1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Бас прокурор түскі асқа шақырады

НЕМЕСЕ ЖАҚЫП АСАНОВТЫҢ БАСТАМАЛАРЫ НЕГЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛА БЕРЕДІ?
Сыр елінде шыр етіп дүниеге келіп, мектеп бітіріп, жоғары білімді Алматыда алып, шырайлы Шымкентте шып-шып терлеп қызмет еткен еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов оңтүстікте көп мәселе шайдың үстінде шешілетінін жадына түйіп өссе керек. Шынында, үлкен лауазымды адамдармен дастархандас болу, бірге ас ішу жолыңды ашып, шаруаңды оңалтып жіберетіні бар. Бірақ басқа-басқа, бас прокурормен бірге ас ішу бақыты қарапайым қызметкерге бұйыруы мүмкін бе? Осыдан біраз уақыт бұрын Жақып Асанов прокурорлардың барлығына кітап оқу туралы бастама көтерді. Тіпті түнде төсекке жатар алдында қандай кітап оқу керектігін де өзі айтып

28 наурыз 2017
Пән мұғалімдері сынақтан сүрінді

Бүгінгі таңда ең жиі талқыға түсіп жүрген мәсфеленің бірі үштілділікке қатысты. Бұл орайдағы көпшілік пікірі де әр алуан. Біреулер бұл жаңашылдықтың мектептердің көсегесін көгертеріне сенсе, енді біреулер «сансыз реформалардан онсыз да көз ашпауға айналған орта білім жүйесін үштілділік одан әрі тұралатады» деген пікірде.
Соңғы көзқарасты ұстанушылардың алға тартар тағы бір дәйегі «үштілділікке жаппай көшіп кетуге дәл қазір мектеп те, мұғалім де, оқушы да дайын емес» дегенге саяды. Бір жағынан, бұл күдік негізсіз де емес. Күні кеше ғана Altaynews.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облысы мектептеріндегі қазақ,

19 наурыз 2017
Досай КЕНЖЕТАЙ, теолог, профессор: ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫ РЕТТЕУ КЕРЕК

Шетелде білім алуға қарсы емеспін. Себебі өзге елдердің жүйе, құқық, білім беру, мәдениет, тәртіп, тіл, ойлау жүйесін өз елімен салыстыру арқылы адам шыңдала түседі, өрісі ашылады. Сондықтан президенттік «Болашақ» бағдарламасын қолдаймын. Оның ішкі мазмұны басқа мәселе, әрине. Бұл жердегі сөздін құбылысына қатысты болмақ.
– Діни білімнің құндылықтар жүйесіне, болмысқа қатысты қыры маңызды. Өйткені діни таным да, діни сана да, діни сенім мен діни тәжірибе де болмысқа қатысты нормалық-аксиологиялық қуаты бар қабаттар. Сондықтан бүгін шетелге діни білім алуға кеткен әрбір

16 наурыз 2017

ХХ ғасырдағы Ұлыбританияның ұлы адамы Уинстон Черчилль: «Мектеп мұғалімдерінің қолындағы билігін премьер-министрлер тек армандай алады», – депті. Па, шіркін, премьер емес, бізге әкімдер армандаса да аздық етпес еді. Черчилльдің сөзіне зер салып ой қорытсаңыз, бүгінгі күннің шындығынан бетіңіз күйіп, табаныңызбен шоқ басып алғандай боласыз. Айтыңызшы, мұғалімдерде қайдағы билік, қайдағы бедел?! Рас, бір кездері мұғалім беделі биік, тау тұлға болғаны талассыз. Айтқаны – айтқан, дегені – деген, даналардың қатарында тұрған. Сауатты адаммен

16 наурыз 2017

Әрине, бір күнде төрт облыстың әкімі опыр-топыр ауысып кеткені бір қарағанда аяқастынан болған жағдай сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ кез келген аймақта бір-екі жыл жұмыс істеген әкімдердің соңынан «ауысады екен, кетеді екен» деген әңгімелердің ақырын айтыла бастайтыны анық қой. Оның үстіне осынау ауыс-түйіске бір-екі күн қалғанда әлеуметтік желілерде «бірқатар облыстарда әкімдер ауысады, пәленшенің орнына түгенше барады» деген ақпараттардың ашық

16 наурыз 2017

Әскерге барып келген жас жігіттер керемет әңгімешіл. Өздері неше түрлі жаргонмен сөйлейді. Қазақ тілінің жаңа мүмкіндіктерін ашып жатқандай көрініп кетеді кейде. Жақында азаматтық борышын өтеп қайтқан бір жігіт өзінің «ақсақал» кезіндегі қызықтарын біраз термеледі. Шынын айтқанда, бізге сол оқиғалар түк қызық көрінген жоқ. Бір-бірін қалай қорқытқанын, «сарыауыздарға» өмір сабақтарын

16 наурыз 2017
Сенатор мен халық қандай нан жеп жүр?

Дағдарысты сылтауратып бүгінде бар дүниенің бағасы өсті. Әсіресе, азық-түлік бағасы дес бермей тұр. Құны өрге озғанымен, сапасы күн санап кері кетіп барады. Онысы аздай, өндірушілер тұтынушыларды таразыдан жеп жатқаны тағы бар. Бұл мәселені қозғап жүрген қоғамдық белсенділер мен депутаттар «баяғы жартас – бір жартас» деп отыр.

УЛЫ НАН
Парламентте жуырда өткен үкімет сағатының бірінде сенатор Ләззат Қиынов ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановқа азық-түлік құнын өз қалауынша шарықтатып, ойына келген бағасын қойып отырған «мафиялық топтар» туралы мәселе көтерді. «Жылда рекорд жаңартып аста-төк астық алсақ та, нан бағасы өте қымбат. Сөйте тұра, сапасы мен дәмі өте нашар. Өзге елдердің наны тәтті болады. Біздің жеп

14 наурыз 2017
Семейге келетін Сағынтаев Ленинді өзімен ала кете ме?

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚАЙ КӨШЕМЕН ЖҮРМЕК...
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың 16-17 наурызда Семейдің «төбесінен түсетіні» хабарланды. Бірақ жоғары жақтан біреу келетіні күні бұрын белгілі болса, қауырт қимылға көшетін әкімдік әзірге қарт Семейдің бет-әлпетіне «макияж жасауға» асығар емес. Жылдағыдан қалың түскен қардың қала шетін қойып, орталық көшелерінде жалы күдірейіп тұрғаны өз алдына, ептеп еріп, көшелерді көлге айналдырып жатыр. Онсыз да ойық-ойық асфальт жолдардан темір тұлпарын секіртіп өтіп, мезі болған жүргізуші атаулының өкпесі

14 наурыз 2017

Президент жолдауы баспасөзде жарияланғаннан бергі бір жарым ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 елді мекенде мыңнан астам шара өтіпті. Яғни арнайы жиналыстарда президент жолдауы 317 мың адамға түсіндірілген. Жолдауды насихаттап, халыққа түсіндіру үшін Астанадағы шенеунік, депутаттар оңтүстікке ұшақпен арнайы ұшып келіп, кері қайтқан. Сондай жиынның бірінде Мақтаарал ауданының тұрғыны Елемес Сабыров жолдауды түсіндіруге келген мәжіліс депутаттары

7 наурыз 2017

Наурыздың 6-сы күні парламенттің біріккен отырысында конституцияны өзгерту жобасы екінші оқылымда бірауыздан қабылданды. Ал одан үш күн бұрын бұл жоба бірінші оқылымда мақұлданған еді. Жалпы, конституцияны өзгерту жобасы халық талқысына шыққан бір ай ішінде жұмыс тобына алты мыңға жуық ұсыныс түскен-ді. Осы алты мың ұсынысты екі-үш күнде електен өткізіп тастаған жұмыс тобы

7 наурыз 2017
«Назарбаев» деп қоймайтындар Бөкейхановты неге елемейді?

Астананың сол жағалауындағы кейбір тірлікті екі дүниенің сырын ұққан данышпан да ақылға салып түсіне алмайды-ау.
Жағымпаздық, жалбарыну, табан жалау, көзге түсу, мақтану, сосын мақтағансып жұртқа жеккөрінішті етудің бұ дүниеде, оның ішінде бүгінгі қазақ қоғамында шегі жоқтай көрінеді. Көктемнің кей адамға тигізер ерсі әсері ме, әлде басқа ма, өткен аптада

2 наурыз 2017
Тор себетке жетері жоқ

Полиэтилен пакеттерге көзіміз үйренгені соншалық, бүгінде баяғы жіптен тоқылған торлар мен азық-түлік салатын себеттерді мүлде ұмытуға айналдық. Апаларымыз бұрын базарға арнайы сөмке арқалап баратын болса, қазір кез келген сауда-саттық орнына дорбасыз, дымсыз бас сұғып, дүниенің затын пакет-пакетімен арқалап шығуға болады. Тиімді болатын себебі, ол пакеттер, біріншіден, тегін; екіншіден, азық-түлік салуға

2 наурыз 2017

ҮШТІЛДІЛІКТЕН БІЛІМ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАЙДЫ

Қылышынан қан тамып тұрған кеңес одағының кезі. 1983 жылы Эстония елінің Тарту қаласынан автокөлік айдап әкелуге бардым. Пойызбен Тартуға жеткенде әлі таң атпаған еді. Жақын маңдағы қонақүйге барып, әкімшіден 3-4 сағатқа орын сұрадым. Менің орысша сұрағыма эстонша жауап берді. Түсінбей 2-3 рет мәрте сұрағаныма әкімші қыз ашуланып өз тілінде «Орын жоқ» деген жазуды

2 наурыз 2017
Қарағанды әкімдігі БӨКЕЙХАНОВТАН жерiнiп тұр

Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толған биылғы 2017 жылы Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов аруағының алдында тағы да ұятты болатын түріміз бар. Тағы да деуіміздің себебі, былтыр ұлт көсемі, аса ірі мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы республика көлемінде жетім қыздың тойындай

28 ақпан 2017

Конституцияны өзгерту мен толықтыру жобасын «халық талқыласын» деген бір ай аяқталады. Ресми билік «реформаға қоғам қызығушылығы жоғары болғанын», президенттің өкілеттілігін бөлу, парламенттің рөлін арттыру, үкімет пен жергілікті биліктің жауапкершілігін күшейту, сот жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, меншік құқығын айқындау мәселелері бойынша жұмыс тобына үш мыңдай өтініш келіп түскенін хабарлады. Президенттің ресми сайты www.akorda.kz реформаға «қызығушылық жоғары болған»

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»