«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берiп, қылмыстық жауапкершiлiктен босатып, мүлкiне кепiлдiк беру керек» дейдi депутаттар. Неге?
Билiкке бiр тықырдың таянғаны (55.5%)
Жармақтардың жарысы шегiне жеткенi (33%)
Әлдекiмдердiң мазағы бұл (4.7%)
Бiр ұлтқа бiр көшбасшы керек қой (6.8%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Ғылым және бiлiм министрi Жансейiт Түймебаев өткен жұмада бiлiм ошақтарының және қоғам қайраткерлерiнiң басын қосып, үлкен кеңес өткiздi. Онда бiлiм саласындағы қазақ тiлiнiң жай-күйi сөз етiлдi. Ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов, ғалым, сенатор Ғарифолла Есiм, жазушы Смағұл Елубай, “Ұлт тағдыры” қозғалысының басшысы Дос Көшiм, Қазақ қыздар педагогикалық университетiнiң ректоры Шәмша Беркiмбаева және басқа да азаматтар сөз алды. Жиында айтылған деректер жиырма жыл iшiндегi жеткен жетiстiктерiмiз бен кемшiлiктерiмiздi қолмен қойғандай етiп ашып көрсетiп беретiн тәрiздi. Қалай десек те, мұның жақсы бастама екенiн ешкiм жоққа шығармаса керек. “Заман-Қазақстан” газетiнiң бас директоры Ахмет Аляз бұдан билiктiң халықпен санаса бастағанын көредi. Ал “Ұлт тағдыры” қозғалысының төрағасы Дос Көшiм мұны “Ел бiрлiгi доктринасынан” кейiнгi билiктiң жұмсарту саясаты деп бiледi. “Кездесу өткiзiп жүргендер – қазаққа жұмыс iстейдi-ау деп ел күткен министрлер. Бұл – кезектi үгiт-насихат жұмысы”, – дейдi ол.
Министр елiмiздiң ұлттық бiлiм саласындағы мемлекеттiк тiлдiң даму болашағына қатысты ой тiлектердi, ұсыныстарды ортаға салып, пiкiр алмасуды ұсынды. Ж.Түймебаев өзi басқарып отырған саланың жетiстiктерiн санамалап өттi. Айталық, қазақ тiлiнде тәлiм-тәрбие беретiн балабақшалар мен мектептердiң саны өсiп келедi.
Министр келтiрген деректер мынадай: 1991 жылы 8146 мектептiң 2768-i ғана қазақ мектебi болса, қазiр 7576 мектептiң 3811-i – қазақ мектебi. Қазақ мектептерi – 50,03 пайыз. Аралас мектептегi оқушылардың үлесiн қосып есептегенде, 77,9 пайызға жетедi. Балабақша саласында 1999 жылдан 2009 жылға дейiн 648 қазақ тiлiндегi балабақша iске қосылған. Елiмiздегi барлық бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл оқытылады. Қазақ тiлiн оқыту сағаттары көбейтiлген. Басқа тiлдерде жұмыс iстейтiн балабақшаларда 2-3 сағаттан тiл үйретуге арнайы сағаттар бөлiнiп отыр.
2007 жылы министрлiкте арнайы бекiтiлген шаралар жүзеге асырылған. Соның бiрi – қазақтiлдi емес мектептерде қазақ тiлiнiң апталық сағаты 2 сағатқа көбейтiлдi. Осының негiзiнде, мемлекеттiк стандартқа толықтыру енгiзiлдi. 2007 жылдан бастап республикадағы мектептердiң 9-сыныптарында жыл сайын мемлекеттiк бақылау тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады. Сондай-ақ 2007 жылы арнайы бұйрықпен Бiрыңғай ұлттық тестiлеу бағдарламасына қазақ тiлi мiндеттi пән ретiнде енгiзiлген. Содан берi қазақтiлдi емес мектеп бiтiрушiлер және жоғары оқу орнын тәмамдаушылар мемлекеттiк тiлден емтихан тапсырады.
Биылғы жылы Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң бұйрығы бойынша, “Болашақ” халықаралық бағдарламасына да арнайы сынақ енгiзiлдi. Сол кезеңнен бастап шетелге оқуға баратын қазақ тiлдi емес мектептi бiтiрген жастар да қазақ тiлiнен емтихан тапсырады.
Кәсiптiк мектептерде – лицейлер мен колледждерде, мiндеттi стандарттарға сәйкес, қазақ тiлi – 156 сағат, кәсiби қазақ тiлi – 137 сағат, қазақ әдебиетi – 126 сағат көлемiнде оқытылды. Және қазақ тiлiнде iс-қағаздарын жүргiзу 68 сағат көлемiнде оқытылуда. Жоғарғы оқу орындарында да қазақ тiлi сағаттары 270 сағатқа көбейтiлдi. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерiмiздiң 50 пайызы қазақ тiлiнде бiлiм алады. 2000 жылдың өзiнде қазақ тiлiнде оқитын студенттер бар-жоғы 20 пайыздың үстiнде едi. Қазақ бөлiмдерiнде мамандар даярлау қазiргi таңда 65 пайызға жеткен.
Мемлекеттiк тiлдi қазақтiлдi емес орталарға, мектептерге, орта және жоғарғы оқу орындарына, сондай-ақ шетелдiктерге оқыту үшiн көп деңгейлi арнайы бағдарлама дайындалған. Ол әлемде қабылданған IELTS TOEFL үлгiсi бойынша жасалды. Алты деңгейден тұрады. Қазiр арнайы жұмыс тобы құрылды.
“Бұл қазақ тiлiн шетел тiлi ретiнде оқытатын жаңа бағыт. Жасыратыны жоқ, басқа ұлт өкiлдерi пәлен жыл мектепте, университетте оқып қазақ тiлiн бiлмей шығып жатыр. Осы олқылықты жөндеу үшiн халықаралық қалыптасқан дәстүр бойынша 4-5 деңгейлi қазақ тiлi бағдарламалары мен оқу құралдары дайындалды. Бұдан былай “5 сыныпта 4 алды, 6 сыныпта 5 алды” деп емес, бiтiрушiлер қазақ тiлiн қай деңгейде меңгергенiне қарай сертификат алады. Бұл тiлдi игеруге деген талапты да, сұранысты да күшейтедi”, – дейдi министр.
Сондай-ақ ғылыми диссертациялардың 27 пайызы мемлекеттiк тiлде қорғалады. 2000 жылдары 4 пайыздан аспаған. Гуманитарлы салада 73 пайызы қорғалуда. “Мемлекеттiк тiлге қатысты жұмыс iстей беремiз. Мұнымен тоқмейiлсiмеймiз”, – дедi министр.
Мұхтар Шаханов бұл статистикалық деректерге қарсы мынадай дау айтты: “Қазiр қазақ тiлiнде 648 балабақша бар деп жүрмiз. 1991 жылы елiмiзде 8 881 балабақша болған. Бiр мәлiмет бойынша, соның 930-ы, бiр мәлiмет бойынша, 1 100-i ғана қалдырылып, қалғандары мың теңгеге, мың жарым теңгеге қалталы адамдарға сатылып кеттi. Мұны ешкiм жоққа шығара алмайды. Қазақ тiлiнде (оның iшiнде аралас бала бақша да бар) 4 734 балабақша болған. Қазiргiсi – 648 балабақша. Бiреулер осыны да жетiстiк деп ойлайды. Бұл қайдағы жетiстiк! Қазiр жыл сайын 4-5 балабақшадан берiлiп жатыр. Осы өгiз аяңмен жүретiн болсақ, бұрынғы балабақшаның санына жету үшiн бiзге 400 жыл уақыт керек екен!
Гитлердi он мың кiтапты өртеткенi үшiн ағаш атқа мiнгiзiп жүрмiз. Ал Қазақстанда 10 мың кiтапхана жойылып отыр. Мұндай жағдай бұрын-соңды әлемде болған емес. Мәдениет ошақтарының 8 мыңға жуығы жекешелендiрiлiп кеттi. Қазiр соның үлкен бөлiгiн қайтара алмай отырмыз. Евангелия деген дiннiң өкiлдерi Алматының iргесiндегi Iргелi деген ауылда 5 600 орындық мәдениет үйiн, 300 орындық балабақшаны жекешелендiрiп алыпты! Әр апта сайын жиын өткiзiп, оған қатысқандарға 50 доллар ақша және тегiн түстiк ас бередi екен.
Егер Бiлiм және ғылым министрлiгi осы мәселенi баяғыда жолға қойғанда, мысалы, орта мектептi бiтiрген балалар мемлекеттiк тiлден емтихан тапсырып, ол есепке алынатын болғанда бүгiнде қазақ тiлiнiң мәселесi әлдеқашан шешiлген болар едi.
“Болашақ” бағдарламасы бойынша қазақ тiлiнен емтихан тапсырылған жоқ. Аузың қайсы десе мұрнын көрсетiн балалар шетелге оқуға кеттi. Көбiсi сол жақта тұрмысқа шығып жатыр. Кейбiреулер оқуын бiтiрiп келдi. Бiрақ олар “нан бер” деген сөздi қазақша айта алмайды. Ендi көресiнi солардан көремiз. Билiк басына келгенде бәрiмiзге көкемiздi танытатын болады”, – дедi М.Шаханов
Жансейiт Түймебаев бұл мәселеге қатысты келесi күзден бастап “Болашақ” бағдарламасымен оқуға баратындардың барлығы мемлекеттiк тiлден сынақ тапсыратынын айтты. “Жаратылыс және техникалық мамандықтар бойынша қазақ бөлiмдерiнiң саны, қазақ тiлiнде жазылған оқулықтардың саны қазiр көбейдi. Бұрын бұндай нәрсе болған емес. Тек қана гуманитарлық салада ғана болатын. Айып етпессiздер, Қазақстанның ұлттық жағынан ерекшелiктерi бар. Жүз пайыз қазақ тiлiне бiрден көшiре алмаймыз. Халық көбейiп жатыр. Сол кезде бәрi орнына келедi деп ойлаймын”, – дедi министр.
“Нұр Отан” партиясының хатшысы Ерлан Қарин “Ұлттық саясатта жүйелi көзқарас қажет екенiн айтты: “Статистистика бойынша, бәрi дұрыс! Қазақ тiлiндегi мектептердiң көбеюi, қазақша ғылыми зерттеу жұмыстарының санының ұлғаюы, тағысын тағылар. Екiншi жағынан алып қарағанда, қазақ мемлекеттерi саны көбейгенмен, бiлiм беру жүйесiнiң, оқыту бағдарламаларының сапалығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны ойландырады. Мәселен, 1997 жылы елiмiздегi жалпы докторлық, кандидаттық диссертациялардың тек қана 4 пайызы ғана мемлекеттiк тiлде қорғалса, 2007 жылы 22 пайыз болған. Өстi ме? Төрт пайызбен салыстырғанда өскен сияқты. Екiншi жағынан алғанда, 22 пайыз деген тым аз. Қорғалғандардың 80 пайызы – тарих, филология сияқты гуманитарлық пәндер бойынша. Сонда, ғылымның қазақ тiлiнде дамуы тек қана тарихшылар мен филологтарға ғана керек пе? Қазақ мектептерiнде кейбiр пәндер бойынша үй тапсырмасы орыс тiлдi кiтаптар бойынша берiледi. Сабақтың өзi де орысша түсiндiрiлетiнi кездеседi. Бұл қалай? Физика, геология, басқа да ғылым саласында докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалмай жатса, онда ғылыми еңбектер бiлiм жүйесiне қалайша енбек? Ғылым мен бiлiм беру жүйесiндегi байланыс бар ма, жоқ па? Бұл – өз алдына бөлек мәселе.
Ана тiлi мен Чтение оқулықтарын салыстырып қараңызшы. Мәселе – қазақ тiлiнде айтылуы мен жеткiзiлуiнде емес, берiлу мазмұнында. Чтениеде “орыс рухы”, “орыс сөзi” дегеннен көз сүрiнедi. Бiзде бұл жағы кемшiн. Мемлекеттiк тiлдiң болашағына, қазiргi мәселесiне тоқталсақ, жүйелi түрде ортақ тұжырымдама аясында қарастыру керек.
Жазушы Смағұл Елубай сөзiн былай бастады: “Егер бәрi ойдағыдай болса, жиырма жылдан кейiн де жүзiншi рет тiл мәселесiн көтерiп отырмаған болар едiк. Өкiнiшке қарай, ұлттық мәселе, тiл мәселесi адам жыларлық халде! Жиырма жыл бұрын мемлекеттiк тiл қабылданған кезде мектеп мәселесi қолға алынғанда, бүгiн жиырмаға келген Қазақстанның әрбiр азаматы қазақша сөйлей алар едi. Дәл осы “қарқынмен” жүретiн болсақ, жиырма жылдан кейiн де осылай маңырап отыруымыз мүмкiн. Орыс мектептерiнде қазақ тiлiн оқыту дәрежесi әлi де кеңес заманынан асып кеткен жоқ.
Бiздiң мәлiмет бойынша, орыс мектептерiне баратын балалардың 70 пайызы – қазақ балалары. Аралас мектептер толып жатыр. Ондағы қазақ сыныптары жетiмнiң күйiн кешуде. Бұған тосқауыл керек. Аралас мектептердiң директоры қазақ болуы керек...
Мынадай масқара ақпарат естiдiк. Тарих институтына ашаршылық жайлы үндемеңдер деген нұсқау түскен көрiнедi. Қайдан шыққан бұйрық бұл! Цензура қайта айналып келгенi ме? 4 миллион қырылған қазақ бар, ал мектепте оқитын тарихымызда ашаршылық туралы мәлiмет бiр абзацтан аспайды. Алаштың тарихын бермеу, ұлт тарихын өз деңгейiнде оқытпау деген сөз – мәңгүрт жасаудың бiр тәсiлi. Ұлттық қасiреттi оқыта алмасақ, ұлт болғанымыз қайсы? Төрт миллион халықты жоқтап, төрт ескерткiш қойылған жоқ. Көктебеге ашаршылық құрбандарына мемориал жасайық деп айқай салдық, нәтижесiнде “Битлзға” ескерткiш қойдық...”
Жансейiт Түймебаев болса, өзiнiң осы тақiлеттес нұсқау бермегенiн, басқа тараптардан нұсқау болса да оны қабылдамайтынын ашық айтты. Тарих институтының директоры Саттар Мәжитов те ашаршылық жылдарына қатысты нұсқауды жоққа шығарды. Осы салада жасалып жатқан бiрқатар жұмыстарды атап өттi. Алайда Дос Көшiм кейде әлдебiр тараптардан мұндай нұсқаулардың болатынын, оған қоғам болып жұмыла қарсы тұру керек екенiн қадап айтты. Сондай-ақ ол орыс әдебиетiнiң орнына әлем әдебиетiн енгiзудi ұсынды.
Министр Жансейiт Түймебаев мұндай бас қосуды жылына екi рет өткiзiп тұруға уәде бердi.
Қазақ тiлiнде (оның iшiнде аралас бала бақша да бар) 4 734 балабақша болған. Қазiргiсi – 648 балабақша. Бiреулер осыны да жетiстiк деп ойлайды. Бұл қайдағы жетiстiк! Қазiр жыл сайын 4-5 балабақшадан берiлiп жатыр. Осы өгiз аяңмен жүретiн болсақ, бұрынғы балабақшаның санына жету үшiн бiзге 400 жыл уақыт керек екен!
****************************************
Түймебаев! Сен бала түймедей нәрсені түйедей қылып көрсетіп, жұмыс істеп жүрмін деп ойлап, жұртты, өз еліңді алдаусыратқың келеді. Мінстір болып, тауып жатқан арам ақша сені де, сенің ұрпағыңды да жақсылыққа апармайды. Ойлан бала!
Ескертуші | 16 ақпан 2010 12:22
Гитлердi он мың кiтапты өртеткенi үшiн ағаш атқа мiнгiзiп жүрмiз. Ал Қазақстанда 10 мың кiтапхана жойылып отыр. Мұндай жағдай бұрын-соңды әлемде болған емес. Мәдениет ошақтарының 8 мыңға жуығы жекешелендiрiлiп кеттi. Қазiр соның үлкен бөлiгiн қайтара алмай отырмыз.
**********************************
НӘН-нің өз халқына жасаған қианаты, адамзат тарихында ең зор әлемдік тирандардың басқа халықтарға жасаған қианатынан да асып түскен екен.
Қарапайым аңқау халықтың сеніміне ойнап, одан пайда тауып, байып, қианат еткен бірде бір адамның өзі, я болмаса оның ұрпағының оңғаны болған емес!
Ескертуші | 16 ақпан 2010 12:42
Төрт миллион халықты жоқтап, төрт ескерткiш қойылған жоқ. Көктебеге ашаршылық құрбандарына мемориал жасайық деп айқай салдық, нәтижесiнде “Битлзға” ескерткiш қойдық...”
***********************************
"Битлз"-ке есі кеткен ынжықтардың қойған ескерткіші ғой. Солардың өлеңін айтатын, қазақшаны дұрыс сөйлейде алмайтын ынжық "жігіттерді" білемін. Солардың азғындағандары соншалықты, "біздің семьямызда свободная любов"-деп, әйелдеріне любовьниктер ұстауға рұқсат беріп қойған. Керек болса олардың және любовьниктерінің аттарын айтып бере аламын. Бұл қазақтардың азғындағанын ескертеді.
ауылдан | 16 ақпан 2010 15:01
Мадениет министри Кул Мухамед,енди Туймебаев? Мухтар Шаханов пен Тауелсиздикти коргау козгалысымен жиналыс откизушилер кобейип кетти,Неден кысылды екен?
Родитель | 16 ақпан 2010 20:16
..."Бiздiң мәлiмет бойынша, орыс мектептерiне баратын балалардың 70 пайызы – қазақ балалары. Аралас мектептер толып жатыр. Ондағы қазақ сыныптары жетiмнiң күйiн кешуде. Бұған тосқауыл керек. Аралас мектептердiң директоры қазақ болуы керек"... .
Шымкентте А.С.Макаренко атындағы №41 орыс-қазақ мектеп-лицейі бар.Оның кітапханасында бір ауыз қазақша білмейтін Авраменко В.В.,Авраменко Т.В. дейтіндер істейді.Тым болмаса, біреуі қазақ тілді болса екен.Ал, қазақ сыныптарында "Экономика" пәнін мемлекеттік тілде "нан сұрап жей алмайтын" Остапенко В.В.дейтін береді... Бұл қазақтыңқалың ортасы деген Оңтүстікте... Осыдан кейін, ойлай беріңіз, біз қай мемлекетте өмір сүріп отырмыз.Ау-у-у,где, же, вы национал-патриоты!!!!
Оқушы | 17 ақпан 2010 13:54
Биліктегілердің балалары қазақ мектебіне бармай қазақ мектептерінің күйі мың айтсаң да оңбайды. Соның үшін бізге қазақ билігі керек. Немесе ұлтымызды аздырып-тоздыру үрдісін қазіргі билік жанкештілікпен жалғастыра береді.
Бөріхан | 18 ақпан 2010 11:02
Ұлттық лидер керек. Немесе ұлт ретінде жойылу қаупі анық көрініп тұр.
Қайрат | 22 ақпан 2010 12:52
Қазақстанда мемлекеттік білім гранттары орысша және қазақша едп бөлінеді. Бұл дұрыс емес. Мемлекеттік тіл бізде қай тіл? Қазақ тілі! Олай болса мемлекеттік білім алу гранттары мемлекеттік тілде ғана берілуі керек, яғни қазақ тілінде ғана! Біздер жоғары оқу орындарында толып жатқан юрист, экономисттерді қай елге маман етіп дайындап отырмыз! Одан кейін қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге жете алмайды дейміз. Сондықтан қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан біасқа тілдерде маман даярлауды жедел түржд
Қайрат | 22 ақпан 2010 12:53
Шадияр! Саған мың да бір рахмет осындай өзекті мәселені баяндағаның үшін!
****************************************
Түймебаев! Сен бала түймедей нәрсені түйедей қылып көрсетіп, жұмыс істеп жүрмін деп ойлап, жұртты, өз еліңді алдаусыратқың келеді. Мінстір болып, тауып жатқан арам ақша сені де, сенің ұрпағыңды да жақсылыққа апармайды. Ойлан бала!
**********************************
НӘН-нің өз халқына жасаған қианаты, адамзат тарихында ең зор әлемдік тирандардың басқа халықтарға жасаған қианатынан да асып түскен екен.
Қарапайым аңқау халықтың сеніміне ойнап, одан пайда тауып, байып, қианат еткен бірде бір адамның өзі, я болмаса оның ұрпағының оңғаны болған емес!
***********************************
"Битлз"-ке есі кеткен ынжықтардың қойған ескерткіші ғой. Солардың өлеңін айтатын, қазақшаны дұрыс сөйлейде алмайтын ынжық "жігіттерді" білемін. Солардың азғындағандары соншалықты, "біздің семьямызда свободная любов"-деп, әйелдеріне любовьниктер ұстауға рұқсат беріп қойған. Керек болса олардың және любовьниктерінің аттарын айтып бере аламын. Бұл қазақтардың азғындағанын ескертеді.
Шымкентте А.С.Макаренко атындағы №41 орыс-қазақ мектеп-лицейі бар.Оның кітапханасында бір ауыз қазақша білмейтін Авраменко В.В.,Авраменко Т.В. дейтіндер істейді.Тым болмаса, біреуі қазақ тілді болса екен.Ал, қазақ сыныптарында "Экономика" пәнін мемлекеттік тілде "нан сұрап жей алмайтын" Остапенко В.В.дейтін береді... Бұл қазақтыңқалың ортасы деген Оңтүстікте... Осыдан кейін, ойлай беріңіз, біз қай мемлекетте өмір сүріп отырмыз.Ау-у-у,где, же, вы национал-патриоты!!!!