1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берiп, қылмыстық жауапкершiлiктен босатып, мүлкiне кепiлдiк беру керек» дейдi депутаттар. Неге?
Билiкке бiр тықырдың таянғаны (55.5%)
Жармақтардың жарысы шегiне жеткенi (33%)
Әлдекiмдердiң мазағы бұл (4.7%)
Бiр ұлтқа бiр көшбасшы керек қой (6.8%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 01 (15459) 5 қаңтар, сейсенбі 2010
5 қаңтар 2010
Мұхтар ШАХАНОВ: Ұлтты жою жоспары

...Тамырсыз бiрде-бiр өсiмдiк болмайтыны сияқты адам баласы да ата-тегiмен, оның рухани құндылықтарымен көрiнбейтiн тамырлар арқылы жалғасқан. «Қазақстандық ұлт» идеясы бiрте-бiрте бiздiң сан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды мүлде жойып, жаңа космополиттiк болашақ қалыптастыратыны ешкiмге құпия сыр емес.

...«қазақстандық ұлт»... қазақтардың мемлекет құрушы ұлт екенiн жоққа шығарып, бүгiнгi билiк басында қазақ хал­қы есебiнен ұсталып отырған шамамен 90 пайыздық ұлттық көрсеткiштi бiрден құлдыратып, 5-10 пайызға дейiн түсiрiп жiберетiндiгi күмәнсiз. Жуырда «қазақстандық ұлт» идеясының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарына енгенi «Хабар» телеарнасы арқылы хабарланды. Бiр сөзбен айтқанда бұл жолмен жүрер болсақ, келешекте қазақ халқы өз Отанында ұлт ретiнде мемлекет басқару билiгiнен айы­рылады. Себебi, американдықтар сияқты ұлттық мәселе әркiмнiң жеке отбасылық шар­уасы болып қалары хақ. Сондықтан да мұндай утопиялық идеяларға жол беруге болмайды деп бiлемiз.
Ә.Нұрпейiсов, М.Әлiмбаев, М.Шаханов, Қ.Мырза-Әли,
Б.Төлегенова, А.Айталы, Ә.Байменов, М.Мырзахметов, Е.Хасанғалиев, К.Хан, А.Осман, Т.Медетбек, М.Құлкенов, Қ.Иса, С.Мұхтарбекұлы, Ә.Меңдеке, Е.Бапи, Т.Ахметжан, Ғ.Қабышұлы, Б.Қойшыбаев, Қ.Бiләл, К.Сегiзбаев, Е.Айғалиұлы, Ж.Мамай...
барлығы 73 адам қол қойған.
(«Қазақ тiлi – үш тұғырлы тiлдiң, қазақ ұлты – қазақстандық ұлттың құрбанына айнала ма?..» «Жалын» журналы, №12, 2007 ж.)
 
«...мы идем к самоидентификации – быть единым народом Казахстана. Вот, например, американцы состоят из сотни народов и наций, но называются американцами. Никто там не называет друг друга китайцем или корейцем. А твоя национальность – это твое дело... И это правильно. Потому что одна страна должна жить одним народом».
Нұрсұлтан Назарбаев
(«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткен ХI съезiнiң
баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзiнен)
 
«Первый вопрос – что мы понимаем под национальным единством? Это значит быть сообществом сплоченных этнических, религиозных и других социокультурных групп, живущих в нашей стране. Пожалуй, самая многонациональная страна – это США, где сотни этносов, но все они – американцы. Будучи с официальным визитом в Бразилии, я отметил для себя, что и эта страна многонациональна, но все жители – бразильцы... Мы должны идти по этому пути...»
Нұрсұлтан Назарбаев
(Қазақстан халқы ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзiнен)
 
...Қоғамда «қазақстандық» де­ген сөздi «америкалық ұлт» де­ген ұғыммен шатастыру бар... Ал бi­реудiң ауызекi сандырағын бас­шы­лыққа салып, елдi шулату дұрыс емес нәр­се. «Мұны қайдан алдыңыз, доктрина­да бар ма?» деген сауалдың жауабы «жоқ» бол­ды. Бiреудiң сөзiне сүйенiп, тың­даушыларды адасты­рып отыр...
Ғарифолла Есiм,
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты («Ешбiр елде жоқ бағдарлама».«Айқын», 3.ХII. 2009 ж.)
 
Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан халқының ХV сессиясындағы сөзiнде осы Аманатқа сүйенiп, жаңа заман талаптарына сай жаңа азаматтық қоғам құрудың басты-басты мәселелерiне тоқталып, ұлт бiрлiгiнiң жаңа доктринасын қабылдау қажеттiлiгiне екпiн бердi.
Қандайда негiзсiз байбалам мезгiлсiз де, орынсыз да. Аштық жариялап, азаматтарды тұйық­қа шақырғаннан гөрi, салиқалы сөз, саналы пiкiр айтылғаны қазақтың ұлттық мәртебесiн көтерерi хақ.
Қуаныш Сұлтанов,
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты («Бiрлiк – бабалар аманаты». «Айқын», 3.ХII. 2009 ж.)
 
Идея «казахстанской нации», предложенная президентом, – это не только альтернатива нынешнему состоянию дел в республике, но единственное предварительное условие перехода к полномасштабной демократии...
Ромин Мадинов
(«Для всех нас наша Родина – Казахстан», 2004 г.)
 
...партия «Нур Отан» действительно не педалировала «русский вопрос». Но она позиционирует себя как партия всех казахстанцев. Она стремится к формированию казахстанской нации...
Булат Султанов,
директор Казахстанского института стратегических   исследований при президенте РК («Главная привилегия», «Аргументы и факты», №40, 2007 г.)
 
... «Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау – келiсiм мен тұрақтылықтың iргетасы болып қаланады. Этнос­тық ерекшелiгiне қарамастан елдегi барлық азаматтардың мүдделерiн тоғыстыру ең дұрыс жол екенiн уақыт көрсетiп бердi».
(«Ел бiрлiгi» доктринасының талқылауға ұсынылған жобасынан)
 
Қазақстандық» деген кiм? Ол қазақ ұлтының төңiрегiнде бi­рiккен азаматтардың, халықтың аты. Бұл жердегi өзек – қазақ. Бiз бұл жерде «қазақстандық ұлт» дегенде бiрiншi оның атын емес, затын ойлауымыз керек...
Берiк Әбдiғалиев,
Мемлекеттiк тiлдi дамыту президенттiк қорының директоры («Қазақстандықпыз» дегеннiң өзi – қазақыландырудың бiр жолы», «Алаш айнасы»,
11-ақпан 2009 ж.)
«...бұрын да айтып жүрмiн. Қазiр де қайталап айтайын, мен «қазақстандық ұлт» концепциясын қолдаушылардан емеспiн. Менiң ойымша, ұлттық саясатта ең әуелi қазақтың бiрлiгiн қалыптастыруды ойлау керек.»
Ерлан Қарин,
«Нұр Отан» париясының хатшысы («Түркiстан», 29.Х.2009 ж.)
 
...Однако большинство, апеллируя к здравому смыслу, поясняет: ...На государственном уровне мы перестанем делиться по национальному признаку. Это здорово! Уже никто не будет кричать, что он хозяин этой страны, а все остальные квартиранты. Все, кто работает на этой земле, кто ее защищает и любит, будут хозяевами. Замечательная идея, прогрессивная. Гражданин Казахстана – значит казахстанец. Что плохого – быть казахстанцем? Идея сплачивает людей.
Мадия Торебаева
(«Взрывоопасная графа», «Свобода слова», 22 января 2009 г.)
 
– ...сiз «Қазақстандық ұлт» идеясын қолдайтын болдыңыз ғой?
– Әрине, қолдаймын! Мұ­ның өзi жергiлiктi ұлт ретiнде қа­заққа айрықша жүк, жа­уапкер­шiлiк артып тұр ғой.
...Ұлт мүддесiн қазiр айтпасақ, айрылып қаламыз дегеннiң бәрi далбаса! Тiл туралы айғайлағанымызға көп болды, ал содан не өзгердi? Бiздiкi әншейiн көпiрме сөз! Одан ештеңе өзгер­мейдi... Ұлтыма деген сүйiспен­шiлiгiм болмаса, мен «Бiржан сал» киносына барар ма едiм. Мен саясаттың адамы емеспiн. Жалпы, ұлтқа үлесiн қосқысы келсе, әркiм өз орнында қоссын. Ақынсың ба – өлең жаз, актер­сiң бе – ойна, режиссерсiң бе – қой, әншiсiң бе – айт!..
Досқан Жолжақсынов,
Қазақстанның халық әртiсi
(«Менi «қол қойды» деп, сыртымнан тiзiмге енгiзiп жiберiптi».«Айқын» 8.ХII.2009 ж.)
 
...«Қазақстанның ел бiрлiгi доктринасы» – қазақ елi үшiн қажеттi және пайдалы құжат. Өйткенi бiздiң халық тәуелсiздiк алғалы берi « бiрлiк болмай, тiрлiк болмайтынына» әбден көзi жеттi деп ойлаймын...
«Жас Алаш» газетiндегi «Бiз күрес жолын таңдадық» деген топтама (01.12.09.) менi қатты тiк­сiндiрдi. Онда «Ел бiрлiгi доктринасын» талқылау емес, қаралау орын алыпты. Ә дегеннен-ақ: «Ел бiрлiгi» («қазақстандық ұлт») тұжырымдамасы» деп, жоқ нәрсенi бар нәрседей жазып, адамдардың патриоттық сезiмiн елдiң бiрлi­гiне қарсы, айдап салыпты...
Алайда тiл мен жердi арандату құралына айналдырушыларға кеудемiздi тосу – бiздiң азаматтық мiндетiмiз.
Бексұлтан Нұржекеев
(«Ел бiрлiгiне қарсы шығуға бола ма?», «Айқын», 10 желтоқсан, 2009 ж.)
 
«Қытайға жер сатылады деп өсек таратып жүргендердi жауапқа тартуды құқық қорғау орындарына тапсырамын» деген Нұрсұлтан Назарбаев, нақты кiмдер екендiгiн айтып жатпаса да, көпшiлiкке есiмдерi таныс саясаткерлер мен қоғам қайрат­керлерiн осылай түйреп алды...
«Ел бiрлiгi доктринасын» талқылаудан туындаған жағдайды Назарбаев былай деп сипаттап өттi: «Бұл талқылауға ұсынылған жоба. Оған ешкiм қол қоймай жатып-ақ айқайға басып, аштық жария­ламақшы болды». Бұл ретте ол өзiнiң қарсыластарына үш мәрте қайыра ескерту айтты. Олардың наразылық әрекет­терi елдiң конституциясы белгiлеген шектен асып кеттi дей келе, «Заңға сәйкес жа­уапқа тарту» iсi бастала қоймағанмен де, сондай шараға дайын отырған прокуратурамен қорқытты.
 
Жасұлан КӨЖЕКОВ.
www.azattyq.org
 25.12.2009ж.
 
Ұлт мүддесi – бұл кезеңде нар көңiлдiң толғағы,
Ол – ең құнсыз, ең ақырғы байлығымыз қолдағы,
Бiрақ басты үмiтiмiз, сенiмiмiз алдағы.
Қайырлауға жақын барып қалса да ұлт-кемемiз,
Бiзге ұлтсыз күн кешу жоқ, ұлтпен бiрге өлемiз.
Тұншықтыра бастаса да намыссыз күш салмағы,
Бiзде тiптi мүмкiн емес басқа бағыт болмағы!
 
Өзгертпек боп «қазақ» деген тағдырыңды, атыңды,
«Американдық ұлтқа» жалғап талғам, түйсiк, затыңды,
«Ерлерiмiз» борға айналып, сыртқы жауға сатылды.
Қандай мықты рухсызданған жеке мүдде құндағы,
Қызметi үшiн ұлтын сатқан кейбiр қазақ ұлдары
Елестетiп анасына қол көтерген «батылды»,
Өз халқына қойға шапқан қасқырдай боп атылды.
 
Ұлт оларға доңғалақсыз сынған арба жолдағы.
Мiне, осылай, сан ғасырлық ата-баба арманы,
Күш-қауқарсыз мүгедектiң бедел-парқын қармады.
«Барлық ұлттан бiр ұлт жасау» болып озық жаңалық,
Нобель алу жолындағы дара үрдiс саналып
Ұлттық мүдде қыранға ұқсап қалды темiр тордағы.
Бiздiң қазақ өз ТҚЖО*  билiгiнен сорлады.
 
Құлдық сана жетегiнде шегiнiп ұлт ырқынан,
Тапсырмамен ел мүддесiн олай-бұлай жұлқыған,
Ойыса алмай, ауыса алмай пендешiлiк тұрқынан
Басшылардың бәтеңкесiн мұртыменен шөткелеп,
Жүргендерге бiз қашанғы бұртиямыз өкпелеп:
«Жүз «жепутат» арасынан шықпады-ау деп – бiр қыран?»
Шыншыл жүрек қызметiн биiк қоймас ұлтынан.
 
Желтоқсанда қазақ рухы қызыл қанға боялды,
Боялса да асқақ даңқын күллi әлемге жая алды,
Жая алды да ұлт намысын ең биiкке қоя алды...
Жер бетiнде жоқ екен-ау тамырсыз бiр өсiмдiк,
Табиғатқа қарсы шығу, ұлтты жою не сұмдық?
Иә, билiктiң бұл талабы бола қоймас баянды,
Жиырма жылдай қалғып кеткен ұлт қайтадан оянды.
 
Басты дәлел: тек басынан шiритiнi балықтың,
Болашағы тым санаулы намысы өлген даңқтың.
Тұңғыш рет сатқындықтың бiр пайдасын таныппын.
Тапсырмаға кiм қолшоқпар, кiм ерекше тiл алғыш?
Ұлт мүддесiн саудалаған ол «ерлерге» мың алғыс!
Ызасы шу көтермесе сол сатқындық парықтың,
Оянуы екiталай едi марғау халықтың.
 
«Қытайға жер қырық тоғыз жылға жалға берiлмек»
Деген ойды қалың жұртқа кiм жеткiздi өрiмдеп?
Егер жалға берiле ме, миллион гектар жерiң жоқ!
Бiрақ, бiрақ «Жер сатылмақ!» деген сөздi кiм айтты?
Билiк осы «өсегiмен» прокурорды «мұңайтты».
Бiздiң елде кiм толғанса Отаным деп, жерiм деп,
Сол парықсыз, сол алаяқ, сол айқайшыл көрiнбек.
 
Бiздер мiсе тұтсақ тағы қалт-құлт еткен айлықты,
Отыз-қырық жан бөлiстi елдегi бар байлықты.
Басшысымақ ұрылардан ел көңiлi шайлықты.
О, керемет, олар тағы жемқорлықпен күреспек,
Жемқор – өзi, сонда қалай өз-өзiмен тiреспек?
Кәне, мұны өтiрiк деп айта алады қай мықты?
Бұл көзбояу, бұл сөзбояу мүлде жүрек айнытты.
 
Билiк көп жыл ұлт қайғысын алған емес есепке,
Содан есеп болмай қалды ұлтқа атылған кесекке.
Ешкiм мұны дей алмайды бос ренiш, бос өкпе.
Жебемейтiн, елемейтiн намыс мұңын, ар мұңын,
Ұлттық сана-сезiмi өлген адамдардың барлығын
Мейлi, жұртты жұмсай алар қызметi бар десек те,
Теңестiрмеу мүмкiн бе оны бөрiк киген есекке?
 
Қазақстандық «жемократия» айдынынан бас алған,
Жеке адамға табынуда кiм бар бiзден аса алған?
Әр бай неге рухсыз мүдде ауқымында қасарған?
Алға тұтып дiрiлдемей қызмет қамын, бас қамын
Бiз тоқтата аламыз ба ұлтты жою жоспарын?
Бабалардың ерлiгiнен, сенiмiнен жасалған,
Қазақ ұлтын қорғап қалу – әр қазаққа бас арман.
*ТҚЖО – «түрi қазақ, жүрегi орыс»
Мұхтар ШАХАНОВ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (10)
Арман | 5 қаңтар 2010 13:41
Бабалардың ерлiгiнен, сенiмiнен жасалған,
Қазақ ұлтын қорғап қалу – әр қазаққа бас арман.
баба | 5 қаңтар 2010 14:05
МТЖ Жасасын!
Мухтардын талабын жалаушылар жасасын!
Басқар | 5 қаңтар 2010 16:58
Мен түс көрдім,
Түсімде жақсы іс көрдім.
Қазақ жетіп ұшпаққа,
Орыс соны бөлісіп,
Шүршіт соны бөлісіп,
Гүл әкеліп құшаққа,
Құттықтаған түс көрдім...
"Әумин" дедім Аллама,
"Жатпа!" дедім балама.
Жаңа Қазақ | 5 қаңтар 2010 17:34
Мұхтар аға! НАН қазақты жоймаса, НАН-ның ұлтқа, жерге істеген қылмысынан қутла алмайды ? Қазақ халқына істеп отырған соңғы жаманшылықтары.
Қазақ құрыса болашағымызда құриды. НАН-ның жоспарына тежеу қойайық біз сізбен біргеміз. Елім үшін! Жеріміз үшін! өлугеде дайнбыз.
ҚАЗАҚ | 6 қаңтар 2010 02:14
МТЖ Жасасын!Мухтардын талабын жалаушылар жасасын!

баба, сен нағыз биліктің "ТЖ" -сы екенсің.
Арман | 6 қаңтар 2010 08:01
24 сағат бойы тек қазақ тілінде сөйлейтін телеарналар қашан ашылатынын Бекболат Тілеухан Қанат Саудабаевтан сұрап білсе екен. Әлде бұл уәде де, Кәрім Мәсімов қазақтарды мазақ қылғанындай (үкімет отырысы тек қазақ тілінде жүргізілетін болады) бос сөз бе?
рахметханов | 6 қаңтар 2010 11:01
Ел басына күн туғанда кеуде керіп шықпаған ер ерме? Мұхтар жасасын!!!
Акерке | 6 қаңтар 2010 15:42
Биздин де санымыз Американдыктар сиякты 300 миллион болганда,ол доктринаны кабылдауга болады. Бугинги куни биз азбыз,коптин бири боламыз да каламыз,ултымыздан айрылып.
Жанар | 6 қаңтар 2010 20:41
А твоя национальность - это твоя дело деп Елбасы нени мензеп тур Улт пен динди шатастырып тур ма
Мен де ҚАЗАҚ | 8 қаңтар 2010 15:24
Бөрік киген есектердің есі қашан кірер екен? Мұхтар аға сізге ризамыз, біз сізбен біргеміз!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті