1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (16254) 29 тамыз, сейсенбі 2017
29 тамыз 2017
«Маған жала жапқандардың жазасын құдай берсін...»

Сот марқұм Өмірбек Жампозовты кінәлі деп тапты. Ақмола облысы Целиноград прокуратурасының алдында прокурор мен тергеушіні жаралап, өзін-өзі атып өлтірген Ө.Жампозов бөтеннің мүлкін иелену бабы бойынша айыпты деп танылып, қазаға ұшырауына байланысты жазадан босатылды. Сондай-ақ бұл іс бойынша өзге айыпталушылар, Жампозовтың әріптестері Мәжит Бөрлібаевқа – жеті жарым жыл, Болат Бисебековке – екі жарым жыл, Ілияс Қазыкеевке жеті жыл түрме жазасы кесілді. Су торабын жөндеуге тапсырыс алған «ЛигаФинанс» мердігерлік компаниясының басшылары Асқар Төлеуов пен Дәулет Тайғұлов сәйкесінше бес және жеті жылға қамалды. Бұлардың барлығына да Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылған.
«ҚазСуШар» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы директоры Өмірбек Жампозов қызметте жүріп, «Нұра өзеніндегі Преображенское су торабын жөндеу жұмыстарына бөлінген 640 миллион теңгенің 120 миллионға жуығын жымқыр-
ды» деп айыпталған болатын. Сот үкімінен соң айыпталушыларды арнайы жасақ кісендеп алып кетті. Олардың туыстары жылап шығарып салып жатты. Әрине, сотталушылардың адвокаттары соттың бұл шешімімен келіспейді.
Мысалға, Тайғұловтың адвокаты Талғат Шарипов сотта құрылыс-экономикалық экспертиза қайта жасалмаған соң сот талқылауы әділ өтпеді деп санайды.
– Алғашқы құрылыс-экономикалық экспертизада көп нәрсе ескерілмегені анықталды. Оны қайта жасату туралы өтінішімізді судья қабылдамады. Онда үкім әділ деп айту қиын. Шағымданамыз, – дейді ол. Шынында, соңғы сот отырыстарының бірінде адвокаттар дау болып жатқан нысанға жасалған сараптаманы қайта тексеруді сұраған еді. Бірақ судья рұқсат бермеді.
Айтпақшы, Жампозовтың ұлы Асылжан сот үкімінен кейін әкесі қаза боларда қалдырып кеткен хатының үзіндісін оқып берді.
– Әкем «Маған жала жауып соттап жатқандардың жазасын құдай берсін» деп жазып кетті. Соңғы хатындағы соңғы сөйлемі, – деді Асылжан Жампозов.
Бұған дейін құқық қорғау органдары Ө.Жампозовтың ұлы Асылжанның үстінен «полицияға қарсы күш қолданғаны» үшін қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеген болатын. Бірақ оның адвокаты Бақыт Қайыржанова бұл айып бойынша құзырлы органдардан еш хабар келмегенін айтады.
Қалай айтса да, бұл істің жұмбағы көп болып тұр. Өз-өзіне қол салып, жарық дүниені тәрк еткен Өмірбек Жампозовтың соңғы сәтте шырылдауында да шындық жоқ дей алмаймыз. Барар жер, басар тауы қалмаған соң әлеуметтен араша сұрап, соңында адам сенгісіз қайғылы жағдайға ұрынуының астарында бір нәрсені дәлелдемек болғаны, әйтеуір, бір әділетсіздікке күйінгені анық байқалады. Әлде Жампозов жемқорлыққа белшесінен батқан қазіргі қоғамның құрбаны болды ма? Сондай-ақ судья да тіптен әділетсіз шешім шығарды деп айту қиын. Оған қысым болды ма, жоқ па, оны да дәлелдеу мүмкін емес, бірақ ол да нақты шешім қабылдауда қолындағы бір дәлелдер мен дәйектерге сүйенгені анық. Дегенмен де судьяның істі қайта тергеуге жібермей қойғаны көптің көкейіндегі күдікті қоюлата түсті. Неге бұл істі тезірек аяқтап, тезірек жаза беруге тырысты? Қайғылы жағдайдан кейін бұл даулы істі қайтадан бір сараптап көруге болар еді ғой. Былайша айтқанда, Жампозовтың шырылы, соңғы әрекеттері, өз-өзіне қол жұмсауы соттарды еш ойландырмаған да, толғандырмаған да сияқты.
Әрине, адвокаттар тағы да арызданбақ. Бірақ одан бір нәтиже шыға ма? Мұны қоғам, әлеумет болып талап етіп, бұл істің бүге-шігесіне дейін көз жүгіртіп жатпаған соң, бірнеше адвокаттың шырылдауынан соттың шешімін түбегейлі өзгеріп кетеді деп айту қиын. Яғни шын кінәлінің жазасын бір құдай берсін деп айтқан Жампозовтың соңғы сөзін қайталағаннан басқа амал жоқ боп тұр әзірге...
 

Оралхан ДӘУІТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті