1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
19 қыркүйек 2017
«Қазақ жастары қалаға келмесін» дегені ме?

Неғып екенін қайдам, мәжіліске «төтенше қызметтен» келген Владимир Божко соңғы кездері әңгімеге төтеннен қосылып, төбеден қойып қалатын болып жүр. Әңгімесіне қарасаңыз, қазақ жастарын шіли жақтырмайтын сияқты. Естеріңізде болса, мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко өткен көктемде бір ұсыныс айтқан-ды. Бір қарағанда жап-жақсы-ақ ұсыныс сияқты.

«Токарь, слесарь, электрик және басқа да мамандар жетіспейді. Жоғары оқу орындарына екі астана мен облыс орталықтарында қалып қоймай, туған жерлеріне қайтып оралатын моно және шағын қалалардың, ауылдық жерлердің тұрғындарын қабылдауға берілетін квотаны арттыру керек», – деген ол. Яғни ресейлік жоғары оқу орындарына түскен қазақстандықтарды «кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты» қайтаруды ұсынды. Оңтүстіктің қазақтарын солтүстікке апара алмай әлек боп жатқанда, В.Божконың «Ресейдегі жастарды қайтару керек» дегенінің астарында не сыр жатқанын бір құдай білсін...
Енді, міне, апта басында Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешенінде болған жанжалды ауызға алып, «Әлеуметтік желілерде ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайтын арандатушылық мәндегі мәліметтер таралып жатыр. Ондай пікірлердің басым бөлігі ауылдардан келген жастардан, өздеріне лайықты ақша беретін жұмыс табуға қиналып жүрген жастардан келуде... Бұл жағдай да осындай төбелестердің себептерін анықтап, оларды жою қажеттігін көрсетті. Ауылдардан қалаға ағылып жатқан жастардың санын азайту керек», – деп айды аспанға шығарды.
«Тоз-тозы шыққан ауылдан қалаға қашып келіп, мұнда лайықты деңгейде жағдай жасай алмаған наразы жастар Қазақстанның тыныштығына қауіп келтіреді» деуді де ұмытпады.
Бұл жерде де В.Божко жұмыс күшін реттеуді алға тартып отырғандықтан, бұл ұсыныс бір қарағанда орынды көрінуі мүмкін. Бірақ сөзінің астарында қалада қазақтар көбейіп бара ма деген қауіп бар ма, қалай өзі? Сонда Владимир Карпұлы мұнымен не айтқысы келді? Ресейдегі жастарды Қазақстанға шақыра алмай, ауылдан келген жастарды қаладан айдап шыға алмай жүргендегі мақсаты не? Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асты. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қазақтың астанасында қазақ ұлтының өкілдері көбейіп кетіпті деген дерек талай асылымызға таяқ боп тигенін естіп едік. «Әбу-Даби Плаза» кешенінде қазақ жастары көзге түскені белгілі. Яғни депутат В.Божко бұл жерде Астанаға қазақ жастарын жолатпау керек деп отыр ма? Егемен ел болдық деген 26 жылдан кейін де естиін дегеніміз осы ма еді?!.

Оралхан ДӘУІТ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
нұртай | 20 қыркүйек 2017 15:34
Божко қазақты іштей жеккөреді. Қазақ шенділері Божкодан сескенетін сияқты .
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті