1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
16 қазан 2012
Ойымды «Жас Алашқа» жолдауды көптен берi көздеп жүргем. Жақында «Ел арнадан» «Бәрi есiмде» бағдарламасын көрген соң, айтпағымды нықтай түстiм. Расында да, бiздiң жауһарларымыз талауға түсiп келедi. Жұлым-жұлымын шығарып, халық әнiн әншiсымақ­тар орындағанда, буындырғың келедi. Авторы белгiсiз, жалпы халықтық ән болып,
16 қазан 2012
Ырғақты жаңалықтар
ЖӘНИЯНЫҢ ЖАҚСЫ КОНЦЕРТI
Өткен жұмада Қазақстанның халық әртiсi, халықаралық байқаулардың Гран-При иегерi, консерватория ректоры Жәния Әубәкiрова, Ресейге еңбегi сiңген әртiс, виолончелист Олег Сендецкий және ҚР Халық әртiсi, профессор Гаухар Мырзабекова консерваторияның үлкен залында камералық музыка кешiн өткiздi.
16 қазан 2012
“Күйдiм-сүйдiмнен” өзге тақырып жоқ па?

Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бiрi – еңбекке байланысты туған әндер. Мұндай шығармада ел тұрмысы, қарапайым шар­уалардың күнделiктi өмiрi әнмен жеткiзiледi. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең-жырларға төрт түлiк туралы, аңшылық және наурыз әндерi де жатады. Еңбек және шаруашылық өлең-жырларының iшiндегi ең көп тарағаны – төрт түлiк мал туралысы.

4 қыркүйек 2012
ТӨЛЕГЕННIҢ “БIР ТОЙЫ” БОЛДЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 75 жыл толуына орай ша­ра өттi. Ипподромда өткен кеште ақын сөзiне жазылған әндер мен Айбергеновке арналған өлеңдерге жазылған әндердiң конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңiм­паз­дар мен жүлдегерлер қомақты сый олжалады.
4 қыркүйек 2012
Қазақтың ұлттық әнi ешқашан ескiрмейдi

Сазгер Илья Жақановтың “Маsa.kz” сайтында сұхбаты жарияланды. Композитор қазақ музыкасының, оның iшiнде ән өнерiнiң келешегi туралы былай дейдi: “...Әр халық болмысын, өзiнiң ұлттық музыкалық дiтi мен дiлiн сақтаса, мұндай сұмдық болмайды. Бiрақ, бiз ауыр жылдарды бастан кешiрдiк. Батыстан ағылып жеткен жағымсыз әсерлер жастарымыздың санасын улады, әлi де улап келедi

4 қыркүйек 2012
“Меломен” тобының “Перзент арманы” деген әнге түсiрген бейнеклипiн көрiп көңiлiм босап, көзiме жас алдым. Адамның сағынышын, iшкi түйсiгiн, көңiл пернесiн дәл басқан бейнеклип екен. Бұл топты бұрын да тәуiр көрiп, қазақ эстрадасының жаңалығы ретiнде қабылдағам. Жетiмдер туралы түсiрiлген бейнебаяны ой саларлық екен. Жесiрiн қаңғытпаған, жетiмiн жылатпаған ел едiк, ал бүгiнде жетiмдер үйiнде жәудiреген жаутаңкөз­дердiң қатары артпаса, кемiген емес
4 қыркүйек 2012
Халық Ризабекұлы, сазгер:  Ән ұлттың айнасы болуы керек
Соңғы кездерi құлақ құрышын қандырар әннiң орнын жеңiл-желпi, ойнақы, биге ыңғайлы әуендер басып кеттi. Ұлттық бояуы қанық дәстүрлi әндерiмiз эстраданың көлеңкесiнде әлi күнге дейiн қалып келе жатыр. Өнердегi көненiң көзi аға буын кемшiлiгi көп әуесқой жас әншiлерге жөн сiлтеп, жол көрсетсе, ұлтының да, өнердiң де нағыз жанашыры болмас па едi? 
4 қыркүйек 2012
Сахна – үйдiң ауласы емес

Жыл сайын өнер өлкесiне талай таланттар шоғыры келiп, талайының ендi бiрi кететiнi – заңдылық. Солардың арасынан дауысынан қазақы қоңыр салқын леп ескен әншiлердi жиi iздеймiн. Екi әндi сахнада орындай салып танымалмын деп екiленген жанды эстрада әншiсi деу – жаңсақтық. Жасыратыны жоқ, бүгiнде әу дегеннiң бәрi әншi болып шыға келетiн болды. Тiптi барын шашып, бiр бейнеклип түсiрiп алған­ соң жұл­дыз­ ауруына ұшырап шыға келе­тiн­дер­ де бар.

31 шілде 2012
Астана күнiнен пайда түстi ме?
Астана күнiне арналған мерекелiк концерттерден 20 миллион теңгеден астам қаржы түстi. Мiне, осы қомақты қаржы мүмкiндiгi шектеулi 25 науқас баланың ем-домына жұмсалмақшы. Бұл ақпаратты Астана қаласы әкiмдiгi жарияға жар сала хабарлады. Жөн екен. Әйтсе де қалалық әкiмдiк отандық және шет­елдiк әртiстерге қанша қаржы төлегенi туралы тiс жармады. Астана әкiмдiгi қала күнi құрметiне Елорданың “отыз күн ойын, қырық күн тойын” жасап, айды аспанға шығар­ғанын бұған дейiн жазған едiк. Қарапайым
31 шілде 2012
“Ырғақты” жаңалықтар
ТҰҒЫРДА – “ТҰМАР”
Италияның Римини қаласында 8-22 шiлде аралығында халықаралық байқау өттi. “Тол­қынмен жарысқан” деп аталатын конкурста елiмiздiң намысын астаналық “Тұмар” би ансамблi қорғап, 1-орын ие­лендi. 9-12 жас аралығындағы балалар байқауында “Тұмар” ансамблi “Халық биi” номинациясында жоғары ұпай жинап, жеңiмпаз атанды.
31 шілде 2012
Ұлттық рух қалай ұлықталады?
Бүгiндерi не көп, бiр-бiрiне ұқсаған концерт көп. Басым бөлiгi тек эстрадалық әндерден тұратын мұндай қойылымдардан қазiр жұрт та жери бастаған.  Бұл үрдiс осылай жалғаса берсе, жақсы мен жаманның, асыл мен жасықтың ара-жiгiн ажырата алмайтын, көркемдiк дүниетанымы дүбәра ұлтқа айналмасымызға кiм кепiл? Өзi ақын, әрi әншi, композитор, тележүргiзушi... олар өздерiн баяғының сал-серiлерi секiлдi сезiнедi.
31 шілде 2012
Үкiлi Ыбырайдың әнiн өзiне қимаймыз

Қазақтың ұлы композиторларының бiрi, тарлан ақын, дауылпаз әншi Үкiлi Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылығы жiтi зерттеудi қажет етедi. Сахнаны жалған әншiлер жаулаған заманда төл мәдениетiмiздiң жауһарлары тасада елеусiз қалып жатқаны жасырын емес. Содан ба, Бiржан сал, Ақан серi, Балуан Шолақтармен қатар айтылатын Үкiлi Ыбырайдың бiзге елуге жуық әндерi жетiптi. Өзi “халық жауы” ретiнде атылған оның ән мұрасы талан-таражға түсiп, әртүрлi авторларға телiнiп, тiптi халық әнi аталып кеткен.

31 шілде 2012
Бiздiң Шара!

Қазақтың классикалық биiнiң негiзiн қалаған би падишасы Шара Жиенқұлова “Өмiрiм менiң – өнерiм” атты кiтабында қазақ биi туралы былай дейдi: “Қазақ биiнiң де өзiндiк ерекшелiгi болуға тиiс. Ол негiзiнде шалт қи­мыл­мен қоса бiлек, саусақтар, мойын, т.б. дене қимыл-қозғалысы арқылы табиғаттың, тұрмыс-әдет, тiрлiктiң көрiнiсiн бейнелеу. Мысалы, қос бiлектi екi жақ­қа жайып жiберiп бұралта, бұл­ғақ­тата толқыту – өзен-көлдiң толқуы немесе тымық су бетiн­дегi иiрiм толқындар. Екi қолды дөңгелетiп әкеп басыңнан жоғары көтеру – қазақ үйдiң шаңырағы.

19 маусым 2012
“Ырғақты” жаңалықтар
ТАБЫЛ ЕНДI ТАНЫМАЛ
Астанада Ұлттық академиялық кiтапханада сирек талант, бард ақын, Табыл Досымовты еске алуға арналған “Гитарадан төгiлген жыр” атты әдеби кеш өтiп,   Атырау облыстық телеарнасы әзiр­леген деректi фильм кө­рермен назарына ұсынылды.  Сан қырлы таланты ашыл­­май, құпиясын бауырына бүккен күйi бақилық болған тұлғаның ақындық үнi, шығармашылық даралығы туралы айтқан әдебиеттанушы ғалымдар, қаламгерлер кешке көп келдi. Жазушы Таласбек Әсемқұлов тiрiсiнде насихаты кемшiн болған таланттың ән жинағын шығаруды, Табылға ескерткiш орнатса, артық болмайтынын айтса, жазушы Айгүл Кемелбаева
19 маусым 2012
Желбуаз жасай алмаймыз
Сауалнама
Қазақтың дәулескер күйшiсi, композитор Нұрғиса Тiлендиев қазақтың көне аспаптарын қатты қадiрлеген. Өзi құрып, аяғынан тұрғызған “Отырар сазы” ұлт аспаптары оркестрiне ұмытылып бара жатқан “жел­буаз” аспабын арнайы телiптi. Ондағы мақсаты – қазақтың көнеден келе жатқан аспабын кейiнгi буынның жадына тоқу. Үрмелi аспаптар тобына жататын, көнеден келе жатқан ұлттық аспап желбуаз бертiнде оркестрдiң аспаптары арасынан сызылып қалған.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»