1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
21 маусым 2016
КЕШ ӨТКІЗУДЕН КЕШІГІП ҚАЛҒАН ЖОҚ ПА?
Даусының өзіндік бояуы бар Мақсат Базарбаевтың «Мұзарт» тобынан бөлініп шыққанына он жылдан асыпты. Мақсат неге жеке ән кешін өткізбейді екен? Эстраданың есігінен бүгін ғана сығалап, босағадан жаңа аттаған шикіөкпелер де өздерінің қолтаңбасы, ән айту мәнері қалыптаспаса да, ел аралап концерт өткізіп, Алматы мен Астанада «есеп те беріп» жүр ғой. Олардың деңгейін Базарбаевтың бедел-биігімен салыстыруға әсте келмейді
21 маусым 2016

Ауылшаруашылық мақсаттағы игерілмей бос жатқан жерді ше­тел­діктерге жалға беру мәселесі көтерілгенде халық Жер-Ананы қорғап дүрк көтерілді. Бәрін сатып, сәті келсе, арын да именбей саудалап жіберетіндерге қа­ра­пайым халықпен бірге қоғам қай­раткерлері де, ақындар да, зиялылар да, ғалымдар да, әнші, актерлер де наразылықтарын білдірді. Осы күйіп тұрған мәселеге сазгер, әнші Әбиірбек Тінәлі ән жазды. 

21 маусым 2016
Қарлығаш Байсейітова: Анамның арын таптауға ешкімнің қақысы жоқ!

Қарлығаш Байсейітова – Қанабек Байсейітов пен Күләш Байсейітованың ортаншы қызы. «Көрер жарығым бар болса, тамыз айында 76-ға шығамын» деген асылдың сынығы анасының арын қорғай келіпті. Астанадан редакцияға арнайы соққан Қарлығаш әжейдің қолында бір бума құжаты бар. Анасына қатысты деректерді жиыстырып, мемлекеттік мұрағатқа өтініш жазып бейне және дыбыстық жазбаларға сұрау салдырыпты.

19 сәуір 2016
«Ырғақты» жаңалықтар
ЕСТІ ӘН ЕСТІСЕК
«Төртінші мәрте өтетін The Spirit оf Tengri-2016 этникалық музыка фестивалі Алматы қаласының мыңжылдығына орай өткізіледі», – дейді ұйымдастырушылар. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асатын фестиваль аясында Алматы қаласының тарихынан сыр шертетін фильм көрсетіледі екен.
19 сәуір 2016
Біртуар бишіні неге ұмыттық?
Ол Алматы қаласында 1924 жылы 24 ақпанда қара­пайым малшы Диханбаев Бекбо­сын­ның отбасында дүниеге келді. Оның бола­шақта балет артисі болатынын әрине, ешкім біл­ген жоқ. Жастайынан жиын тойларда би билеп көзге түскен Алмас Бекбосынұлы қазақ балет өнерін күллі әлемге паш етті. Біртуар бишіміз Қазақ­станның еңбек сіңірген артисі Алмас Бекбосынұлы туралы деректер жоқтың қасы.
19 сәуір 2016
Әуезов әспеттеген әнші
Биыл қазақтың ән өнерінің асқақ тұлғасы Дәнеш Рақышевтың туғанына 90 жыл толады. Жаратқанның таңдайына таңбалап берген әншілік өнерді Қытайда дәріптеп жүрген Дәнешті кезінде Ахмет Жұбанов аттай қалап атажұртына шақыртып, дарынды ұштау үшін білім қажет екенін айтқан екен. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов жиырма бестегі Дәнештің даусының диапазонына тәнті болып батасын берген.
1 наурыз 2016
АБРОЙСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНУ БIР-АҚ СӘТТЕ 
Сөз қадiрiн түсiнуден қал­ғандаймыз ба, өзi? Радионың құттықтау бағдарламасында “Бауырлар” тобының орындауындағы бiр әндi бердi. Топтағылар былай деп әндетiп жүр?
“Қасыма келмейсiң,
Сүйгендi сезбейсiң,
Сағындым мен сенi.
1 наурыз 2016
Өнердi өгейсiткеннен өрге баспаймыз
Қазақтың музыкасын насихаттап, келешектiң көшiнен қалдырмай сүйреу мақсатында 1960 жылы құрылған, осы күнге дейiн жұмыс iстеп келген “Қазақконцерт” бiрлестiгi таратылып тынды. Таратқан – ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi.
Роза Бағланова, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Рабиға Есiмжанова, Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова сынды таланттар өнер көрсеткен киелi сахнада осы күнге дейiн
12 қаңтар 2016
Қазды қызға айналдыратын орындаушылар бар екен

Үш жiгiттен жасақталған “Саламат” деген топ бар екен. Қазақ эстрадасында қашаннан берi жүргенiн бiлмеймiн, өткенде теледидардан осы топтың “Махаббатты армандаймын” деген әнiнiң бейнебаянын көрдiм. Бейнебаянда үш жiгiттiң үш аруға ғашықтық сезiмiн сездiруi суреттеледi. “Сен мына жанарымның iшiндесiң...” деп басталатын Мұқағали Мақатаевтың өлеңiнiң сазгер үш шумағын алыпты да, қайырмасына “Махаббатым өзiмде” деген өлеңiнiң екiншi шумағын телiптi.

12 қаңтар 2016
Әмiренiң әншiлiгi айбындана көрiнуi тиiс

Қазақстанның Movig кинокомпаниясы мен ағылшынның компаниясы Әмiре Қашаубаев туралы фильм түсiрмек. Осы фильмде Әмiренiң рөлiне кастинг өткiзiп жатыр. Әншiнiң рөлiн сомдауға 25-40 жас аралығындағы актерлiк шеберлiктi кәсiби меңгерген, тенор дауысты, ағылшын тiлiн “Upper Intermediate” деңгейiнде бiлетiн актер қажет. Актердiң ағылшын тiлiн бiлгенi дұрыс та шығар.

12 қаңтар 2016
Мәтiнге мән берсе...
Жаңа жылдық демалыс кезiнде елiмiздiң телеарналары концерттi жиi көрсеттi. Бiр арнадан Қайрат Нұртастың концертiн көрсетсе, ендi бiрi Төреғали Төреәлiнiң жеке шығармашылық кешiн ұсынды.  Сөз өнерiн зерттеушi болмасақ та, сөз қадiрiн салмақтап, саралай аламыз. Төреғали Төреәлiнiң үлкен сахнадағы алғашқы концертi сөз жоқ, тамаша өтiптi. Теленұсқасын көрiп қуандық.
12 қаңтар 2016
Әбiш Әдiлбеков, заңгер, термешi: Отаршылдықпен күрестегi қазақтың қасiретi жыр-термелерде кеңiнен көрiнiс тапқан

Прокуратура саласының зейнеткерi, Ескелдi, Ұйғыр аудандарында, Қапшағай қаласында прокурор қызметiн абыройымен атқарған заңгер, термешi Әбiш Әдiлбековтiң үшiншi дискiсi жарық көрдi. “Ғасырлар үнi” деп аталатын дискiсiндегi жыраулардың жауһарлары үш ғасырдан сыр шертедi. Дискiдегi қымбат қазына жөнiнде Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Ермұрат Үсенов былай дейдi: “...

17 қараша 2015
Көрерменге “заманауи жырау” лақап атымен танылған Жан Ахмадиев пен SMITTY төртiншi бейнебаянын түсiрiп, көпшiлiкке ұсынды. “Қазақпыз ғой -4: Кризис” деген әнiн автор өзiн-өзi өртеп жi­берген марқұм Ерлан Бектiбаевтың рухына арнапты. Қоғамдағы келеңсiздiктi, ащы шындықты рэп жанрында жеткiзетiн орындаушының төртiншi бейнебаянында
17 қараша 2015
1957-58 жылдары 9-сыныпта оқып жүрге­нiмде, сол кездерде өнер, радио саласында iстеген Мақсұтбек Майшекиннiң редакторлығымен шыққан “Қазақ халқының әндерi” жинағынан “Бiр бала” әнiнiң мәтiнiн қойын кiтапшама жазып алғанмын. Әннiң сөзi мынандай: “Бiр бала” (халық әнi) Талдан таяқ жас бала таянбайды
17 қараша 2015
ӨМIРҚҰЛДЫҢ ӨНЕРIН КӨРГIҢIЗ КЕЛСЕ
ҚР Мәдениет қайраткерi, “Серпер” жастар сыйлығының иегерi, әншi, термешi Өмiрқұл Айниязов 19 қарашада (сағат 19:00-де) Республика сарайында ән кешiн өткiзедi. Өмiрқұлдың концертiнде Сәуле Жан­пейiсова, Асылбек Еңсепов, Серiкбол Сайлаубек, Асхат Тарғын, Димаш Құдайбергенов, Ғалымжан Жолдасбай, Алтын Айниязова, “Ағайындылар” тобы ән шырқайды.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»