1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (15498) 20 мамыр, бейсенбі 2010
20 мамыр 2010
ҚМЭБИ Түтенов пен Фостердi сотқа бермек

Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде Қазақстан менеджмент және экономикалық болжау институты студенттерiнiң ата-аналары баспасөз мәслихатын өткiзiп, оқу ордасындағы былық-шылықтың бетiн ашып, институт басшылығының заң бұзушылықтарын әшкерелегенiн жазған едiк  (“Лаңкестiң әкесi – декан, жыныстық зорлықшыл – ұстаз. ҚМЭБИ таңдауы осындай болса, кiмге бiлiм берiп жарытпақ?”, “ЖА”, №39, 18 мамыр). Баспасөз мәслихатында ата-аналар ҚМЭБИ халықаралық аккредитациядан өтпегенiн, институттың дипломы шетелде жарамсыз болып танылғанын мәлiмдеген-дi. ҚМЭБИ студенттерi ата-аналары атқарушы комитетiнiң төрағасы Байкарим Түтенов институттың қаржылық және кадрлық саясаты күмәндi деп, оқу ордасы басшылығына бiрқатар ауыр айып таққан болатын. Сондай-ақ баспасөз мәслихатына қатысқан ҚМЭБИ-дiң бұрын­ғы профессоры Хол Фостер де институттағы бiлiм халықаралық талапқа сай еместiгiн, оқу ордасы ҚазҰУ мен Халықаралық бизнес академиясының шаңында қалып қоятынын айтқан.

Сейсенбi күнi ҚМЭБИ сайтында осы баспасөз мәслихатына қатысты ақпарат шықты. Онда “ҚМЭБИ мұндай арам пиғылды дақпырт айыптарға түсiндiрме бермейдi” делiнген. Сондай-ақ “бүгiнгi күннен бастап өзiнiң жеке мақсаттарын көздеп, институт беделiне нұқсан кел­тiргiсi келген Байкарим Түтенов пен Хол Фостерге қарсы сот процесiн бастаймыз” дептi. Сайттағы ақпаратта ҚМЭБИ бұл екеуiн сотқа берiп, моральдық шығын талап ететiнi анық айтылған. Егер ҚМЭБИ бұл сот процесiн жеңiп шықса, моральдық шығын ретiнде өндiрiп алған ақшаны студенттерге қаржылай көмек ретiнде жұмсамақ көрiнедi.
Институттың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлiмiне хабарласып, мән-жайды бiлмек болдық. Бiрақ оқу орны түсiндiрме беруден үзiлдi-кесiлдi бас тартты. “Сайтта жарияланған ақпараттан артық түсiндiрме бермеймiз”, – деп мәлiмдедi олар.
Баспасөз мәслихатын өткiзген Байкарим Түтеновке хабарласқанымызда, ол ҚМЭБИ-дiң талап-арызын әлi көрмегенiн, онымен таныспағанын жеткiздi. “Өздерiңiз институт басшылығын сотқа бердiңiздер ме?” дегенiмiзге: “Жоқ. Өйткенi талап-арызды дайындап, құжаттарымызды құнттап жатқан жайымыз бар”, – деген жауап алдық. “ҚМЭБИ-дiң мәлiмдеуiнше, сiз жеке басыңыздың мақсатын көздеп жүрген көрiнесiз. Бұған не дейсiз?” деген сұрағымызға Б.Түтенов былай дедi: “Институт беделiне кiр келтiру мақсатын көздеген жоқпын. Екi балам да ҚМЭБИ-де оқиды. Сондықтан балаларым мен төлеп жатқан ақшаға сай жақсы бiлiм алсын деген мақсатты көздедiм. Қандай да бiр пайдакүнемдiктi де көксегенiм жоқ. Өзiм институт басшылығы үстiнен түсiретiн талап-арызда 1 теңге көлемiнде ғана моральдық шығын талап етемiн”. “Институт сiз таққан айыптарды дақпырт деп бағалапты...” – дей бергенiмiзде, Б.Түтенов: “Баспасөз мәслихатында айтыл­ған әрбiр фактiнi растайтын дәлелдерiм бар. Сондықтан менiң сөздерiм дақпырт емес. Таққан айыптарымды дақпырт деп отырған ҚМЭБИ-дiң бұл әрекетi жай ғана PR-қадам. Одан да ҚМЭБИ бұл фактiлердiң шын мәнiнде рас иә жалған екенiн ашып айтсын. Егер олар бұл фактiлердi жоққа шығарса, менiң қолымда мұны растайтын деректер бар. Ал егер ҚМЭБИ бұл жайттарды растаса, оқу орнын ретке келтiрсiн. Бiрақ ҚМЭБИ түсiндiрме бермей отыр. Қысқасы, менiңше, институт бұл фактiлердiң рас екенiн мойындағысы келмейдi”. Б.Түтенов ҚМЭБИ-ге қарсы сот процесiне тас-түйiн дайын отырғанын мәлiмдедi. “Қоғам ҚМЭБИ-дегi былық-шылықтың барлығын бiлуi тиiс. Сотқа БАҚ өкiлдерiн қатыстырып, бәрiн әшекере етемiн”, – дедi ол.
 
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті