, мал санын тiзбелеп, басталар қыста
Астанада бiрыңғай «Азаматтық қозғалыс» құқық қорғау орталығы мен «Лайықты баспана үшiн» қоғамдық қозғалысы бiрiгiп, ұзақмерзiмдi аштық жариялауға байланысты кезектi баспасөз мәслихатын өткiздi. Оған «АЗАТ» ЖСДП, «Алға», коммунистер партиясы, «Шаңырақ» қоғамдық ұйымының Астанадағы басшылары және үкiметтiк емес ұйым жетекшiлерi қатысты. Естерiңiзге сала кетейiк, бiрiншi баспасөз мәслихаты 19 шiлде күнi өткiзiлген болатын. 19-26 шiлде аралығында жалғыз баспанасынан айырылған 13 үлескер мен ипотекалық
Расын айтқанда, қаржы дағдарысы нақты секторды әуре-сарсаңға салып, әрi-сәрi күйге түсiрдi. Бiреулер кәсiбiмен мүлде қош айтысса, ендi бiрi өз командасымен бiржолата ат-құйрығын үзiстi. Ал бәзбiреулер үшiн бұл алынбас қамалдай өткелегi қиын нағыз мектепке айналды. Мұндай жағдайда бизнес, оның iшiнде өндiрушi кәсiп те түрлi әдiс-амалдарға жүгiнедi. Шығынын азайтып, қызметкерлер санын қысқартып, тек арнайы тапсырыс бойынша ғана жұмыс iстеп, жаңа нарықты игеруге ұмтылады. Бiрақ ең тиiмдi әрi дұрыс шешiмдердiң бiрi – әртараптандыру.
Ауылдық жерде халықтың тұрмыс деңгейi өте төмен. Ауылдағы адамдар зейнетақымен және жәрдемақымен күнелтуде. Сондықтан да ауыл тұрғындары қалаға жұмыс iздеп көшiп келуде. Келген соң пәтер әуреге түседi. Бұған бiреуiнiң қолы жетсе, екiншiсiнiң қолы жетпейдi. Халықты жұмыспен қамту орталығын жағалайды. Пәтер iздеп жүргендер салынып жатқан тұрғын үйлерге арыз берсе, кезекке тұрғызбайды. «ҚР тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 67-бабы, 1-тармағында “Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үйге мұқтаж, осы мекенде
Аспан айналып жерге түскендей аптап ыстықпен өтетiн оңтүстiктiң шiлдесi биыл әдеттегi мiнезiнен жаңылды. Шiлденiң басында температура 40 градусқа дейiн көтерiлгенiмен, жұрттың ендi күшейедi деп күткендегiсi болмай, бүгiнде күннiң қызуы одан едәуiр төмендеген. Ауа райының мұндай тосын мiнезi өткен қыс пен көктемде де байқалған. Шымкенте биыл «кәрi құдаң» ызғарын оншалықты байқатқан жоқ. «Бүкiл қыс бойы 2-3 рет қана қырбақ қар түстi» десек, солтүстiк пен шығыстың азаматтарына ертегiдей естiлетiн шығар.
Созақ ауылында тұратын, Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясының мұғалiмi болып жұмыс iстейтiн қызым Құртқа Алпамысова алтыншы нәрестесiн жарық дүниеге әкелу үшiн биылғы жылдың 30 сәуiрi күнi түстен кейiн Шолаққорған кентiндегi өзi өскен үйiне келдi. Айы-күнi жетiп отырған қызымды кешкiсiн аудандық орталық перзентхана бөлiмiне жеңiл автокөлiкпен жеткiздiм. Акушерка Марина Тасқожаеваға қызымның қолына берiлген медициналық қағаздарды
Менi толғандырып жүрген мәселе бар. Оқитын газетiм тек сiздердiкi болғандықтан, басқа кiмге барып айтарымды бiлмедiм. Мәселе – iшкi iстер қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне байланысты. Ешкiмдi қаралағым келмейдi, тек бiлместiктен жасайтын қателiктен өзiм мен өзгенi қорғауға атсалысқым келедi. Бiр күнi жұмыстан алған ноутбукты машинаның терезесiн сындырып, алып қашып бара жатқан ұрының жалт еткен желкесiн көрiп, сан соғып қала бердiк. Машина құрбымдiкi, ноутбук жұмыстан алған менiкi едi. Содан полиция шақырдық.
Көптен аралас-құралас болып жүрген жолдасым бар едi. Өзi үлкен қызметтердiң тiзгiнiн ұстап, елге танылған айтулы азамат. Соңғы кезде билiктiң қитұрқы ойынының құрбанына шалынып, жүрегiне салмақ түсiп жүргенiн естiгенмiн. Жақында жинақы, бiртоға сол етене танысыммен жолығып қалдым. Ол бiрден әңгiме тиегiн ағытып, шешiле сөйлей жөнелдi: – Бұл қоғам не боп барады өзi? Небiр алаяқтардың арамызда жүргенiн естiп, көрiп жүрсем де, адвокаттың қорғауындағы адамға сатқындығы жөнiнде бұрын бiлмеген екенмiн
Өткен жылдың соңында президент Н.Назарбаевпен өткен тiкелей желi барысында Тараз қаласынан телефон шалған әйелдiң даусы мазасыз естiлгенi елдiң әлi есiнен шыға қойған жоқ. Сол жолы тараздық тұрғын бұл қалада жасөспiрiмдер қылмысының өршiп тұрғанын, әсiресе мектептiң жоғарғы сынып оқушылары арасында әлiмжеттiк жасау, қорқытып ақша жинау оқиғаларының тым көбейiп кеткенiн айтқан-ды. Мiне, осы жағдайдан кейiн Жамбылда жасөспiрiмдердiң тәртiбi шындап қолға алынды.
УЕФА Чемпиондар лигасының өткен жылғы iрiктеу ойындарындағы бiздiң «Ақтөбе» мен израильдiк «Маккабидiң» айқасы әлi есте. Бұл — бұдан тұп-тура бiр жыл бұрын болған айтулы оқиға. Алдымен Исландияның «Хабнарфьордюр» командасын екi ойын есебi бойынша тас-талқан еткен бiздiң жiгiттер Чемпиондар лигасының кезектi ойынында алаңға көтерiңкi көңiл-күймен шықты. Алайда…Қазақстанға қонаққа келген «Маккаби» командасымен болған ойында қарсыластар бiрiн-бiрi ала алмады. Еврей жiгiттерiне гол соғуға мүмкiндiк бермедi, өздерi
Жалпы, бiздер, қазақтар, ретi келiп жатса, орайы туып қалса, өзбектердi кекетуге, кемсiтуге бейiм тұрамыз. Солай ғой? Солай. Бiрақ, бiзге өзбектен үйренетiн жайттар өте мол. Өзбектер ешуақытта бiздер сияқты елп ете қалмайды, елпеңдемейдi, желiкпейдi, елiктеп-солықтамайды. Тек баянды, орнықты, өзiнiң ұлтына пайда алып келетiн мәнiс-мәселелерге ғана ден қояды. Осы ретте ендi бiр салыстыру жасап көрейiк. Мiне, бiз дәл қазiр Юрмалада өтiп жатқан «Новая волна-2010» деген халықаралық конкурсқа жас әншiмiз Қайрат Түнтековтi жiбердiк.