1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15444) 10 қараша, сейсенбі 2009
10 қараша 2009
Аңқау елдi тағы алдар – жауабы дайын сауалдар

13 қараша күнi жылдағы үйреншiктi әдетi бойынша президент Н.Назарбаев жұртшылықтың сұрақтарына телефон, интернет желiсi және SМS жүйесi арқылы жауап бередi. Биыл да бұрынғыдай жүз мыңдаған сауал қойылып және олар сүзгiден өткiзiлiп, сұрыпталып, ең таңдаулылары ғана президенттiң құлағына құйылары анық. Әйтеуiр, елдiң мұң-мұқтажы мен халықтың жағдайы туралы сұрақтар ол кiсiге жетпейтiнi айдан анық. Көптеген сауалдардың Астана қаласының көркеюi, серпiндi жобалар, қарышты экономика, ұйыған инновациялық қор т.б. таңғажайып қияли қадамдар жайлы болатыны бесенеден белгiлi. Мұның бәрiн билiкке тәуелдi телеарналар бiрiмен-бiрi жарыса көрсетедi.

Оппозиция өкiлдерiнiң елдiң қазiргi нашар әлеуметтiк жағдайы, өзектi мәселелерi туралы қойған сауал-сұрақтары Назарбаевтың назарынан тыс қалып қоятыны баршаға аян. Соңғы кездерi тапсырыс бойынша жасалып жатқан «Мәңгiлiк президент», «Ұлт көшбасшысы» жобаларын қолдайтын тiлек- өтiнiштердiң қарша жауатынын бәрiмiз де бiлiп отырмыз. Тiптi, «сiз кетпеңiзшi, сiз кетсеңiз ел басқаратын адам жоқ. Күнiмiз қараң болады» деген жағымпаздардың жалынышты үнiн де естiп қалуымыз ғажап емес. Сөйтiп, жағымпаздық марафоны одан әрi жалғасып, билiк осылайша референдум өткiзген болып, бiр оқпен екi қоянды атады. Ал қарапайым халықтың билiкке жақпайтын өз мұң-мұқтаждары туралы сауалдары жауапсыз қалады. Осылайша қолдан iстелген тамаша сценариймен өтiп, халықтың ризашылығына бөленген президентпен сұрақ-жауап сұхбаты өте жоғары деңгейде өттi деген жаңғырық жаңалықтар билiктiң ақпарат құралдарында шегiрткедей қаптайды. Мiне, өгiздi де өлтiрмей, арбаны да сындырмау деген осы, отандастар....
Нұркамал Аязбаев,
Маңғыстау облысы,
Ақшұқыр ауылы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Сауле | 10 қараша 2009 16:19
Сиздин пикиринизге 100 пайыз косыламын,бул козбояшылык екенин баримизди тусинип отырмыз.Халыктын кози ашык,кокиреги ояю гой.Жарамсактардан кашан кутыламыз екен,айтындаршы????
Ақсақал аға | 10 қараша 2009 22:12
Жағымпаздықтан арылу үшін 2030 жылды күтейік! Аман жүрсек, көрер қызық әлі алда болады, шырағым!
Құралбек | 11 қараша 2009 14:47
Айта жақ талды. Тіл майысты ағайын. Біз осылай құрыймыз. Қайран Алаш арыстары осылай боларын олар ойлаппа еді. Әй Нұреке халықтың көз жасын көрмейтін қандай жансыз.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар