16 ақпан 2010
Текелiде террористердi дайындай ма?

Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында президент Назарбаев қоғамға ұсынған «Ел бiрлiгi» доктринасында былай делiнген: «Тәуелсiздiк жылдары Қазақстанда дiннiң нақты қайта өркендеуi жүзеге асты. 18 жыл iшiнде дiни бiрлестiктердiң саны 6 есеге өсiп, 1991 жылғы 671-ден 2009 жылы 4200-ге жеттi. Қазiргi уақытта 3200-ге жуық мешiт, шiркеу, ғибадатханалар жұмыс iстейдi. 2003 жылдан бастап бiздiң елiмiзде Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң съезi өткiзiлiп, оларға көрнектi дiни қайраткерлер мен түрлi конфессиялар өкiлдерi қатысады». Яғни, тарихи қысқа ғана уақыттың iшiнде елiмiздегi дiни бiрлестiктер мен түрлi ағымдардың саны 6 есе артты, ал оның iшiнде елге қатерлi дiни ағым өкiлдерi де жоқ емес.
Шетел қолдауымен әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде бөтен дiндi насихаттап жүрген «бiрлестiктердiң» адал ниетпен, елге хақ сенiмдi таныстыру үшiн келмейтiнi анық. Себебi, әр дiни ұйымның, әр дiни бiрлестiктердiң артында мемлекеттер, белгiлi бiр күштер, топтар, ықпалды әулеттер тұрады. Өзiн-өзi сыйлайтын, мемлекеттiң ертеңiн ойлайтын әлемнiң кез келген мемлекетi олардың ақпараттық-идеологиялық қарқынын, елге ықпалын күшейтпеудiң амалдарын қарастырып, бұл мәселеге аса сақтықпен қарайды. Ал Қазақстан билiгiнiң ойына бұл мүлде келмейтiн де сияқты. Сондықтан да Ақорда қоғамға ұсынылған ресми жобада ұлтқа төнген қауiптi жағдайды өзiнiң жетiстiгi ретiнде суреттеп, бұған мақтанады әрi масаттанады.
Бұрындары «христиан, иудаизм, индуизм дiнiнiң секталары елде қаптап кеттi» деп шу көтеретiн едiк. Соңғы кездерi тарихы жалпақ жұртшылыққа беймәлiм, тармақ-тармаққа бөлiнген Ислам дiнiнiң түрлi дiни ағымдары Қазақстанда күрт өстi. Соның бiрi – Исламның шейiт саласының исмаилиттер деп аталатын дiни орденi. Өткен жылдың аяғында Исмаилиттер имамдығы мұсылман шейiттерiнiң 49-мұрагер имамы ханзада Кәрiм Ага Хан IV елiмiзге келiп, Қазақстан президентi Н.Назарбаевпен кездестi. Осы сапар барысында Ага Хан қазақ елiнен Орталық Азия университетiнiң бөлiмшесi ретiнде iрi оқу орнын салу туралы келiсiм шартқа қол жеткiздi. Естерiңiзге салсақ, 2000 жылы исмаилиттер имамы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан республикаларының басшылығымен келiсiп, бұл мемлекеттердiң таулы аймақтарында Орталық Азия университетiн салуға рұқсат алды. Қазақ елiне осы жобаны iске асыру мақсатында келгенi де айқын. Ақорда бұған келiсiм берiп, Алматы облысы, Текелi қаласының Жылансай шатқалынан 225 гектар жер бөлдi. Алматы облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi таратқан мәлiметте «100 000 шаршы метр жерге әлемдiк деңгейдегi тұрғынжайлар, оқу және әкiмшiлiк ғимараттар орналастырылады. Қалашықта студенттер, оқытушылық-профессорлық және қызмет көрсету құрамымен бiрге 1200 адам тұратын болады. Текелi қаласы мен Ескелдi ауданы әкiмдiктерi тарапынан Текелi қаласының солтүстiк жағындағы Университет гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебi – бакалавриат, оқытудың базалық бағдарламасы, дамыту мектебi – магистратура және кәсiптiк және үзiлiссiз оқыту мектебi болып үш бөлiмнен құралады деп жоспарланған» делiнген. Сонымен қатар «Орталық Азия университетi – жекеменшiк, тәуелсiз өзiн-өзi басқаратын мекеме» екенi де атап айтылған. Жоғары оқу орны орналасатын аумақ үшiн исмалиттер көсемi 150 мың доллар төлеген. Ал бұл құрылысты iске асыруға Ага Хан өзiнiң даму қорынан 250 миллион доллар бөлетiнi де мәлiм болды.
Ақорда мен Кәрiм Ага Ханның келiсiмiн Қазақстанның парламентi де мақұлдап, шартты ратификациялады. Отырысқа қатысқан 99 депутаттың 97-сi оған қолдау бiлдiрiп, екеуi ғана қалыс қалған. Бiрақ, мұның алдында кейбiр «билiк қалаулылары» дұрыс мәселе көтерген едi. Бекболат Тiлеухан бұған қатысты мынадай сауалдарды көтердi: «Бұларға арналып берiлiп отырған оқу орны неге таудың арасында, Текелiде орналасқан? Неге ол Алматыда, я болмаса Астанада емес?». Алайда, елiмiздiң Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев Кәрiм Ага Ханның жобасына шаң жуытпай, «ел басшылығы бәрiн түбегейлi зерттеп барып қол қойды. Ал оқу орнының тау арасында орын тебуiне келсек, жалпы Ага Ханның философиясы таулы аймақтардағы жастарды оқыту, соларды қолдап, қамтамасыз ету болып табылады» деп мәлiмдедi. Осымен мәселенi талқылау тоқтатылып, Кәрiм Ага Ханға жердiң құжаты тапсырылды.
Шын мәнiнде, исмаилиттердiң таулы аймақтардан оқу орындарын ашып, оған қыруар қаржы аударуына не себеп? Мұның астарында не жатыр? Исмаилиттер деген кiмдер? Олардың көшбасшысы кiм? Бұл сауалдар қоғамды мазалайды.
Исмаилиттер VIII ғасырда шейiттерден бөлiнiп шықты. Бұған себеп – шейiттердiң алтыншы имамы Джафар ас-Садық өзiнен кейiнгi көшбасшы ретiнде үлкен ұлы Исмаилдi емес, оның iнiсi Мұса Қазымды жұртқа жария еттi. Шейiт имамының мұндай шешiм қабылдауына екi себептiң түрткi болғаны да айтылады. Бiрiншiден, Исмаил сүнниттерге аса өшпендiлiкпен қарап, олармен арадағы қатынасты суытты. Саны жағынан басым топпен қақтығысу шейiттер үшiн тиiмдi болған жоқ. Екiншiден, Исмаилдiң феодализмге қарсы топтарды желеп-жебеуi де шейiт басшыларының қарсылығын тудырды. Осы мәселе де оның әкесiнен кейiнгi имам атанбауына әсер еткенi белгiлi. Қысқасы, ас-Садықтың шешiмi Исмаил мен оның жақтаушыларының наразылығын тудырып, олардың шейiттерден бөлiнiп шығуына әкеп соқты. Алайда, Исмаил әкесiнен бұрын көз жұмған. Елдегi қарсылықты тоқтату үшiн шейiт имамы ұлының денесiн орталық мешiтке iлiп қойғаны туралы да деректер бар. Бiрақ, оның жақтастары Исмаилдiң өлгенiне сенгiсi келмей, ол уақыты келгенде «махди», яғни «құтқарушы» ретiнде елге қайта оралады деген де сенiм туады. Мiне, осыған сенетiндер, Исмаилдi жақтайтындар шейiттерден бөлiнiп, «исмаилиттер» орденiн құрды. Бiр сөзбен айтқанда, исмаилит имамдығы билiкке таластың нәтижесiнде пайда болған дiни бiрлестiк. Мұны дiн ретiнде атауға болмайды, бұл – дiни секта. Қазiргi таңда әлемде бұлардың саны 15-20 миллион шамасында. Исмаилиттердiң iрi бөлiгi Тәжiкстанның Памир тауларында мекендейдi. Сонымен қатар Үндiстан, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран, Ливан, Сирия аумағында да исмаилиттердiң бiршама бөлiгi тұрып жатыр. Бiр қызығы, бұлардың мекен ететiн жерi тау және таулы аймақтар. Неге олай дейсiз ғой? Бұлардың бiр кездерi өз мемлекетi де болды. Олар Иранның бiраз бөлiгiн жаулап алып, тәуелсiз мемлекет те құрған. Олар бұл кезеңдi аламут дәуiрi деп атайды.
Бiрақ, Шыңғыс хан бастаған моңғол шапқыншылығы исмаилиттер мемлекетiнiң быт-шытын шығарып, оны құрдымға кетiредi. Басқыншылар исмаилиттердi қудалап, оларды қырып-жойды. Сондықтан да, исмаилиттер таулы аймақтарда жасырынып, елден жырақта өмiр сүруге машықтануға мәжбүр болды.
Исмаилиттердiң наным-сенiмi бойынша халық имамға бiрауыздан бағынып, оның айтқанын орындап отыруы керек. Себебi, имам ерекше дарынды адам, тiптi бойында құдайдың қасиеттерi де болады. Қазақстандағы исмаилиттердiң өз көсемi болады. Олардың қатарына қосылатын жергiлiктi тұрғындар да соған бағынып, оның тiлiн алады. Бұл – қалыпты жағдай. Сонда басынан бақайшағына дейiн қаруланған, таудың шатқалдарында жаттыққан қазақ баласын өз ұлтына, мемлекетiне қарсы қойса, «имамға» құдайдай сенетiн азамат оның бұйрығын орындамай қоя ала ма? Бұл мүмкiн емес! Ненi бұйырса да, ненi айтса да, ол оны екi етпейдi. Себебi, бұл – исмаилиттердiң философиясы. Бұл дiнде христиан, иудаизм, индуизм, суфизмнiң көптеген белгiлерi байқалады. Осы себептен оны Ислам дiнiнiң тармағы емес, бiрнеше дiннiң қоспасы ретiнде атайтындар да аз емес.
Ендi оның қазiргi рухани көшбасшысы Кәрiм Ага Ханға келетiн болсақ, ол – әлемдегi ең бай адамдардың бiрi. Оның меншiгiнде ондаған қонақ үйлер, компаниялар, демалыс орындары бар. Ага Хан қорының жылдық табысы 300 – 500 миллион долларды құрайтыны жайында да айтылады. Ең қызығы, Ага Хан Батыс елдерiнде бiлiм алып, сонда тұрады. Оның дiншiлдiгi де аса байқалмайды. Ол зайырлы дәстүрде өмiр сүрiп, Батыс мемлекеттерiнiң басшылығымен жақсы қарым-қатынаста. 1957 жылы Ұлыбритания патшайымы оған «ұлы мәртебелi» атағын бердi. Кәрiм Ага Хан екi рет үйленген. Бiлгiштердiң айтуынша, ол үйленген екi әйелдiң екеуi де еврей ұлтының өкiлдерi. Осының өзi көп нәрседен хабар беруi тиiс. Ағылшындар өздерiне қызмет етпеген, Лондонға қажетсiз адамға сый-құрмет көрсетпейдi. Олардың саяси дәстүрi бұл. Ислам дiнiн қаралап, мұсылман жұртшылығына топырақ шашқан Сальман Рушдиге Лондон небiр атақтарды бердi. Оның себебi түсiнiктi. Батыс елдерiнiң ұстанымын қолдап, түрiк халқына қарсы «тас атқан» Орхан Памуктi де Батыс жұртшылығы басына көтередi. Демек, Ага Хан да Ұлыбритания үшiн, Батыс елдерi үшiн «тегiн» адам емес. Ол – өздерiнiң адамы, бөтен елдердiң саяси ықпалында. Бұдан «Батыс Ага Ханның қолымен от көсеуi мүмкiн» деген ой әрбiр саналы азаматтың көңiлiнде тұрады.
Сонымен, Кәрiм Ага Хан бастаған исмаилиттер Қазақстанға не үшiн келдi? Қыруар қаржы аударып, Жылансай шатқалынан оқу орнын неге ашады? «Тәуелсiз, өзiн-өзi басқаратын» университет күзеттi де өзi жүргiзедi. Университет аумағында қару – жарақ сақтауына, оны қолдануына да рұқсаты бар. Бiр кездерi олардың тәуелсiз мемлекетi болғаны туралы жоғарыда айттық. Исмаилиттердiң бiрден – бiр арманы осы мемлекеттi қалпына келтiру. Олардың тағдыры да, тарихы да еврейлерге ұқсастығы қатты байқалады. Яғни, «ұлы еврей» мемлекетiн тұрғызғысы келетiн Мұса халқы сияқты Исмаил жақтастары да бұл туралы ойлайды. Сонда бұларды үш мемлекеттiң аумағынан оқу орындарын салуға не итермеледi? Мейлi, Қазақстан аумағынан мемлекет құрғысы келедi деп ойламай-ақ қояйық. Әйткенмен, олар осы елдердiң аумағын, оқу орнын база ретiнде пайдаланбасына кепiлдiк бар ма? Қоймасында қару-жарақ сақтап, жастардың санасын уламай ма? Оларды ешкiм тергеп те, тексерiп те жатпайды. Себебi, Ага Ханның қоры үкiметтiк емес ұйымдардың қатарында. Ол салықтан да, басқа да ауыртпалықтардан да құтылады. Яғни, оған бөлiнген аумақта ойына не келсе, соны iстеуге еш шектеу жоқ. Ал олар оқу орнын, одан бiлiм алатын жастардың күш-жiгерiн қай арнаға бұратынын және оны қалай пайдаланатынын ешкiм де бiлмейдi. Екiншi жағынан, исмаилиттерге Батыс елдерi де едәуiр қолдау бiлдiредi. Шейiттердiң негiзгi тобына қарсы қойып, оны өз мақсат-мүддесi үшiн пайдалану ойымен. Демек, бұлар Қазақстан үшiн ойы мен пиғылы алабөтен дiни әрi саяси топ. Ал оларға құшағымызды жайып, шатқалымызды неге беремiз онда? Ненi мақсат еттiк? Өзге елдердiң идеологиялық ықпалына неге бой алдыруымыз керек? Осы мәселеден ши шығатын болса, мұның ауыртпалығы да, жауапкершiлiгi де президентке түседi. Себебi, Ага Ханға жердi бергiзген, оның жобасына қолдау бiлдiрген – сол кiсiнiң өзi. Сондықтан да, жоғары билiк бұл мәселеге аса сақтықпен қарағаны абзал. Тағы бiр жағынан алғанда, Пәкiстан, Үндiстан мен Иранда исмаилиттер мен ислам дiнiнiң өзге тармағын ұстанатындардың арасындағы талас-тартыс күштi. Өздерiнен басқаның бәрiн жау көрген исмаилиттер ислам мемлекеттерiнiң көрнектi тұлғалары мен дiнбасыларын лаңкестiк әрекеттердiң көмегiмен өлтiрiп отырды. Өз кезегiнде саны көп, күшi басым топтар исмаилиттердi де қудалап, оларды жазалады. Бұл – араб – парсы әлемiндегi бiтiспес талас-тартыс. Оның шегi де, шетi де көрiнбейдi. Қазақ ұлты ислам дiнiне сенгенiмен, арабтардан да, парсылардан да бөлек өмiр сүрдi, олардың тартысына араласқан жоқ. Ал қазiргi билiк исмаилиттерге оқу орнын ашуға мүмкiндiк беру арқылы ислам дiнiн ұстанушылардың өзге топтарын өзiне қарсы қойып отыр. Бұған өшiккен, кектенген топтар Қазақстанда лаңкестiк шабуылдарды бастамайды дегенге кепiлдiк бар ма? Жоқ! Ендеше, олардың iшкi проблемасы мен шексiз дау-дамайына басымызды неге тықтық? Бүгiн исмаилиттер оқу орнын ашты делiк. Ертең
ваххабиттер, кораниттер, шейiттер келiп, «бiзге де жер берiңдер, оқу орнын ашамыз» десе, оларға «жоқ» деп айта аламыз ба? Әлде «көп векторлы» саясат ұстанып, қаптаған қатерлi дiни ұйымдар мен секталарды елге жинап аламыз ба? Билiктiң осындай бассыз әрi көзсiз саясаты Қазақстанды жарылғыш затқа толы бөшкеге айналдырып бара жатқан сияқты. Жарылғыш болған соң, күндердiң күнiнде ол жарылады. Ваххабит, исмаилит, кришна, коранит болып бөлiнген халықтан не қалар екен? Осыны ойлайтын, ел келешегiне толғанатын уақыт келдi емес пе?!!
ваххабиттер, кораниттер, шейiттер келiп, «бiзге де жер берiңдер, оқу орнын ашамыз» десе, оларға «жоқ» деп айта аламыз ба? Әлде «көп векторлы» саясат ұстанып, қаптаған қатерлi дiни ұйымдар мен секталарды елге жинап аламыз ба? Билiктiң осындай бассыз әрi көзсiз саясаты Қазақстанды жарылғыш затқа толы бөшкеге айналдырып бара жатқан сияқты. Жарылғыш болған соң, күндердiң күнiнде ол жарылады. Ваххабит, исмаилит, кришна, коранит болып бөлiнген халықтан не қалар екен? Осыны ойлайтын, ел келешегiне толғанатын уақыт келдi емес пе?!! Жанболат МАМАЙ





Уәж айту