1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
17 қараша 2015
Ол ән салғанда шауып келе жатқан тұлпардың дүбiрiн, үлбiреп тұрған гүл­дiң самал желдiң үлпiлi­мен әсем қозғалысын, аққу­лар­дың айдынды қақ жарып махаббат сазымен тербелiп жүзiп келе жатқан көрiнiс­тердi көруге болады. Роза Тәжiбайқызы Бағланованың өмiрден өткенiне де көп болмаса да қауесет сөздер желдей естi. “Азаттық” сайтында Гүлбәну Әбенова “Аш құрсақ қыз билiктiң байлықа да жеткiзетiнiн түсiндi” (24.03.2011жыл) деген мақаласын жариялап, былай деп жазды.
17 қараша 2015
Кейбiреулер өзгенiң беделiн салып жүрiп билетiн өткiзiп, концерт қояды. Ән жаздыру, киiм тiктiру, кешiңдi өткiзетiн жердiң сахнасын безендiру – ақша. Мәселенiң бәрi қаржыға тiрелетiндiктен, оларға неге тегiн концерт өткiзбейсiң деу ақылға қонымсыз шығар. Дегенмен де эстрада әншiлерiнiң арасында елдi аралап, тегiн концерт өткiзiп жүргендер де бар. Солардың бiрi – Серiкбол Сайлаубек. 
29 қыркүйек 2015
Еңбек қана өрлетедi
50 жастан асқаннан берi лирико-клоротуралық сопрана дауыста ән салып жүрген әлемде жалғыз әншi   Бибiгүл Төлегенова десек қателеспеспiз.  “Мен 85 жасқа келгенше аспаптан ешқашан да ажыраған емеспiн. Ұзақ жылдан берi қасымдағы серiгiм – музыкалық аспабым. Таң құланиектенiп атқанда оянған соң, әуелi бiр жарты сағат денемдi шынықтырып алам.
29 қыркүйек 2015
Құнсыздану қиын соқпады ма?
Ақбота Керiмбекова: Кейiнге ысырылды
– Көк қағаздың қымбаттауы шығармашылыққа анау айтқандай кедергiсiн келтiрмегенiмен, бейнебаян түсiруге қолбайлау болып тұр. Бейнебаян түсiру­шiлер АҚШ долларының бұрынғы бағамымен саудаласуға келiс­пегендiктен, бiр-екi әнiме бейнебаян түсiру шаруасы кейiнге ысырылды.
29 қыркүйек 2015
“Ырғақты” жаңалықтар
«АЛЫСТАНЫ» ЖАҚЫНДА КӨРСЕТЕДI
Тыңдаушыларға “Iңкәрiм-ай” әнiмен танылған “Тарлан” тобының мүшесi Айбек Мұхаметәли “Алыста” деген әнге бейнебаян түсiрдi. “Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңiне сазгер Ахмедияр Есмұханов ән жазып, соған бейнебаян түсiрдiк. Шарын шатқалында, Мыңжылқы, Шалкөде жайлауында түсiрiлген бейнебаянда балалық шағымды тұңғыш ұлым Рамазан сомдайды” дейдi әншi Айбек Мұхаметәли.
29 қыркүйек 2015
Рамазан Стамғазиев, әншi: Ол кезде шығармашылық орта бар едi...
Көзiн тапқандар жыл сайын, кейбiрi әр бес жылды араға салып, жеке ән кешiн өткiзiп жүр. Әншi Рамазан Стамғазиевтiң жеке ән кешiн өткiзгенiне де жетi жыл аунап түсiптi. Талантты әншi, тәжiрибелi ұстазбен сұхбаттасудың сәтi түстi. – Қытайдағы ағайынға концерт қоюдың талғамы өте жоғары. Фонограмманы қосып қойып, соған iлесiп ән айтып беру дегендi олар қабылдамайды. Төрт-бес жылдың жүзi болды, дағдыланып ал­дық, кешiмiзде әндердiң тарихынан хабардар етемiз де, солардың сөзiмен айтқанда нақ майданда, тiрi дауыста ән шырқаймыз.
11 тамыз 2015
Ырғақты жаңалықтар
ТАЛАНТТЫ БАҒАЛАЙ БIЛУ КЕРЕК
Жыл сайын Беларусь елi “Славян базары” халықаралық фести­валiн өткiзедi. Биылғы доданың бас жүлдесiн иеленген жерлесiмiз, әншi Димаш Құдайбергеновтi ертеректен бiлемiн. 2012 жылы елiмiзде өтетiн “Жас қанат” байқауында ерекше даусымен, өнерiмен көпшiлiктi баурап, бас бәйгенi алған Димаш халық­ара­лық “Шығыс базары”, “Мэйкин Азия” конкурстарында өнерпаздардың бәрiнен қара үзiп, дара көрiндi.
11 тамыз 2015
Оның портретi театрда жоқ
Тұлға
Ол миллиондаған тыңдарманның   құлақ құрышын қандырып, өнер бұлағымен сусындатқан   қазақ сахнасының теңдессiз бұлбұл да­уысты әншiсi едi. Оның әуе­лете шырқаған әнi кә­сiби   тұрғыда адам жан дү­ниесiн ерекше сезiмге бө­леп сиқырлап елiктiрiп   әке­тушi едi. Қазақ КСР Халық ар­тисi, жиырмасыншы ға­сыр­дың үздiк лирико-клоротуралық сопранасы қазақтың   екiншi Күләшi   Айсұлу   Байқадамқызын кейiнгi жастар жыға тани бермейдi. 1927 жылы қазан
11 тамыз 2015
Ерекше ыстық екi кездесу
15 тамыз – Шәмшi Қалдаяқовтың туған күнi. Арамызда жүрсе Шәкең мерейлi 85 жасын тойлайтын едi. “Қазақ вальсiнiң королi” атанған, мақтау-марапатты халқынан алған Шәмшiмен екi рет кездестiм. Екiншi кездесуден бастайын. 1988 жылдың күз айы болатын. Мектептерде жаңа оқу жылы басталып та кеткен. Аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исмат Тұрсынқұлов шақыртқан соң барсам: 
23 маусым 2015
«Ырғақты» жаңалықтар
ТЕГIН ӨТКIЗДI. НЕГЕ?
“Ой, жеңге” әнiмен танымалдығы күрт артқан әншi Серiкбол Сайлаубек Алматы облысының әр өңiрiн аралап, тегiн концерт өткiзiп келдi. Ендi елiмiздiң өзге облыстарын аралап тегiн кеш өткiзбек ниетте. “Алматы облысын аралағанда тек мәдениет үйiнде ғана емес, ашық алаңда да концертiн өткiздi. Серiкбол неге концертiн тегiн өткiздi? Бала күнiнде ауылына концерт өткiзуге келген әншiлердiң кешiне билет сатып алуға ақшасы болмай көре алмапты.
23 маусым 2015
Өнердi қалай дәрiптеп жүрмiз?

“Кимэнэ БАбак кимэ кименэ би бек, Те ма камана би бэт тэма таманэ бэт” деп шырқап жүрген   “Қазнет жұлдызы МС Сайлаубек Атырауда концерт бердi. Шымкенттегi мектептердiң бiрiндегi соңғы қоңырау мерекесiнде түлектер МС Сайлаубектiң “өз тiлiндегi әнiне” билеп, флешмоб өткiздi. Итальяндық әншi Сон Паскаль СМ Сайлаубекпен бiрлесе ән шырқады. “Орда” тобы МС Сайлаубектiң әнiн орындады, Талғат Жорабаев та қатарынан қалғысы келмей МС

23 маусым 2015
Сал серiлiктiң жалғасы

Рамазан Стамғазиев – өнер өлкесiндегi ұстаздары Жәнiбек Кәрменов пен Қайрат Байбосыновтың ерекше сенген үмiтiн ақтаған шәкiрт, бүгiнде қалың қазақтың сүйiктi әншiсi. “Қалың қазақ” дейтiнiмiз – Рамазанның әуездi үнiн Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тарыдай шашырап жүрген қандас ағайындар да қадiр тұтады. Әсiресе, Қытай мен Моңғолияға өнер сапарымен барғанда Рамазан келiптi деп ақжарма көңiлiн ала жететiн ағайынның ықылас-пейiлi алабөтен. “Моңғолияға барып, екi күн қатарынан концерт өткiздiк.

5 мамыр 2015
“Ырғақты” жаңалықтар
“ТУҒАН КҮНIНДЕ ЕСКЕ АЛАМЫЗ”
Қызылордада кiндiк қаны тамып, 53 жасқа қараған шағында ақырғы демi Мәскеуде үзiлген әншi Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсiмi Алматыда, Жамбыл атындағы филармонияда өттi. Өзi еңбек жолын бастаған өнер ордасындағы азалы жиында сөз алған қала әкiмi А.Есiмов Батырханның туған күнiнде (18 мамырда) еске алу кешiн ұйымдастыру қажет дедi. Марқұм “Россия 1” телеарнасындағы “Один в один” телешоуының бағдарламасына қатысып келген соң-ақ жайсыз сезiнген. Жедел жәрдем шақыртып
5 мамыр 2015
Сахнаны сағынып жүр...
Редакциямызға салт-дәстү­рiмiздi насихаттап, халық ән­дерiн жаңғыртып жүрген “Асыл әжелер” тобының мүшелерi хабарласты. “Қадiрiмiздiң қашқанына” күйiнiп, хабарласып тұр­мыз” деген әншi әжелердiң базынасына құлақ түрiп, жазып ал­дық. “Әуезов ауданының әкiмшiлiгi өткiзетiн түрлi iс-шараларына бiздi де шақыртатын. Соңғы екi жыл көлемiнде оны да доғарды. Бұрын конституция күнiнде, тәуелсiздiк күнi, жаңа жылдық мереке, мұғалiмдер күнiне орай ұйымдастырылған концертте бiз де өнерiмiздi көрсетушi едiк.
5 мамыр 2015
Биiктi неге бағаламаймыз?

Қарапайым жандардың өмiр­де де, өнерде де өзiне тие­­сiлi үлесiнен құр қалуы жиi кездеседi. Сондай асқақ тұл­ғаның бiрi – Роза Ахмет­қызы Жаманова. Аса талантты әншi апамыз зейнет­керлiкке шыққан соң да елеусiз, ескеру­сiз қал­ды. Тiптi 85 жасқа толған мерейтойында теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарды жарыса жазып, дүркi­ре­тiп әкетпедi. Дүркiретке­нiңiз не, аты дардай бiр журналиске өтiнiш бiлдiрiп едiм, “Ол кiсi әлi тiрi ме?” деп көзiн-аударып төңкергенде жағамды ұстап шошыдым.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»