1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
18 наурыз 2014
“Ырғақты” жаңалықтар
ҚЫЗЫҚТЫ КЕШТI ЖIБЕРIП АЛМАҢЫЗ!
21 наурызда кешкi сағат 18:00-де және тыңдаушылардың сұранысы бойынша 22 наурызда 17:00-де Қазақстанның халық артисi Мақпал Жүнiсова Республика сарайында шығармашылық кешiн өткiзедi. Халықтың ерке қызы өзiнiң 50 жылдық мерейтойына орай өткiзетiн концертiнде қазақ эстрадасында өзiндiк биiгi бар ерлерден құралған топпен бiрлесiп те ән шырқайды.
18 наурыз 2014
Тұңғыш балеринамызды бағалай алдық па?
Қазақтың дарқан даласындай кеңдiгi мен қазақ қызының бүкiл болмысы, сұлулығы тал бойынан табылатын Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы 13 қыркүйекте Ақ­төбе облысының Ойыл ауданында өмiрге келген. Елубайдың өнерлi қызы жетi жылдық мектепте бiлiм алып жүрген кезде, яғни, 1934 жы­лы Алматыда жаңадан құ­рылған Құрманғазы атындағы оркестр Ойылға гас­троль­дiк сапармен
18 наурыз 2014
Жалақысы отыз мың теңгеге жетпейтiн оқытушы

Жаратушының бойына дарытқан әншiлiгiне қоса сазгерлiк дарыны бар әншiнiң бiрi – Шаба Әденқұл. Теледидардағы түрлi бағдарламалар, шоулардан жиi көрiнбейтiн, өзiн асыра жарнамалауды жақтыра бермейтiн әншiнiң шығармашылығында нендей жаңалықтар барын бiлмекке хабарласып, шағын сұхбат алған едiк. – Жаңа жазылған әндерiмнiң саны толықты. Осы жылдың басында “Жаңа жыл” деген ән жаздым. Репертуарымның денi лирикалық ән болғандықтан, жастар аудиториясының талғамына ыңғайлап осы әндi тыңдарманға тарту еттiк.

11 ақпан 2014
Жүректi тербейдi күйiнiң күмбiрi

Ұлттық күй мұрасын зерттеп-зерделеген Ақселеу Сейдiмбек “Ойтолғақ” (1997ж.) кiтабында: “Ел аузында “музыканың тiлi ортақ” деп келетiн” жаңсақ ұғым бар. Кез келген халықтың болмысын мейлiнше дара күйiнде көрсетуге келгенде музыкамен ешбiр рухани үрдiс өрелесе алмайды. Ұлттық әуен ғана емес, ұлттық үн мен ұлттық дыбыс ерекшелiктерiнiң де болатыны айдай анық”, – деп айқындаған.

11 ақпан 2014
Дап-дардай әншiнiң мұнысы несi?
Әйгiлi “Қыз қуу” әнiнiң қайырмасының:
Қусаң да жiгiт қаншама,
Жолатпаймын маңыма!
Әуре болма, шаршама,
Адасып кетпе шаңыма! – деп айтылатынын тек өнердiң айналасында жүргендер ғана емес, жалпақ жұрттың бәрi бi­ледi.
11 ақпан 2014
“КЕЛ, МЕНI КӨР”
Түркияның Қазақстандағы елшiлi­гiн­де дәстүрлi әншi, сазгер Зағипа Иманғазиеваның бейнебаянының тұсаукесер шарасы өттi деп хабарлайды “Бақ.кз” порталы. Түркiнiң 1238-1320 жылдары өмiр сүрген атақты шайыры Жүнiм Әмiренiң “Кел, менi көр” (Gel gor beni) термесi бар. Қазақ сахарасында туып, 
11 ақпан 2014
Шектеу қойғаны рас па?

Былтыр Алматыдағы “Прайм Плаза” сауда орталығының алаңында болған тәртiпсiздiктен кейiн Қайрат Нұртастың артынан ерген жел сөз тiптi үдедi. Өзiм құралпы жастардың денi зейiн қойып тыңдайтын әншiге “бұдан былай Алматыда жеке концерт қоюға тыйым салыныпты”.

11 ақпан 2014
Қапездiң әнiн бұлай қорламасын!

Қайбiр күнi теледидардан “Жiгiттер” квартетi­нiң 10 жылдығына байланысты өткiзген концертiн көрдiм. Мен тыңдарман ретiнде талантты төрт жiгiттiң өнерiн бағалаймын. Эстрада сахнасында өзiндiк қолтаңбасын қалыптастырған, ес тоқтат­қан әншiлер елдiң алдында 10 жылдық мерейтойын тойлап, есеп бергенi дұрыс-ақ.

11 ақпан 2014
2050 жылға дейiн қандай әндер өмiр сyредi?

“Қазақ вальсiнiң королi” Шәмшi Қалдаяқов дауылпаз ақын Жұмекен Нәжiмеденовтiң сөзiне жазылған “Менiң Қазақстаным” әнiн жазғанда небәрi 26 жаста болған. Жiгiт-желең шағындағы туындысы бүтiндей бiр мемлекеттiң әнұранына айналды. 1960-70 жылдары алғаш тыңдаушысының құлағына жеткен тамаша әндердi неге әлi де қосыла шырқаймыз?

3 желтоқсан 2013
“РИНГО” ТОБЫНА СЕНЕМIЗ
Желтоқсан айының соңына таман өтетiн “Turkvizyon-2013” халықаралық ән байқауына елiмiзден “Ринго” тобы қатысатын болды. Астанадағы “Қазақстан” концерт залында өткен iрiктеу сайысына бұл топтан өзге “Алашұлы”, “Бастау” сынды топпен қатар Айқын Төлепберген, Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева
3 желтоқсан 2013
Үретiн ит емес қой

Қайбiр күнi телеарнаны қосып қалсам, “Еларнада” “Сынақ” деп аталатын бағдарлама көрсетiлiп жатыр екен. Үйдегiлердiң бәрi жата-жастана тамашалап жатқанда, менiң де көргiм келдi. Көрдiм. Бұған дейiн “Фобия” деген атаумен эфирден берiлген бағдарламаның атауын “Сынақ” деп өзгертiптi. Айтпағымыз бұл емес едi.

3 желтоқсан 2013
Жеңiс Ысқақова, әншi: Өзiмдi-өзiм сынау үшiн қатыстым

Редакция қоржынына атыраулық оқырманымыз Күнсая Бақытқызынан хат келдi. Өзiнiң жиi тыңдайтын әншiсi Жеңiс Ысқақованың “Сынақ” бағдарламасындағы әрбiр қадамын жiтi бақылап отырады екен. “Неге әншi шикi еттi тiстемей, шартты орындаудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты екен? Батыл мiнездi Жеңiс қарсыластарынан қалыспай бәйгеге түсуi керек едi” деген оқырманның сұрағына орай әншiмен тiлдескен едiк.

3 желтоқсан 2013
(Тағдырлы әншi Тоқбайдың тауқыметтi өнер жолы турасында)
... Бұл 1939 жылы болған оқиға едi. Жүсiпбек Елебеков бастаған бiр топ өнерпаз Павлодар облысының Бесқарағай ауданын аралап, концерт қойып жүрген сапардың бiрiнде Тоқбай есiмдi әншiнi кезiктiредi. Ел iшiнде елеусiз ғана күй кешкен қарапайым жанның үлкен өнерiне тәнтi болған Жүсекең қарт әншiнi өзiмен бiрге Алматыға жүруге көндiредi.
3 желтоқсан 2013
Таланттардың талабын ұштаған «Тоқырауын толқындарына» қырық жыл

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының тұрғындары былайғы жұртқа әншiлiк, ақындық қасиеттерiмен кеңiнен танымал. Бұл өңiрдiң кез келген азаматымен әңгiмелесе қалсаңыз, сөзге аса шебер, мақал-мәтелге бай сөздiк қорымен қатар, суырып салма ақындығына ерiксiз тәнтi боласыз. Осы өңiрге iссапарымыз барысында құрылу тарихы 40 жылдан асқан “Тоқырауын толқындары” атты халық ансамблi туралы

15 қазан 2013
“Ырғақты” жаңалықтар
МИНСКIНI ТЕРБЕТТI
Өткен аптада Беларусь астанасы Минск қаласында Қазақстанның мәдениет күндерi өттi. Беларусь мемлекеттiк академиялық музыкалық театрында “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық ансамблi, “Аққу” би ансамблi, “Ұлытау” этно-рок тобы және “Серпер” домбырашылар ансамблi беларусь халқын бiр серпiлттi.  Роза Рымбаева бастаған әншiлерiмiз қазақ әндерiне қоса беларусьтiң халық әндерiн де шырқады. Келесi жылы елiмiзде Беларусь елiнiң мәдениет күндерi өтедi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»