Мәртөк ауданы Хлебодар елдiмекенiнiң тұрғыны Сәбира Ниетжанованың 21 жастағы жалғыз ұлы Құралбектi өткен жылдың 25 қаңтарында өз үйiнiң жанында айуандықпен өлтiрдi. Түнгi сағат 3-те ауылдың 6 баласы денесiнiң 17 жерiнен пышақ сұғып, өлiмшi күйiнде тастап кеткен. Жақында ғана Ақтөбе қалалық соты Құралбектi қасақана өлтiрген Нұрбек Иманғалиевтi 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сол түнгi қылмысты ұйымдастырушылар Берiк Қожанов, Ербол Құрманиязов, Жанболат Ингербаев, Азат Досов, Ақылбек Әлиев 2-3 жылдан шартты түрде жаза алды.
Судьяға кiру үшiн жолдағы бiрнеше «қамалды» бұзып өту керек. Оның бiрiншiсi – сот приставы мен сақшысы. «Мен пәленше судьяға келiп едiм», — дейсiз қолсағатқа бiр үңiлiп қойып. Пристав «қамалдың» арғы жағына телефон соғады. Ондағылар жауап бермейдi. «Оларда процесс жүрiп жатыр күте тұрыңыз, – деп пристав бөсiп жiбередi кейде. Күтемiз де, күтпей қайтемiз? Сүт пiсiрiм уақыттан соң тағы телефон шалуға тура келедi. Тағы жауап жоқ. Бiр кезде шыдам таусылады. «Менi жiберiңiз! Сот мәжiлiсiнiң уақыты өтiп кеттi», — дейсiз
Атышулы Жәкiшев iсiне қатысты сот процесi аяқталып, тараптардың жарыссөзi басталды. Мемлекеттiк айыптаушы айыпталушылардың орнында отырғандарды «қылмыстары дәлелдендi» деп соттан қатаң жаза беруiн сұрады. Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевке қатаң тәртiптегi 14 жыл, ал оның оққағары Талғат Қыстаубаевқа алты жыл сұрады. Сонымен бiрге Жәкiшевке жазасын өтеп болған соң, жетi жыл көлемiнде мемлекеттiк қызметпен айналысуына, ал Талғат Қыстаубаевқа үш жыл
Мұхтар Жәкiшевке қатысты сот iсi аяқталуға жақындаған кезде, оның үстiнен тағы да үш бiрдей қылмыстық iс қозғалғаны белгiлi болды. Бұл жөнiнде сейсенбi күнi Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген Жәкiшевтiң зайыбы Жәмила мен оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлiмдедi. «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевке бұл жолы «көлеңкелi ақшаны заңдастырған, заңсыз еңбекақы тағайындаған және тағы да мемлекет қаржысын талан-таражға салған» деген айыптар тағылып отыр.
БҰТАБАЕВА, МАМЫТОВА, БАЛҚЫБЕКОВА СОТТАЛҒАН СОҢ, 10 СОТЫҚ ЖЕРГЕ ИЕ БОЛА МА, ЖОҚ ПА?
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында республикалық «Ғибрат» көпбалалы аналар қоғамдық бiрлестiгiне қатысты сот тергеуi аяқталып, жарыссөз өттi. Мемлекеттiк айыптаушы прокурор Еркiн Машимов: «ҚР Қылмыстық кодексiнiң 177-бабы, 3-бөлiгiнiң «Б» тармағы бойынша, яғни iрi мөлшерде алаяқтық жасағандары үшiн кiнәлi деп тауып, бар мүлiктерiн тәркiлеп М.Бұтабаеваны – 9 жылға, Г.Мамытова мен Ж.Балқыбекованы 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы түзеу мекемесiнде өткiзудi сұраймын», – дедi.
АЛ IСТI ҚАРАУШЫ СУДЬЯ Н.ЖОЛДАСБЕКОВ ҚОРҒАУШЫ Н.БЕЙСЕКЕЕВТI АБАҚТЫҒА ЖАПТЫРМАҚШЫ
Өткен аптада “Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының экс-президентi Мұхтар Жәкiшевтiң iсi қаралып жатқан №2 Сарыарқа аудандық сотында елдiң iрi бизнесмендерi мен саясаткерлерi болды. Атап айтқанда, “Азат” партиясының тең төрағасы Болат Әбiлев, “Райымбек тобы” компаниясының президентi Райымбек Баталов, “Астана тобы” компаниясының президентi Нұрлан Смағұлов және “Нұрмедиа” теле-радио корпорациясының экс-төрағасы Арманжан Байтасов. Бұлардың бәрi – Мұхтар Жәкiшевтiң үзеңгiлес жолдастары. Олар сотқа Мұхтар Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеевтiң өтiнiшiмен куәгер ретiнде қатысты.
ӘБЛЯЗОВТIҢ АЙТУЫНША, ҚҰЛЫБАЕВ МЕМЛЕКЕТКЕ 1,8 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР САЛЫҚ ТӨЛЕМЕГЕН
Елде жүргенде қатарластары «шахматист» деп ат қойып, айдар таққан Мұхтар Әблязов президенттiң ортаншы күйеубаласының жағасына бекер жармасқан жоқ. Шахмат ойынында «вилка» деген термин бар. Кезектi жүрiстен кейiн қарсыластың екi немесе одан да көп фигураларының шабуыл өтiнде қалуын «вилка» деп атайды.
Әблязов пен Құлыбаевтың арасында қандай бас араздығы барын бiз бiлмеймiз. Бiрақ, ол Құлыбаевты әшкерелеу арқылы оның қайын атасын да талдыра соғатынын түсiнетiндей. Және солай болды да...
ҚЫЛМЫСТЫ АШАМЫЗ ДЕП ҚЫЛМЫСТЫ БОЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҮКIМ КҮШIНДЕ ҚАЛДЫ. ЕНДIГI ҮМIТ – ЖОҒАРҒЫ СОТТА
“Жас Алаштың” 4 ақпан күнгi нөмiрiнде “Қызылорда облыстық сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының назарына” деген айдармен “Қолды болған екi сиырдың құны” деп аталатын мақала жарияланды. Онда Қызылорда облысы Шиелi аудандық IIБ қызметкерлерi Дархан Жантерековтiң, Абай Оспанқұловтың, Медетбек Садықовтың және Серiк Дәлкеновтiң қалай iстi болғанын жазғанбыз.
Алматы-Бiшкек тас жолының 29-шақырымында орналасқан «Ұшқоңыр» автобекетiне қатысты дау-дамай өршiп келедi. Оның иесi, құрылтайшысы – ел президентiнiң iнiсi Болат Назарбаев. Алпыс шақты кәсiпкерлер әлi күнге дейiн қайырсыз iске жұмсаған ақшасын қайтарып ала алмай жүр. Сотқа шағынғанымен, одан нәтиже жоқ. Амалы таусылғандықтан, олар дүйсенбi күнi наразылық шарасы ретiнде тас жолды жауып тастайтынын, халықаралық ұйымдарға шағымданатынын айтып қоғамға жүгiндi.
Бостандық аудандық сотында «Ғибрат» көпбалалы аналардың жұмысына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Жәбiрленушiлер мен куәгерлер тыңдалды, сотталушылар сөйледi. Ендi судья Шынар Ерғалиева 24 томға жеткен жұмысты сот отырысында егжей-тегжей қайта қарауға көштi.
КҮЙЕУБАЛА АВСТРИЯДА, АЛ КЕЛIНБАЛА ҚАЙДА КЕТТI?
«Майра Назарбаева (Құрманғалиева — ред.) президенттiң бауырына күйеуге тимей тұрып-ақ малтапқыш, пысық келiншек болатын» дейдi бiлетiндер. Рас та шығар мұнысы. Малтапқыш, пысық келiншек болмаса, президенттiң бауырына күйеуге тиер ме едi?.. Болат Назарбаев Нарынқол өңiрiне күйеубала болғаннан кейiн (Майра Қақпақ ауылының тумасы — ред.) таулы өңiрге жиi баратын болды. Жайдан-жай бармайды, күйеубаламын деп салмақ сала барады. Келiншегiнiң туған ауылы Қақпаққа мешiт салып бердi де, оның өтеуiне Нарынқол өңiрiндегi атақты жайлаулардың жартысын тау-тасымен қоса өз иелiгiне алды.
МҰХТАР ЖӘКIШЕВТIҢ НАҒЫЗ АДВОКАТЫ IСКЕ КIРIССЕ ДЕ, БОЛАТ ИСАТАЕВ ҚАПТАЛДАСЫП ҚАЛЫСАР ЕМЕС
Мұхтар Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеев осымен төртiншi рет судья Нұржан Жолдасбековке сенiмсiздiк танытты. Алайда, судья мырза да түк болмағандай, адвокаттың барлық өтiнiштерiн керi қайтарып, iстi әрмен қарай жалғастыруда. Бұл жайында №2 Сарыарқа аудандық сотында өтiп жатқан Жәкiшев iсiнен шыққан кезде адвокат Нұрлан Бейсекеев үнемi хабарлап отырды. Оның үстiне судья Нұржан Жолдасбеков өткен аптада «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Жәкiшевтiң денсаулығын қарап, «ауруханаға жатқызу керек» деген дәрiгер Владимир Боборыгиннiң тәуелсiз диагнозын есепке алмапты.
Бостандық ауданы сотында “Ғибрат” көпбалалы аналар қоғамының былық-шылығына қатысты кезектегi сот отырысы өттi. Бұл жолы судья Шынар Ерғалиева сотталушы М.Бұтабаеваны тыңдады. Естерiңiзге сала кетейiк, өткен аптада сотта айыпталушы Ж.Балқыбекова мен куәгер Ү.Баян сөз сөйледi. Онда Ж.Балқыбекова былай дедi: “2006 жылдың маусым-тамыз айында 10 сотық жер телiмi үшiн 1500 доллардан жинадық. Жалпы көпбалалы аналардан ақша алғаны жөнiнде М.Бұтабаева күнiне 10-15 данадан қолхат бердi. Кiм қанша ақша бергенi жөнiнде арнайы дәптер арнадық.
Газетiмiздiң алдыңғы санында «Солтүстiк Капқаздағы террорлық ұйымдарға бара жатқанда ұсталды» деген айыппен үш ақтөбелiк жас жiгiттiң iсi сотта қаралып жатқандығы жөнiнде жазғанбыз. Ақпанның 8-iнде Ақтөбе қалалық сотының судьясы Раулия Қустанова Асхатты – 7, Серiк пен Дәулеттi – 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кестi. Айыпталушылар мен олардың туыстары, қорғаушыларының қарсылық танытқандарына қарамастан, судья 6-7 жылға абақтыға қамауға ұйғарды.
Астана қаласындағы №2 Сарыарқа аудандық сотында «Жәкiшев iсi» өте жылдамдықпен жүрiп жатыр. «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшевтiң қан қысымы қайта-қайта көтерiлiп, жедел жәрдемге мұқтаж болып жатқанына қарамастан. Айтпақшы, соңғы сот отырысы кезiнде судья Жолдасбековтiң көзiнше айыпталушының денсаулығын тексерген тәуелсiз дәрiгер Боборыгин Жәкiшевтiң расында денсаулығы күрт нашар екенiн,


