1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15476) 4 наурыз, бейсенбі 2010
4 наурыз 2010

Бейсенбi күнi Алматыда тосын оқиға болды. Қала iшiмен жүретiн елуге тарта қоғамдық көлiк жүргiзушiлерi жұмыстарын тоқтатып, наразылық шарасын өткiздi. Олар «Саяхат» автобекетi маңындағы Пушкин көшесiнiң бойына автобустарын қаңтарып қойып, бiр сағатқа таяу уақытқа жолды жапты. Кейiннен басқа да бағыттағы қоғамдық көлiк қызметкерлерiмен бiрлесе Алматыдағы ескi алаңға жиналды. Осылайша жүргiзушiлер жол сақшылары тарапынан тексерулердiң көбейiп кеткенiне қарсылық бiлдiрдi. Олардың автопарк басшыларына да артар кiнәсi бар.

2 наурыз 2010

Бомж. Қаңғыбас-кезбелер. Бүгiнде қоғамның бiр бөлшегiне айналған топ. Жалпы, көше кезiп, даланың адамына айналған кезбелер жайында не бiлемiз? Баспанасыз, қолына iлiккен асты қорек ететiн, қоқыс шұқылап нанын табатын, iшкiлiкке салынып қара жердi төсек ететiн қаңғыбастардың күнкөрiсi қандай? Тағдыры тәлкеке түскен жандарға мемлекет қандай көмек бередi? Қаңғыбас-кезбелердiң өмiрiмен танысып, өткенi мен бүгiнiн сарапқа салып көрейiк.

2 наурыз 2010

ҚАЗАҚ КӨШIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛЫП БАРАДЫ?

Ел үкiметi тәуелсiздiктiң қарсаңында-ақ қазақ көшiнiң құқықтық жағдайын реттеуге ерекше ден қойды. “Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерге жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрушi байырғы ұлт адамдарын КСР-ына қоныстандыру тәртiбi мен шарттары туралы” Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы министрлер кабинетiнiң 1991 жылы 18 қарашада қабылданған қаулысы сыртқы көшi-қонның алғашқы құқықтық актiсi болды.

23 ақпан 2010

“100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында бiр тектес жобамен 14 бөлмелi 7 аурухана салынды. Атап айтқанда, Сазды, Жарма, Басқұдық, Мырза­йыр, Қияқты тағы басқа елдiмекендерде. Ашылды деген аты болмаса, Кеңес үкiметi кезiнде салынған ғимараттарды жаңалады. Ашынарлығы, аталған ауылдарда ең көбi – 20, ең азы – 8 отбасы бар.

23 ақпан 2010

Тәуелсiздiк алған жылдары мемлекет басына келгендер “жекешелендiрудi” желеу етiп халық мүлкiн талан-таражға түсiрсе, “бартердi” сылтау жасап елдiң төрт түлiк малын аз ғана уақытта жоқ қылып едi. Кейiн инвестицияны сылтау етiп, шетел азаматтарымен ауыз жаласып, кен орындарын арзанға сатып жiбердi. Одан түскен өнiмнiң азғана үлесi байырғы халықтiкi болса, 80 пайызы өздерiнiкi. Инвестицияның экономикамыз үшiн маңызы зор екенiн бiлемiз.

23 ақпан 2010

КазТАГ ақпараттық агенттiгi­нiң мәлiметiне сүйенсек, Қазақстанның бұрынғы премьер-ми­нистрi Сергей Терещенко оншақты күн Израильге сапармен барып, бұл елдiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмен кездескен. Израиль сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Пинхас Авивимен, «Мерхав» корпорациясының пре­зидентi Йоси Мейманмен, «Из­раиль-Қазақстан» парламентаралық ассоциациясының жетек­шiсi Фаина Киршенбауммен және «Израиль-Қазақстан» сауда палатасының төрағасы Михаил Роэмен жүздесiп, екi ел арасындағы байланыс мәселесiн талқылаған.

16 ақпан 2010

Ғылым және бiлiм министрi Жансейiт Түймебаев өткен жұмада бiлiм ошақтарының және қоғам қайраткерлерiнiң басын қосып, үлкен кеңес өткiздi. Онда бiлiм саласындағы қазақ тiлiнiң жай-күйi сөз етiлдi. Ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов, ғалым, сенатор Ғарифолла Есiм, жазушы Смағұл Елубай, “Ұлт тағдыры” қозғалысының басшысы Дос Көшiм, Қазақ қыздар педагогикалық университетiнiң ректоры Шәмша Беркiмбаева және басқа да азаматтар сөз алды. Жиында айтылған деректер жиырма жыл iшiндегi жеткен жетiстiктерiмiз бен кемшiлiктерiмiздi қолмен қойғандай етiп ашып көрсетiп беретiн

16 ақпан 2010

Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында президент Назарбаев қоғамға ұсынған «Ел бiрлiгi» доктринасында былай делiнген: «Тәуелсiздiк жылдары Қазақстанда дiннiң нақты қайта өркендеуi жүзеге асты. 18 жыл iшiнде дiни бiрлестiктердiң саны 6 есеге өсiп, 1991 жылғы 671-ден 2009 жылы 4200-ге жеттi. Қазiргi уақытта 3200-ге жуық мешiт, шiркеу, ғибадатханалар жұмыс iстейдi. 2003 жылдан бастап бiздiң елiмiзде Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң съезi өткiзiлiп, оларға көрнектi дiни қайраткерлер мен түрлi конфессиялар өкiлдерi қатысады». Яғни,

9 ақпан 2010

Сот, адвокатура саласында «көлденең көк атты» емес­пiн. 1953 жылы Алматы мем­ле­кеттiк Заң институтын бi­тiрiп, инситиуттың сол кезде­гi директоры, академик Салық Зимановтың қолынан диплом алып, Семей облыстық прокуратурасының аға тергеушiсi, Семей қалалық сотының судьясы, Қызылорда облыстық IIБ-де жауапты қызметтер атқарып, полковник шенiнде 1990 жылы зейнетке шықтым. Содан берi адвокаттық қызметте жүрмiн. «Көз өзiне сенедi, құлақ өзгенiң сөзiне сенедi» дегендей, адвокат ретiнде өз көзiммен көрген, көңiлiме кiрбiң туғызған жағдайды айтқ­ым келiп отыр.

28 қаңтар 2010

Құлыбаева Динара ханымның Женевада бұ­рын-соңды болмаған рекордтық көрсеткiш жасап, Леман өзенiнiң бо­йынан 74,7 миллион франк­ке айналасы ат шаптырым вилла сатып алғанын «Жас Алаш» газетiнен бiр емес, екi рет оқып шығып, аң-таң болдым да қалдым...

26 қаңтар 2010

ОСЫЛАЙ ДЕП МАҚТАНУҒА, МАСАЙРАУҒА БОЛА МА? БОЛМАСА, ОНДА БIЗДIКI НЕ?

Әлi есiмнен кетпейдi, «есiмнен кетпейдi» деп жұмсақтап айтып жат­қан түрiм ғой, шын мәнiнде осы бiр қорқынышты әрi аса қорлықты көрiнiс күнi бүгiнге дейiн жүйкемдi жаншып, еңсемдi езедi де тұрады... 1987 жылдың ерте көктемi, егер жаңылыспасам, наурыз айының аяқ шенi ғой деймiн. Алматыдағы қазiргi күнгi Республика сарайында Қазақстан мұғалiмдерiнiң кезектi съезi өттi. Мен бұл кезде «Қазақ әдебиетi» газетiнде тiлшi боп қызмет iстеушi едiм. Газет басшылығы съезге менi жiбердi. Делегат етiп емес, әрине. «Мұғалiмдер съезiнен материал алып кел» деп.

26 қаңтар 2010

ШОҚЫНҒАН ҚАЗАҚҚА ҰЛТТЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫН

Көпшiлiктiң айтуынша қазiргi таңда шоқынған қазақтың саны жарты миллионнан асады. Бөгде елден келген миссио­нерлердi былай қойып, қазақты қазақ шоқындыра бастаған. Мектептегi оқушылар мемле­кеттiк әнұранды орындамай, бозбалалар әскери борышын орындаудан бас тартады. Ата-аналар болса туған баласы жан тапсырып жатса да оған қан беруден үзiлдi-кесiлдi қашып, басқа адамның қанын құюға мүм­кiндiк бермейдi. Мемлекет, заң, шекара, ұлт атаулыны мүлде мойындамайды. Яғни, оларға тiл мен ұлттың құны көк тиын. Мұны оқыған ұлтжанды ағайын: «Ұлттан безген бұл қандай көксоққандар?» дерi анық.

21 қаңтар 2010

ШЕКАРАНЫ ДЕЛИМИТАЦИЯЛАУ КЕЗIНДЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИIС ДЕП ШЕШIЛГЕН БЕС АУЫЛДЫҢ ЕКЕУI ҒАНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Оңтүстiк Қазақстан облысының бiр топ тұрғыны бес мың азаматтың аманатын арқалап «Жас Алаш» редакциясының есiгiн қақты. Өзбекстан мен Қазақстанның шекара сызығында туындаған даулы мәселенiң түйiнiн тарату үшiн. Ата-бабамыз бiлектiң күшiмен, найзаның ұшымен көздiң қарашығындай сақтаған туған жерге араша түсу үшiн. Қазақ-өзбек шекарасын делимитациялау кезiнде Қазақстан жағында қалады деп келiсiлген 5 елдiмекендi жоқтап, дәл осы ауылдардың кейбiрi ала тақиялы ағайындарға өтiп кеткенiн өкiметтегi­лерге ескерту үшiн.

5 қаңтар 2010

...Тамырсыз бiрде-бiр өсiмдiк болмайтыны сияқты адам баласы да ата-тегiмен, оның рухани құндылықтарымен көрiнбейтiн тамырлар арқылы жалғасқан. «Қазақстандық ұлт» идеясы бiрте-бiрте бiздiң сан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды мүлде жойып, жаңа космополиттiк болашақ қалыптастыратыны ешкiмге құпия сыр емес.

5 қаңтар 2010

ЗАМАНДАСЫМ ӘБIШ КЕКIЛБАЙҰЛЫНА АШЫҚ ХАТ

Әбiш тұрғыласым, сенiң жетпiс жасқа толған ерекше күнiңдi бүгiнгi билiк iрi құбылысқа айналдырып, марапаттаулар мен мадақ сөздер­дi, жоғары атақтар мен насихаттауларды аямай үйiп-төкенiн ақпарат құралдары арқылы естiп-бiлiп, телдидардан көрiп, ойланып қалдым. Тасып кетсең керек, жиналған қауым алдында: «Көп ғасырлық тарихымыздағы ең бақытты дәуренге ендi жеттiк...

беттер:1 / 2 / 3»