1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (16246)   1 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
1 тамыз 2017
Розалардың жалғасы...

Адамның есімі тағдырына әсер ететіні мәлім. Қазақ әнінің аспанында бірнеше Роза біріксе, шоқжұлдыздай алыстан көрінеді. Сол Розалардың көш басындағы КСРО халық әртісі, ҚР Халық Қаһарманы Роза Бағланованың дүниеден озғанына да бірер жыл өтіпті. Артына өшпес із қалдырған жандардың жарқын бейнесі жұрт жадынан ұмытылмақ емес.
Жақында Роза Бағлановаға ұқсайтын кішкентай қызбен таныстым. Інжу есімді бүлдіршіннің сырт бейнесі ғана емес, өнерге құмарлығы да Роза апасына тартқанына қуандым. Інжу Бақыткелдіқызы болашақта әнші болғысы келетінін жасырмады. Тіпті ән қоржынында 10-ға тарта ән бар екен. Ш.Қалдаяқовтың әндерін жақсы көретін Інжу алдағы уақытта ән мен биді қатар алып жүргісі келеді. 2015 жылы Роза Бағланованың туған жері – Қызылорда облысы Қазалы ауданында ескерткіш-бюсті орнатылып, соған орай өткен еске алу кешіне Исраил Сапарбай, Ескендір Хасанғалиев секілді басқа да бірқатар белгілі тұлғалар қатысқан екен. Сонда Роза апаның келіні кішкентай Інжудің талабын байқап, арнайы шақырыпты. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі сол шарада Інжудің ән салғанына тамсанып, болайын деп тұрған балаға құрмет көрсеткенін де айтып берді. Мұның бәрі жас таланттың қиялын көкке шарықтататыны сөзсіз. Өмірде ештеңе жайдан-жай болмайды. Інжу 6 шілде күні дүниеге келгені үшін де қуанады екен. Он жастан енді ғана асса да, армандары асқақ Інжуге Роза апасының жолын берсін деп тілейміз.

Әлия ІҢКӘРБЕК

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті