1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Президент Н.Назарбаев «Ұлт көшбасшысы» туралы заңға қол қоймайтынын мәлiмдедi. Саяси аренада ендi қандай оқиғалар болуы мүмкiн?
Ертiсбаев айтпақшы, өкпелеген депутаттар президентке импичмент жариялайды (7.1%)
«Ұлт көшбасшысы» мәртебесiн президентке халық өзi бередi (22.8%)
Жармақтар ендi «Әлем әкесi» деген заң жобасын ұсынады (58.7%)
Президент мұндайға мүлдем тыйым салады (11.4%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
10 наурыз 2010
Жәкiшев отанына iстеген еңбегi үшiн мақтанады

Атышулы Жәкiшев iсiне қатысты сот процесi аяқталып, тараптардың жарыссөзi басталды. Мемлекеттiк айыптаушы айыпталушылардың орнында отырғандарды «қылмыстары дәлелдендi» деп соттан қатаң жаза беруiн сұрады. Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясының бұрынғы президентi Мұхтар Жәкiшев­ке қатаң тәртiптегi 14 жыл, ал оның оққағары Талғат Қыстаубаевқа алты жыл сұрады. Сонымен бiрге Жәкiшевке жазасын өтеп болған соң, жетi жыл көлемiнде мемлекеттiк қызметпен айналысуына, ал Талғат Қыстаубаевқа үш жыл көлемiнде мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстеуiне тыйым салынсын дегендi айтады.

Адвокат Нұрлан Бейсекеевтiң сөздерiне қарағанда, мемлекеттiк айыптаушылар Мұхтар Жәкiшевтi мемлекет басшысының өзi марапаттаған «Құрмет» орденiнен айыру туралы президенттiң атына ұсыныс енгiзудi соттан сұраған. Ал Талғат Қыстаубаевты полиция майоры атағынан айыру туралы ұсыныс енгiзген. Бұған қатысты Мұхтар Жәкiшев сот залында «шын мәнiнде маған аяныштысы, менен ордендi алып қойғандығы. Мен оған заңды лайық едiм» деп жауап берген.
Ал «Қазатомөнеркәсiп» компаниясының қазiргi өкiлдерi сот залында Талғат Қыстаубаевтан ма­те­риал­­­дық шығын ретiнде, осы компанияда жұмыс iстеген барлық жалақасын қайтарып беруiн, яғни 12 млн. теңге өндiрiп алуды көздеген. Мұхтар Жәкiшев компанияға 99 млн. теңге қайтаруы тиiс деп талап еткен. Яғни, Венада ұлттық компания өкiлдiгiн ашуға жұмсаған қаражат Жәкiшевтiң есебiнен керi қайтарылуы керек дейдi.
Жәкiшевтiң адвокаты Бейсекеевтiң айтуынша, өзiне және қорғауындағы Жәкiшевке жарыссөзге дайындалу үшiн судья Нұржан Жолдасбеков мереке күндерiндегi уақытты берген. «Бұл заңға қайшы, судьяның өзi Қазақстан заңын белден басты», – дейдi адвокат. Оның үстiне, сот залына келген Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң белгiсiз қызметкерi адвокаттан жарыссөздi чекистер ұсынған ноутбукке жазуын талап еткен. «Мемлекеттiк құпия ашылып қалмау үшiн» деген желеумен. Ал судья чекистiң талабын қанағаттандырған.
Мұхтар Жәкiшевтiң өзi болса, сот iсi барысындағы заң бұзушылықтар туралы, өзiнiң барлық құқығын пайдалану мүмкiндiгiнен айрылғандығы туралы халықаралық ұйымның атына кезектi рет хат жолдады. Бұл жолы ол Бiрiккен Ұлттар Ұйымынан, Еуропадағы қауiп­сiздiк және ынтымақтастық ұйымынан көмек сұраған.
Ол тергеу оқшаулауында отырғанда өзiнiң және көмекшiсi Талғат Қыстаубаевтың азаптау көргенiн жазған. Атап айтқанда, Талғат Қыстаубаевқа қатысты өзiне қарсы куә алу үшiн ар-намысын қорлайтын сөздер айтқанын баяндаған. Ал өзiне қатысты денсаулығына байланысты iшетiн дәрiлердi бiрнеше ай бойында бермей азаптаған. Соның салдарынан қан қысымы жоғарылап, ауруы асқынып кеткен. Тәуелсiз дәрiгерлер қазiргi күнде Жәкiшевтi екiншi топтағы мүгедек санатына жатқызып отыр. Жәкiшев халықаралық қауымдастыққа жазған хатында көмек­шiсi Қыстаубаевқа мемлекеттiк тiлде тергеу құжаттарымен танысуға мүмкiндiк бермегенiн де, сот залында өзiнiң ана тiлi – қазақ тiлiнде сөйлеуге де рұқсат бермегенiн жазған.
Жәкiшев тергеу оқшаулауында жат­қан он ай бойында өзiнiң сыртқы әлеммен байланыссыз қалғанын айтады. Өзiнiң адвокаты Бейсекеевпен кездесуге де көбiнесе мүмкiндiк бермептi.
 Мұхтар Жәкiшев хатында жасырын пәтердегi қамаудағы өзiнiң орынбасарлары жөнiнде де ашық жазыпты. Айта кету керек, бүгiнгi күнге дейiн «Қазатомөнеркәсiптiң» вице-президент­терi болған Дмитрий Парфенов, Асқар Қасабеков және Малхаза Цоцориялар Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құпия пәтерiнде ұсталынып отыр. Куәгер ретiнде. Олар өткен жылдың мамыр айында Жәкiшев тұтқындала салысымен, қамауға алынған болатын. Алайда, оларды кейiннен Жәкiшевке қарсы куәгерлер ретiнде алмастырды. Кейiн ҰКК «олардың қауiпсiздiгi үшiн, жасырын пәтерде ұстауға тура келдi» деп мәлiмдеген едi.
Ал Мұхтар Жәкiшев өзiнiң хатында олар жайында «куәгерлер» деген аты болмаса, қолдары шынжырлаулы, түрмеде отырғанмен пара-пар деп сипаттайды. Сот залында үшеуi де куәлiк берiптi. Бiрақ бiрi де Жәкiшевке қарсы сөз айтпапты. Олар Жәкiшевке тағылған айыптың бiрi – «Қара жәшiктiң» болғанын растамаған. Ал мемлекеттiк айыптаушы болса, жарыссөзiнде «Жәкiшевтiң орынбасарлары «Қара жәшiк» болғанын, онда 1,7 млн. доллар ақша сақталғанын айтты» деп жалған сөйлеген. Сотта куәгер ретiнде сөйлеген тағы бiр Атом энергетикасы жөнiндегi агенттiктiң төрағасы Жантикин мырза да «Қазатомөнер­кәсiптiң» Венада өкiлдiгiн ашу халықаралық тәжiрибе екенiн айтыпты. Ол да өкiлдiктiң халықаралық ұйымдардан техникалық қолдау алу үшiн ашылғанын баяндаған. Әрi ол осы өкiлдiктiң арқасында атом энергетикасын бейбiт мақсатқа пайдалану жөнiндегi маңызды ратификацияны қабылдағандарын да жеткiзген. Сонымен бiрге ол бұл өкiлдiктiң сыртқы iстер министрлiгiнiң рұқсатынан кейiн ғана, «Қазатом­өнеркәсiптiң» директорлар Кеңесi қарағанын да жайып салған. Бiрақ мұндай уәждерге қарамастан, прокурор «Жәкiшев Венадағы өкiлдiктi Рахат Әлиевке қаржылай көмек көрсетiп тұру үшiн ашқан» деп айыптаған.
Мұхтар Жәкiшев хатының соңында өзiнiң Отаны үшiн iстеген еңбегiне бәрiбiр мақтанатынын және сот үкiмiмен оны сызып тастай алмайтынын жазған.
 
Жұлдыз ТӨЛЕУ,
Астана.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (6)
Нағашыбай Есмырзаев | 10 наурыз 2010 10:54
Бұған қатысты Мұхтар Жәкiшев сот залында «шын мәнiнде маған аяныштысы, менен ордендi алып қойғандығы. Мен оған заңды лайық едiм» деп жауап берген.
-------------------------------------------------------------------------
Әй, Мұхтар. Ол темір-терсекті не қыласың... Ұлтыңа адал қызмет істе. Ең мықты орден сол болар еді.
оқырман | 10 наурыз 2010 16:50
Әй осыныда адам деп...
кілең отанын сатқан, халқының қазынасын жеген хайуандар ғой.
Асан | 10 наурыз 2010 17:17
Жұлдыз қарындасым!

...«шын мәнiнде маған аяныштысы, менен ордендi алып қойғандығы. Мен оған заңды лайық едiм» деген сөзден не түсінеміз? Осындай да аударма бола ма?
Біріншіден, әлі орденді алып қойған жоқ, алып қою жөнінде ұсыныс жасалды;
Екіншіден, орденге қатысты аянышты деген сөз болмайды; әлде Мұхар өзін аяп тұр ма, күлкілі ғой;
Үшіншіден, " мен оған заңды лайық едім" деп емес, "еңбегіме берілген айықты баға болатын" деп немесе басқа да сөздермен жеткізілуі тиіс. Сөзді қалай болса солай калькамен аудармай, ойды, мағынаны жеткізуге тырысу керек.
МММ | 10 наурыз 2010 19:12
Ей осы Жулдыз да оттай береди
Абдрахман | 11 наурыз 2010 14:36
Егер Жакишовке тагылган айып рас болса осы уакытка дейн дау жалгасбар еди, демек бир емес бир шама жаланын жабылып отырганы рас. Агайындар коздерин толык жетпесе адамды караламандар. Казакта соз бар " Кулан кудыкка куласа кур бака ойнар басына"
Бағдат | 11 наурыз 2010 23:32
Қазақ қазақ болғалы бірін бірі көре алмай келе жатқан халықпыз? баяғыда кеңес өкіметінің солақай саясаты дедік, енді не жетпей жатыр,еңбегі болмаса Құрмет орденімен марапатталмас еді ғой Мухтар, тұйені тұгімен жұтып жатқан адамдарды көрмейтін өкімет басындағы көкелер көздеріңді ашып қарасаңыздар жақсы болар еді, Мухтар еркек деген атың бар шыдау керек, әлі ақ желтоқсан құрбандары ақталғандай сағанда ақталатын күн алыс емес, шыдау керек шыдау керек амал жоқ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті