1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берiп, қылмыстық жауапкершiлiктен босатып, мүлкiне кепiлдiк беру керек» дейдi депутаттар. Неге?
Билiкке бiр тықырдың таянғаны (55.5%)
Жармақтардың жарысы шегiне жеткенi (33%)
Әлдекiмдердiң мазағы бұл (4.7%)
Бiр ұлтқа бiр көшбасшы керек қой (6.8%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №06 (15464) 21 қаңтар, бейсенбі 2010
21 қаңтар 2010
Үш ауыл Өзбекстанда қалып қойды

ШЕКАРАНЫ ДЕЛИМИТАЦИЯЛАУ КЕЗIНДЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИIС ДЕП ШЕШIЛГЕН БЕС АУЫЛДЫҢ ЕКЕУI ҒАНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Оңтүстiк Қазақстан облысының бiр топ тұрғыны бес мың азаматтың аманатын арқалап «Жас Алаш» редакциясының есiгiн қақты. Өзбекстан мен Қазақстанның шекара сызығында туындаған даулы мәселенiң түйiнiн тарату үшiн. Ата-бабамыз бiлектiң күшiмен, найзаның ұшымен көздiң қарашығындай сақтаған туған жерге араша түсу үшiн. Қазақ-өзбек шекарасын делимитациялау кезiнде Қазақстан жағында қалады деп келiсiлген 5 елдiмекендi жоқтап, дәл осы ауылдардың кейбiрi ала тақиялы ағайындарға өтiп кеткенiн өкiметтегi­лерге ескерту үшiн.
 
МӘСЕЛЕНIҢ МӘНIСI
Жасыратын түгi жоқ, екi елдiң ау­мағы айқындалып, еншiлерiн бөлiп алғанына жиырма жылдың жүзi толса да қа­зақ-өзбек шекарасындағы дау-дамай таусылар емес. Басқасын былай қойғанда, көршi елге барып-келудiң өзi ақыретке айналғалы қашан. Ұрыс-керiс, атыс-тартыс, одан қалса өлiм-жiтiм де осы шекарада орын алып тұр. Тарихы тамырлас, ауылы аралас, қойы қоралас екi елдiң арасында неге дау-дамай көп?
– Қазақстан-Өзбекстан арасындағы мем­лекеттiк шекараны делимитациялау туралы шарт бойынша Арнасай плотинасы мен оның айналасындағы 5 елдiмекен Қазақстан жағында қалатын болып келiсiлген-дi. Дәл осы 5 ауыл ауызға алынғанымен, олардың аты аталып, түсi түстелмедi. Бiздiң бiлуiмiзше, осы бес ауылдың қатарына «Көктасты», «Қарабай», «Қостақыр», «Арнасай» және «Амангелдi» елдi мекендерi кiруi тиiс болатын. Алайда, арада түсiнбеушiлiк болып, аталған бес ауылдан тек «Арнасай» мен «Қостақыр» алынады да, қал­ған үшеуiнiң орнына «Жексембай», «Құлшығаш», «Жiбек жолы» елдiмекендерi жазылады. Бiрақ, дәл осы үш ауыл сол кездiң өзiнде Қазақстан­ға қараған. Былайша айтқанда, Өзбекстаннан екi ауылды ғана қайтарып алдық. Ал «Көктасты», «Қарабай», «Амангелдi» ауылын көршi елге ненiң құрметiне сыйға тартылғаны бiзге бей­мәлiм, – деп сөз бастады «Жайлаукөл» ауылының тұрғыны Оспан Асанов.
Тұрғындардың айтуынша, кезiнде Хрущев оңтүстiк өңiрдiң Қызылқұм, Шымқорған, Арнасай ауданын Өзбекстанға берiп жiберген. Ал ала тақиялы ағайындар осы үш ауданның басын қосып Жызақ облысын құрған. Сол тұста-ақ өзағаңдар Қызылқұм ауданын үш ауданға бөледi. Яғни, Мақтарал, Киров және Жетiсай ауданына. Кейiн егемендiк алып, Қазақстан жер даулағанда баяғы облысқа айналған үш ауданымыздың бiреуi ғана қайтты. Таратып айт­қанда, өзағаңдар «үш аудан алдық» деп осы жiлiктелген Қызылқұмның жерiн берумен шектелдi.
 
АУЫЛ – ҚАЗАҚТАРДIКI, КҮРЕ ЖОЛ МЕН МАҢАЙДАҒЫ ЖЕР – ӨЗБЕКТЕРДIКI
Дәл қазiр «Жайлаукөл» елдiмекенiнде отыз екi үй түтiн түтетiп отыр. Тұрғындар мал өсiрiп, егiн егедi. Ауыл халқының бәрi де – Қазақстанның азаматы. Тек делимитациялау деген мәселе шыққанда ғана жергiлiктi әкiмшiлiк «Қазақстанның азаматы болғандарыңызбен, тұрып жатқан жерлерiңiз өзбектердiкi» дегендi айтқан.
«2006 жылы ауылдан 500-600 метр қашықта шекара бағаналары қағылды. 2009 жылдың қыркүйек айында екi елдiң шекарашылары қатар жүрiп дәл осы бағаналарды ауылдың iргесiне жылжытты. Жергiлiктi басшылар келiп, «мына екi үй бұзылады, сiздер де қам жасай берiңiздер», – дедi. 2006 жылы қағылған бағаналар неге бұлай жылжыды? Түсiнiксiз-ақ. Осы уақытқа дейiн тек бiздiң ауылдың айналасынан Өзбекстанға 300 гектар жер кеттi. «Қостақыр» елдiмекенi де қаншама жерiнен айырылды. Шардара ауданындағы құмды жерлердiң де бiрталайы берiлдi. Түсiн­бейтiнiмiз, Н.Ә.Назарбаев «Делимитациялау бiттi. Шекара мәселесi шешiлдi», – деп қадап айтты. Ендi келiп неге өзгеруде? Ата-бабамыздың көздiң қарашығындай сақтаған жерi есепсiз кетiп жатыр ғой», – дейдi Оспан Асанов.
Шекара сызығында тұрған ауылдардың үстiнен Мақтарал-Шардара тас жолы өтедi. Ұзындығы – 25 шақырым. Егер шекара дауы бiтпесе, бұл жол өзбек­тердiң еншiсiне кетейiн деп тұр. Онда шекара шегiнде тұрған халық көршi ауданға бару үшiн Келес арқылы 250 шақырым жолды басып өтуi керек. Шардара ауданынан Мақтаралға тартылған электр сымдары да осы арадан өтедi. Қағылған бағаналар көршi елдiң аумағында қалған. Ендеше, бiлдей бiр ауданның жарығы жанып-өшуi де ендi көршi елге тәуелдi.
 
«ӨЛСЕК ӨЛIГIМIЗ ОСЫ ЖЕРДЕН ШЫҚСЫН, КӨШПЕЙМIЗ!»
Шекара шекiсiнен зардап шегiп отырған бас-аяғы бес мыңға жететiн тұрғындардың атынан Н.Назарбаевқа да, К.Мәсiмовке де талай рет хат жазылған. Әйтсе де, мардымды жауап, нақты нәтиже жоқ. Сондықтан да үш мыңға тарта тұрғын өткен жылдың қыркүйек айында «Амангелдi» елдiмеке­н­iн­де наразылық шарасын ұйымдастырыпты.
– Мақтарал ауданының әкiмi, полиция бөлiмiнiң бастығы, ҰҚК-ның өкiлi, аудан прокуроры ауылға келiп жиналыс ашты. «Амангелдiдегi бүлiкке үн қоспаңыздар», – дедi. Және «Көк­са­райдан жер телiмiн беремiз. Көшiңiздер», – дейдi. Дәл осындай қиын кезеңде көшу оңай ма? Кiм бүтiн тұрған баспанасын бұзғысы келедi? Ата-мекен, туған жердi қалай қиямыз? Бәрiнен де «Жайлаукөлiмiз» қым­бат қой, – дейдi Оспан Асанов.
«Арнасай» ауылының тұрғыны Қайрат Шылмырзаев: «Осы даудың кесiрi жетi ауылға тиюде. Атап айтсам, «Қостақыр», «Арнасай»,«Амангелдi», «Жiбек жолы», «Жайлаукөл», «Алмалы» және «Шолпанқұдық» елдi­мекендерi. Дәл қазiр үйлердi бұзу басталып кеттi. Мәселен, «Қостақырда» 12 үйдiң үйiндiсi ғана қалды. «Арнасайдың» 30-40 баспанасы бұзылды. Жалпы, шекара сызығы айқындалып, қыспаққа алу басталды. Соңғы кезде өзбек шекарашылары үйiмiзге рұқсатсыз кiрудi, төлқұжатымызды қайта-қайта тексерудi әдетке айналдырды. Қоқан-лоққы көрсетудi шығарды. Қазiр Амангелдi, Арнасай арқылы Шардара ауданына алып баратын тас жолмен жүру қиын. Ал ауылдың ақсақалдары «өлсек өлiгiмiз осы жерден шықсын, көшпеймiз» деп отыр», – дейдi.
Өзбекстанның қоржынында кеткен Қазақстанның бұрынғы Шым­қорған, Арнасай ауданы дәл қазiр 5 аудан, 50 шаруашылыққа айналған. Осы елудiң iшiнде Мақтарал ауданымен жанасып Амангелдi және Арнасай кеңшары тұр. Қазақстан мен Өз­бекстан арасындағы шекара туралы келiсiм жасалды. 2440 шақырым жер шекара аумағы деп бекiтiлгенiне сегiз жыл толса да, дау-дамай әлi бiтпей жатыр. Н.Ә.Назарбаев пен И.Каримов қол қойған келiсiмде де дәл осы Арнасай ауданына қатысты былай делiнген: «Арнасайдағы бес елдiмекен де ондағы плотинамен бiрге Қазақстанға бе­рiледi». Тұрғындардың дәлел­дi сөзiне қарағанда, белгiсiз себептермен бұл бес ауылдың екеуi ғана Қазақстанға қайтарылған. Қалған үш ауылды бүгiнге дейiн ешкiм дауламаған. Ол ол ма, қайтарылды делiнген бес ауылдың аты бар да, заты жоқ. Бiрi – көлдiң орны, екiншi­сiне жан баласы бармайтын көрiнедi. Керек десеңiз, «Жiбек жолы» мен «Құлшығаш» елдi мекендерi бұрыннан-ақ «Мақталы» совхозының төртiншi бөлiм­шесiне қарағаны туралы дерек те бар.
Оңтүстiк Қазақстан облысының бес мыңға тарта тұрғыны жеке бастың пайдасын күйттеп, шырылдап жатқан жоқ. Ата-бабасы қоныс еткен, кiндiк қаны тамған атамекендерiнiң жат қолына өтiп, сұраусыз қалғанына ашынады. Бес елдiмекендi қайтару кезiнде осыған жауапты азаматтардың шалалығына, жауапсыздығына қынжылады. Дер кезiнде картаға үңiлiп, ап-анық көрiнiп тұрған елдiмекен­дердiң тағдырына алаңдамаған билiкке өкпелейдi.
Сондықтан да алатақиялы ағайындардың еншiсiнде қалып қойған елдiмекендердiң мәселесiн, қазақ-өзбек шекарасындағы ахуалды жiтi тексеру үшiн арнайы комиссия құру керектiгiн алға тартуда. Өйткенi, дәл осы даудың шыққанына, оның ақпарат құралдарында жарияланғанына, аудан, облыс басшылығының құлағдар болғанына бiрталай уақыт өттi. Бiрақ, бәрi де «бiз шешетiн мәселе емес. Бұл – Н.Назарбаев және И.Каримовтың келiсiмiмен жасалатын шаруа» дейтiн көрiнедi... 
 
Дилара ИСА
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (12)
halmurat | 21 қаңтар 2010 16:18
Осы өзбек-ақ басынып бітті ғой, шекарада қандастарымызды ит атқандай атады, бойындағы "ұстамасы" ұстаса шекараны тас жауып та тастайды, суды ол жолдан ұрлайды. Несіне өркөкіректей береді ос, болса бізден саны ғана көп шығар. Түбінде олар емес біз ұлы ел боламыз, өйткені ұлан байтақ жеріміз бар, санымыз да өсетін болады, әрі өзағаңдар сияқты құрама емес біртекті халықпыз.
Қазақпен де санасатын күн туады оларға, әзірге есіре тұрсын...
Сосын өзбекке қарап бірауыз сөз айталмайтын өкіметіне болайын.
Қазақбай | 21 қаңтар 2010 23:08
Өзбекістанға ,Қырғызтснаға,Россияға қаншама жеріміз егемендіктен кейін бөлініп кетті ?Сонда біз әлсіз ел болғанымыз ба?Кімге жалтақтаймыз ?Совет одағы ыдырағанан кейін тәуелсіздігімізді жалтақта жүріп ,ең сонынан әзер жарияладық .Сосын қазақ елінде қазақ халқы басым түрсада , мүсылман саны 75%болсада , туымыздан ешбір қазақылықты ,мүсылмандықты байқамайсыз, туымыздан мүсылмандықты көрсететін ай белгісінің жүрнағын таба алмайсыз.Елтанбадан ешкімге түсініксіз мұйізді атты көріп бетінізді басып үйяаласыз.Недеген қаптаған жалғандылық ,аты жоқ астанамызға ат таппай әуреміз,әттең көзбояушылық ,түымыз ,елтанбамыз ,астанамызға ат қою кайтадан қолға алыну керек деп білеміз .Қазақылық қасқайып түрсын -ағайын!
Реке | 21 қаңтар 2010 23:13
Ислам Кәрімов біздің "ханымызды" адам қатарына санағысы келмейді. Ал "хан" болса, "қара касса" ойнаудан қолы тимей жүрген шығар. Бұл "ханның" жеріңді, шакараңды ойлауға уақыты жоқ.
Біржігіт .С | 21 қаңтар 2010 23:20
Егемендіктен кейін , Қытайға 38 ауданымыз бөлініп кетті , олар қытайдын іле қазақ автономияасына облысына қарасты ,іле аймағы, тарбағатай аймағы , алтай аймағы әр аймақтан 7 аймағынан арі қүмыл ,барқөл,санжы аймақтыры ,жиыны 38 ауданға қазақтар шоғырлы қоныстанған , совет одағында бөлінбеген территория, қазақстан елі қытайға бөліп бере салды ,өкінішті -ақ !ҚАЙРАН ҚЫТАЙҒА КЕТКЕН 38 АУДАН ,2,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ,КІМГЕ МҮҢЫМЫЗДЫ ШАҒАМЫЗ,ҚАЙТАРЫП АЛАЙЫҚ ОСЫ ЖЕРДІ ,ӘТТЕҢ ҚАЗАҚЫЛЫҒЫМЫЗ ТӨМЕН БОЛЫП -АҚ ТҮР !ЕЛ БАСҚАРАР ҮЛТ ЖАНДЫ АЗАМАТАР КЕРЕК !
Нар Алтай | 21 қаңтар 2010 23:29
Өзбекстан призиденті Каримов ,өзбек телевилиясында ,қазақ елі үкіметі, тілін ,дінін,тарихи қүдылықтарын жойып жатыр ,олар мен орта азия одағын күруға қатнаспаймыз деп ашық айтты .өзбекте , орыс болғын келсе , қазақ болып ал дейтін мақал бар .олар өздерін үлы үлтпыз деп санайды ,бізде солай болуымыз керек !ал жерімізді беріп жеру ,қазырғы биліктін мойынында,болашақ үрпақ ойлана жатар !ҚАЗАҚ ЖЕРІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ҚАЙТУЫ КЕРЕК !
Сыр қазағы | 22 қаңтар 2010 09:45
Өзбектер билікті сатып алуды жақсы біледі. Сол лимитацияға қатысқан сатқын қазақтарға да жауап бергізу керек. Оның да уақыты келер.
Бауыржан | 22 қаңтар 2010 16:45
естуімше, ол жерлерді біреулер ауыстырып жіберіпті, яғни Гарарин ауданына қарайтын өзбекке кетіп қалған жерлерден "біреулер" алып, осы жерлерді "бере" салыпты... ұзын-құлақтан естігенім, осы мәселе болар, бәсе, сонда отырған халық неге үндемей отыр деп ойлап едім,...
халықтың, қазақтың жеріне неге сонша иемденеді екен, а?...
Арыс | 23 қаңтар 2010 01:04
Мына Назарбаев ел басылықта тұрғанда бүкіл Шымкентті беріп жібермесе болғаны,
себебі бізде үш ауданда өзбек акалар баршылық....

ертең Каримов "Саған Нобельдік сыйлыққа кепіл боламын" десе ол мұнан тайынбасты....
er | 23 қаңтар 2010 09:36
Өзбектер Алмалы ауылын алатын болса каншама мақта егіншілік жерлер, қанша халық өтіп кетеді. Назарбев осы маселени қарап тура шешим қабылдаса. Мен ози Алмалы ауылының турғынымын.
Сәбит қамысбай | 23 қаңтар 2010 22:39
Әруағыңнан айналайын Димаш атамыз аз болса да кеткен жерді қайтарып алып еді. Қазіргілер де солай дипломатиялық жолмен қалған жерді қалайда қайтару керек!
НУРЛАН АЙТОВ | 25 қаңтар 2010 11:04
ӨЗБЕКТЕРДІ ӘБДЕН ТӨБЕГЕ ШЫҒАРЫП БІТТІК, АЗИЯДА ЖЕТЕКШІ ЕЛ БОЛУҒА БІЗБЕН ТАЛАСЫП ЖҮРГЕН АЛА ШАПАНДЫНЫҢ КӨКЕСІН ТАНЫТАТАЫН КЕЗ ЖЕТКЕН СИЯҚТЫ, БІР ТҰТАМ ЖЕР ҮШІН ҚАСЫҚ ҚАНЫ ҚАЛҒАНША АЙҚАСҚАН АТА-БАБАМЫЗДЫҢ ЖЕРІН ҚАЛАЙША БЕРЕ САЛАДЫ ЕКЕНБІЗ,
Баур | 16 ақпан 2010 19:54
Халмурат өте дұрыс айттыңыз, Сіздің пікіріңізбен толық қосыламын. Осындай қазақтың біртуар азаматтары аман болсын. Сіз сияқты нағыз ПАТРИОТТАР көп болсын (өкінішке орай қазір нағыз патриоттарды көру өте сирек...Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай КОСМОПОЛИТ қазақтарды тәрбиелеу керек), қазақ үшін, ата-бабасы үшін, өткенге құрмет көрсетуіміз керек, солардың аманат етіп кеткен елімізді қорғап, алдыңғы қатарлы елдерден көрінуге Алла жазсын.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті